СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Спорт ойындары сабағында техника қауіпсіздігінің сақтау нұсқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данные правила техники безопасности разработаны специально для уроков физкультуры в казахских классах. 

Просмотр содержимого документа
«Спорт ойындары сабағында техника қауіпсіздігінің сақтау нұсқауы»

Бекітемін:

Мектеп директоры

­­­____________________________



СПОРТ ОЙЫНДАРЫ САБАҒЫНДА ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ САҚТАУ НҰСҚАУЫ

1. Сабақтың жалпылама талабы

Спорт ойындары сабағында дәрігерлік тексеруден өткен және техника қауіпсіздігі ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі

2. Жарақат алу қаупі:

- Ақау бар спорт жабдықтарында жаттығу жасау

- Сақтандырылған шараларды орындамаған кезде

- Тайғанақ жерде

- Денені қыздырмай жаттығу жасаған кезде

Жарақаттанған кезде бірінші көмек көрсету мақсатында дәрі-дәрмек қажетті тазалау , таңу заттармен жабдықталған қобдишада болуы керек.

Сабақ басталар алдында сақтандыру талаптары:

1. Валейбол, баскетбол, футбол, спорт киімдерін талапқа сай болуы керек.

2. Қолдың аяқтың тырнақтарын өскенін қадағалау.

3. Спорт алаңында бөтен заттардың болмауын, құрғақ таза болуын қарау.

4. Денені қыздыру жаттығуларын орындау арқылы сабаққа дайындау

Сабақ өту барысында техника қауіпсіздгін сақтау:

1. Спорт ойындары кезінде сақтандыру ойын ережелерінің талабы орындалуы керек:

- Қарсыласты итермеу, аяқтан шалмау

- Шынтақпен ұрмау ара қашықтықты ережеге сай ұстау

- Ойын ережесін толық орындау

Өмітге қауіп төнген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау

1. Өзін нашар сезінген кезде мұғалімге хабарлап жаттығуды тоқтату керек

2. Оқушылар сабақ барысында жарақаттанса алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп мектеп әкімшілігіне, ата-анасына хабарлап жақын арадағы дәрігерлік мекемеге жеткізілуі тиіс.

Бекітемін:

Мектеп директоры

___________________________



ГИМНАСТИКА САБАҒЫНДА ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУДЫҢ НҰСҚАУЫ

1. Гимнастика сабағына, дәрігерлік тексеруден өткен және техника қауіпсіздігі ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі.

2. Жарақат алу қаупі:

- ақауы бар спорт жабдықтарында жаттығу жасау, әрі сақтандыру шараларын орындамаған кезде

- жаттығуды гимнатикалық жұмсақ төшенізсіз орындаған кезде

- тазартылмаған спорт жабдықтарында жаттығу жасау және дымқыл алақанымен жаттығу орындау кезінде

3. Жарақаттанған сәтте бірінші көмек көрсету мақсатында дәрі – дәрмек қажетті тазалау таңу заттарыме жабдықталған қобдиша және өрт сөндіру құралдары болуы шарт

Сабақ басталар алдындағы сақтандыру талаптары:

1. Спорт киімімен және табаны таймайтын жеңіл аяқ киімімен тұру

2. Кермені тебу таза шүперекпен сүртіп тазалау

3. Керменің орналастыру тетіктерін тексеріп гимнастикалық ағаш аттың және арстың тіреніш тетіктерін қадағалау

4. Гимнатика жабдықтарын жанына жұмсақ төсеніштерді орналастыру және оның үстінгі бетінің тегістігін қадағалау

Сабақ өту барысында техника қаіпсіздігін сақтау:

1. Спорт жабдықтарында жаттығуды мұғалімсіз болмаса көмекшісіз орындауға болмайды, әрі сақтандыру ережелерінің талабы орындалуы қажет.

2. Жаттығу аяқталып спорт жабдығынан секіріп түскен кезде аяқ ұшына әрі еңкейінкіреп.

3. Спорт жабдықтарында дымқыл алақанымен жаттығу орындауға болмайды

4. Оқушылар жаттығу орындалу сәтінде спорт жабдықтарының жанына жақын тұруға болмайды.

5. Оқушылар бірінен соң бірі жаттығу жасаған сәтте бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін арақашықтық өлшемін сақтау керек.

