8 сыныпқа арналған
«Сөз өнері» факультативінің бағдарламасы
Авторы: Каиржанова Айнур Аяпбергеновна
8- сынып бойынша беріліп отырған «Сөз өнері» курсының басты мақсаты – әртүрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып, ауызекі және жазба тілде сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық ізденіске баулу
«Сөз өнері» курсының міндеттері:
-тілдің стилдік нормасына сай нақты, дұрыс түсінігі анық, жүйелі, мәнді жаттық, сауатты сөйлеуге машықтандыру;
-сөз мағыналарының түрленуін айыра білу дағдыларын қалыптастыру;
-талдау, жинақтау, абстракциялау, нақтылау, салыстыру, ұқсастығын табу,
топтау дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін дамыту;
Басшылыққа алынатын ұстанымдар:
-бағдарламаның тұжырымды және жүйелі тұрғыда құрылуы, 8 сынып оқу бағдарламасының идеясы мен мақсатының басшылыққа алынуы;
-дамыта оқыту жүйесіне сүйену;
-тіл дамыту үрдісінің тұтастығы мен жүйелілігі;
Қойылатын талаптар:
ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
диалогты және монологты сөйлеу(ауызекі), жазба тілі дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, сөздің дұрыс, орынды айтылуын бақылап, тіл байлығын дамыту;
өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
адамгершілік және адалдық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
сөйлеу барысында сөйлемдердің логикалық және грамматикалық байланысын бұзбай, құрылысын сақтау дағдысын қалыптастыру;
Түсінік хат
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Тіл арқылы адам тіршілігінің, қоршаған ортаның, қоғамдық өмірдің сан алуан сипаты көрінетіні ақиқат.Тіл оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдылық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.
Білім берудің негізгі мақсаты – ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі жоғары дамыған дара тұлға даярлау болып табылады.
Еліміздің болашағы үшін дамыған тұлғаны қалыптастырып, қатарға қосу да баршаға ортақ міндет:
Жалпыға білім беретін мектептерде пәннің рөлін арттыру;
Оқушыларға терең білім беру, олардың қарым-қатынас жасай білу біліктілігін арттыру, қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде қолдана алу біліктілігін арттыру;
Ана тілін жетік меңгерген, білік-дағдылары жетілген тұлғаны қалыптастыру;
Оқушыларды өздігінен іздене отырып, білім алуына жағдай жасау;
Осыны негізге ала отырып, оқу үрдісінде қазақ тілінен білімдерін ғылыми тұрғыдан көтеру мақсатында 8- сынып оқу жоспарына «Сөз өнері» атты факультатив енгізілді.
Ұсынылып отырған бағдарлама оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыратын мотивтерін қалыптастыруын көздейді.
«Сөз өнері» бағдарламасындағы өзгешелік оның жүйелі мазмұнында, жүйелі сөйлеу мен таным әрекеттерін іс жүзінде қалыптастыру, дамыту мақсатына бағытталып, коммуникативтік ұстаным негізге алынған.
«Сөз өнері» сабағы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа жүктеліп, негізделген.
Мазмұны
8-сынып
Кіріспе. Сөз өнері (1 сағат)
Сөз. Сөз мағынасы(1 сағат)
Мәндес сөздер (1 сағат)
Қанатты сөздер (1 сағат)
Тіл мәдениеті (4 сағат)
Мақал –мәтелдер (1 сағат)
Сөйлеу түрлері (4 сағат)
Суреттеу (3 сағат)
Пейзаж (1 сағат)
Портрет(1 сағат)
Мінездеме(1 сағат)
Диолог пен монолог (2 сағат)
Пікірталас (1 сағат)
Мәтін (5 сағат)
Мақала(1 сағат)
Шығарма (3 сағат)
Шығарма жазу ережелері(1 сағат)
Басшылыққа алынатын негізгі мәселелер(1 сағат)
Рәсімдеуге қойылатын талаптар(1 сағат)
Эссе (4 сағат)
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жұмадилова Ш.Т. Шығарма жазудың теориялық, әдістемелік мәселелері бойынша нұсқаулық Павлодар 2011
Б.Баймұратова «Баланың тілін дамыту жолдары».
Ә. Құрымжанов «Сөз атасы».
5.Қ. Жарықбаев «Аталар сөзі-ақылдың көзі».
З. Қабдолов «Сөз өнері».
Ә. Болғанбаев «Қазақ тілі лексикологиясы»
Сөз өнері
8-сынып
Аптасына-1 сағат. Жылына-34 сағат
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Ескерту |
1 | Кіріспе. «Сөз өнері» пәнінің мазмұны | 1 | |
2 | Сөз. Сөз мағынасы | 1 | |
3 | Мәндес сөздер | 1 | |
4 | Қанатты сөздер | 1 | |
5 | Тіл мәдениеті. Ауызша сөйлеу мәдениеті | 1 | |
6 | Жазу мәдениеті | 1 | |
7 | Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті | 2 | |
8 | Оқу шеберлігі | 1 | |
9 | Сөз мәйегі – мақал-мәтел | 1 | |
10 | Сөйлеу түрлері: баяндау, хабарлау | 2 | |
11 | Ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилі | 2 | |
12 | Суреттеу: пейзаж, портрет, мінездеме | 3 | |
13 | Диалог, монолог | 2 | |
14 | Пікірталас | 1 | |
15 | Мәтін. Мәтін түрлері | 2 | |
16 | Мәтіндегі негізгі ой | 1 | |
17 | Мәтіндегі тірек сөздер | 1 | |
18 | Оқыған кітапқа, немесе әңгіменің мазмұнын айта отырып, өз пікірін айту | 1 | |
19 | Мақала | 1 | |
20 | Шығарма жазу ережелері | 1 | |
21 | Шығарма жазуда басшылыққа алынатын негізгі мәселелер | 1 | |
22 | Шығарманы рәсімдеуге қоятын талаптар | 1 | |
23 | Эссе. Эссе құрылымы | 1 | |
24 | Кіріспе | 1 | |
25 | Негізгі бөлім | 1 | |
26 | Эссеге қойылатын талаптар | 1 | |
27 | Қорытынды сабақ | 1 | |