Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру.
Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту. Көркем жазу арқылы әсемдікке баулу. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, доп, сызба суреттер, видеопроектор, слайд.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Жаттығуды оқыту.
Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата. Мысал келтір.
Етістіктің түрлерін ата.
Негізгі етістік дегеніміз не?
Туынды етістік дегеніміз не?
Болымды етістік дегеніміз не?
Болымсыз етістік дегеніміз не?
Жарайды, балалар, етістіктен басқа қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім, сан есім, сын есім)
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Біз өткен сыныптардан бастап тек сөз табымен ғана таныспыз. Олар өздерің атап өткендей зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Қалған бес сөз табымен біз сыныптардан бастап таныса бастаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың түсі. (сары)
Шелек, кесе, қазан сөздерінің жалпы атауы. (ыдыс)
Қасиетті тағам. (нан)
Апта күні. (сенбі)
Уақытты көрсететін құрал. (Сағат)
« Ұсақ » сөзіне қарама-қарсы сөз. (ірі)
Жыл мезгілі. (көктем)
-Өте жақсы, балалар! Енді қызыл жолақтағы сөзді оқиық.(Сын есім)
-Біз сын есім туралы өткен сыныптан да білеміз. Қане, сын есім дегеніміз не?
-Сұрақтарын атайық.
-Сонымен, балалар, біздер бүгінгі сабақта сын есім туралы білімімізді толықтыру мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
Дәптермен жұмыс: күннің жады, тақырыпты жазып, көркем жазу жұмысын жүргізу.
( Оқушылардан әдептілік туралы мақал-мәтелдерді сұрап, солардың біреуін жазу.)
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
« Ой қозғау » стратегиясы арқылы сызбамаен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу Жұмбақты шешіп, қарбызға сипттама беру.
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті. (Қарбыз)
-Сырты қандай?
-Түсі қандай?
- Дәмі қандай?
- Пішіні қандай?
- Мұның бәрі заттың несін білдіріп тұр?
Тақтаға сызбаны іліп, оқушыларға сызбаны толтырту.
Қандай?

Қай ? Түсі



Пішіні Сын есім Сапасы
Дәмі Көлемі
2-жаттығу. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.Тиісті тірек сөздерін қолданып сөйлем құрау.
-Күн қандай? -Күн ашық.
- Аспан қандай? - Аспан көгілдір.
- Жапырақтар қандай? - Жапырақтар жасыл.
4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімді табу.
Сергіту сәті. « Доп тастау » ойыны арқылы сын есім болатын сөздерді атау.
5-жаттығу. Шығамашылық жұмыс. Мәтінді сурет бойынша ретімен көшіріп жазу.
Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көлі бар. Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.
6-жаттығу. «Төрт жолды өлең » стратегиясы. Ребусты шешу.
Таңқурай Құлпынай Қарақат
Зат есім -1сөз 1.Жидек
Сын есім-2 сөз 2. Қара, күлгін.
Етістік – 3 сөз 3. Өседі, жеміс береді.
Сөйлем -4 сөз 4. Мен орманнан қарақат тердім.
ІV.Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы.
Заттың түсін, көлемін, сапсын, дәмін, пішінін білдіретін сөздердіне дейміз?
а) сын есім ә) зат есім б) етістік
2. Сын есімнің сұрақтарын көрсет.
а) Не істеді? Не қылды? Қайтті? ә) Қандай? Қай? б) Қанша? Неше? Нешінші?
3.Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөздер?
а) он, доп ә) жүгірді, ала б) биік, қызыл
4. Түбір сөзді тап.
а) биші ә) қазақ б) өнерпаз
5.Дұрыс жазылған сөзді тап.
а) абтобус ә) автобс б) автобус
Үйге тапсырма: 3-жаттығу. Жұмбақ құрастыру.