Өмірге қауіп төнген жағдайда қауіпсіздік ережесін сақтау:

  1. Сабақта қол буындары ауырса, алақада қызыл дақ пайда болса, өзін нашар сезінген кезде мұғалімге хабарлап жаттығуды доғару керек.

  2. Спорт кешенінде өрт қауіпі төнген кезде сабақты дереу тоқтатып оқушыларды залдан шығарып, тиісті орындарға хабарлап қолда бар мүмкіндікті пайдаланып өрт сөндіруге кірісу керек.

  3. Оқушылар сабақ барысында жарақаттанса оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп мектеп басшыларына, ата-аналарына хабарлап, жақын дәрігерлік мекеиеге жеткізілуі тиіс.





Сабақ аяқталғаннан кейінгі сақтандыру талаптары:



1. Спорт жабдықтарын жинап, сақталатын орнына орналастыру кажет.

2. Кермені кебу таза шүперекпен тазартып орындарына қою керек.

3. Спорт киімдерін, аяқ киімді шешу керек.

4. Мүмкіндігіне қарай жылы душ қабылдап, бетті, қолды сабындап жуу керек.



























































Бекітемін:

Мектеп директоры

___________________________



ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА САБАҒЫНДА ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУДЫҢ НҰСҚАУЫ



Сақтаудың жалпылама талабы:



1. Жеңіл атлетика, дәрігерлік тексеруден өткен және техника қауіпсіздігі ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі.

2. Жарақат алу қаупі:

- тайғанақ жерде немесе қатты төсеніш үстінде жығылып

- жаттығу кезінде, лақтыру сызығының ішінде болғанда

- денені қыздырмай жаттығу жасаған кезде

3. Жарақаттанған сәтте бірінші көмек көрсету мақсатында дәрі – дәрмек қажетті тазалау таңу заттарыме жабдықталған қобдиша болуы қажет.

Сабақ басталар алдындағы сақтандыру талаптары:

1. Спорт киімін және табаны таймайтын жеңіл аяқ киімімен тұру

2. Секіру алдындағы кұмды қопсытып (секіріп түскен жерін) оның ішіндегі бөтен заттардан тазартады

3. Кебу шүперекпен лақтыру заттарын (диск, ядро, гранат) сүртіп дайындайды

4. Денені қыздыру жаттығуларын орындау арқылы сабаққа дайындайды

Сабақ өту барысында техника қаіпсіздігін сақтау:

1. Қысқа қашытыққа жүгіру кезінде өз жолымен өту қажет. Жүгіру жолы сөреден 15 м ұзындыққа ұзартылуы тиіс

2. Жүгірушілер бір – бірімен соқтыысып қалмау үшін орта жолда тоқтауға болмайды

3. Секіру жаттығуларын ойлы-қырлы, тайғанақ жерде орындауға болмайды, секіргенде қолына, сүйеніп аяқтау қауіпті

4. Лақтыру жаттығуларын орындаған кезде, лақтыру секторында адамның жоқ екендігін қадағалау қажет

5. Мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыру жаттығуын жасауға, лақтыру заттарын иесіз қалдыруға болмайды

6. Лақтырушының оң жағында тұруға , (сол қолмен лақтырғанда сол жағында)

- лақтыру аумағында тұруға

- мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыру заттарын жинауға болмайды

7. Бір-біріне лақтыру заттарын қолмен беру қажет.



Өмірге қауіп төнген жағдайда қауіпсіздік ережесін сақтау:

1. Өзін нашар сезінген кезде мұғалімге хабарлап жаттығуды тоқтату қажет

2. Оқушылар сабақ барысында жарақаттанса оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп мектеп басшыларына, ата-анасына, жақын дәрігерлік мекемеге жеткізілуі тиіс.



Сабақ аяқталғаннан кейінгі сақтандыру талаптары:



1. Спорт жабдықтарын жинап, сақталатын орнына орналастыру кажет.

2. Спорт киімдерін, аяқ киімді шешу керек.

4. Мүмкіндігіне қарай жылы душ қабылдап, бетті, қолды сабындап жуу керек.

















































































Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері











Дене шынықтыру пәнәнің мұғалімі ___­­_________________________





















­­________________________жыл


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!