СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сөзтаным"-да сөздер мағынасы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Значение слово. В рубрике "Сөзтаным" опубликованы исторические слова,которые теряют смысл.... 

Просмотр содержимого документа
«"Сөзтаным"-да сөздер мағынасы»


СӨЗТАНЫМ

Сөз мағынасы

Ақ егін - дәнді дақыл - бидай, арпа, тағы басқа.

Алла - арабша «Аллаһ» - Жаратушы деген мағынада айтылады. Араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «түркілер» «Инчи Алла» деудің орнына «Бір тәңір» дейді. Хақтың (жаратушының) аты түркіше - Белигбай. Орыс тіліндегі «великий» осыдан шықса керек. «Бай ата» - жаратушы ретінде айтылады.


Жарамазан (Жарапазан емес) - Ораза (рамазан) айында белгілі бір салт- жоралғыларға арнап айтылатын ән. «Жарамазан» сөзінің түпкі мағынасы «жаррамазан» дегеннен шыққан. Екі жастың некелі тойында қуаныш-шаттыққа ортақтасып, жақсы тілек тілеп, «Жар -жар» өлеңін айтқан. Мына «жар-рамазан» да рамазан-ораза айында айтылатын құттықтау ән.

Жунт - түрік тілінде жылқы. Жұнттай-сын есім. Семіз-күйлі жылқыдай деген мағына береді

Қазан - 1) айдың аты, арабтың хәзан деген сөзінен шыққан - молаю, қор жинау, толу. «Елу жылда - ел жаңа, жүз жылда - қазан» яғни жүз жылда кемеліне келеді, толады деген мағына береді. Тянь-Шань (Аспан тау) шыршасының жемісі. Жүз жылда пісіп, зілді ауруларды емдеуге қолданылады екен.

Қарқара - әр түрлі мағына берілген, құстың аты, қыздың бас киімі, биіктау, ұлы тау, алып тау. (монғолдар биік тауды «хархираа» деп атайды. Осы аттас тау бар. Биіктігі 4037 метр. Біздің Қарқаралы тауының ең биігі - Жирен сақал әулие тауы. Биіктігі 1338 метр. Қарқаралының ені 20-25 км)

Мамыр - көктем айы. (Бұл туралы М.Әуезов былай деген: «Жаңаша май, ескіше мамыр, шаруалар тілімен сәуір, ал аңшылар тілімен айтсақ құралай айы дейді мұны. Төрт түлік, жан-жануар біткен жас төлін жаңа өргізіп жатыр емес пе бүгінде. Жөн білетін кісі төл үстінде пышақ та қайрамайды.»)

Махаббат - Алланың адамдарға тартқан үлкен сыйы. «Махаббатсыз дүние бос» (Абай). Мах - көне латын тілінде де, көне парсы тілінде де үлкен деген сөз екен. Ал аббат - құдайшыл деген мағына береді. Өткен дәуірлерде монастырларда қызмет еткен құдайшылдарды аббаттар деп атаған. Осы сөзде шындық бар сияқты.

Машайық - араб сөзі,періште, абыз, қарт кісі (алыстағы Әулиеден жақындағы машайық артық. Долыдан машайық қашыпты)

Мәймөңке - ұшы қисық жіпті іліп алатын ине (мәймөңкелеп, майдалап, жайлап түсіндірді деген осыдан шыққан)

Мият қорған («Туған ел - миятың, туған тіл - ұятың». «Шықпайсың күндіз естен, түнде түстен, көзіңнен айналайын, миятым-ай!»)

Пәруардигар - парсы тілінде құдай, тәңір.

Сабадар - үлкен тойларда қымыз жағын басқаратын бас қымызшы.

Салбурын - қыста қостап аң ағу. (Салб - араб тілінде түлкі, ұрын - жасырыну, тығылу деген сөз. Сонда түлкі жасырынады, тығылған түлкіні аулау деген мағына шығады)

Сеңсең - қозы терісі. Сеңсең тон, сеңсең берік, сеңсең тымақ

Сояу - балық сүйегінен жасалған қисық, сүйір ине.

Сүлей - суырып салма ақын-жырау (Сыр сүлейлері)

Таған - өрт кетпесін деп ошақты айналдыра үш ағаш тастаған. Осыдан «үш таған» деген сөз тіркесі туған. Ұлтты сақтайтын үш таған - тіл, дін, діл дейміз.

Тасаттық - табиғат апаттары кездерінде (өрт, құрғақшылық, су тасқыны, күн, ай тұтылу, т.б.) мал

сойып Алладан жәрдем тілеу.

Тәңір - ғұндар аспанды осылай атап, құдай деп табынған. Тәңір сөзі екі түбірден: «Таң» - күннің шығар уақыты, «ер» - ержүрек, еркек, батыр мағынада айтылған. Түркілер мұсылман (Ислам) дінін қабылдағанша тәңірге табынған.

Тұттай жалаңаш - тұт ағашының жапырағымен жібек құрты қоректенеді. Жапырағын жібек құрты жеп біткен соң ағаш жалаңаш қалады.

Тірілету - бүркітті алғаш рет кішігірім аңға салу, баулу.



Шыртылдақ - тортасын айырған сары майға жылқы майын қосқан тағам.


Шіліңгір - шілденің аптап күндері. малдың, аңның бүйрегінен пісірілген (істікке шаншып, отқа қақтап) тағам.



Ырдуан - арбаның екі доңғалақты, биік қорапты түрі.













(Жалғасы бар)


Баян Сәруарқызы

қалалық тілдерді оқыту

орталығының директоры