Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Спорт түрлері туралы толық мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін белсенділігін арттыру, тіл байлықтарын молайту, топтық жұмыста шапшаңдық, ізденіс танытуға ойын әдеби тілмен жеткізе білуге төсілдіру.
3.Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: АКТ,жұптық, топтық,
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Үй жұмысы: 3- тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрап, екі сөзге морфологиялық талдау жасау. « Қазақстанның белгілі спортшысы» тақырыбына реферат жазып,қорғау.
Сергіту сәтін өткізу.
Спорт түрлерінің атауы бойынша оқушыларды топқа бөлу. (Баскетбол, волейбол,шахмат).
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық
IV. «Ой қозғау» стратегиясы. Спорт сөзін естігенде ойымызға не келеді?
Оқушылар өз ойларын айтады.
V.Жаңа сабақ.
А) Балаларға ой тастау. Бүгінгі сабақтың мақсаты не?
Бұл сабақтан мен не күтемін?
Нәтиже қандай болмақ?
Б) Сөздікпен жұмыс.Слайдта мәтінде кездесетін сөздер орысша беріледі. Оқушылар қазақша баламасын тауып,сөздерден сөйлем құрайды.Әр топ бір сөзден таңдап алып, сол сөзден бірнеше сөз құрап, аударады.
Формиравать –қалыптастыру
Заниматься- айналысу
Успехи- жетістіктер
1-тапсырма. Постер қорғау. Оқушылар плакатқа спорт түрлерін жазады.Сонымен қатар өздері білетін ойынның қалай ойналатыны туралы айтып береді.
Слайдтан тірек сызба бойынша спорт түрлерін көрсету.
2-тапсырма. Берілген анықтамаларды спорт түрлерімен сәйкестендіру.
1.Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі- 1. коньки тебу
2.Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі- 2. күрес.
3.Қысқы спорт түрі- 3.Футбол.
4.Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі- 4. ауыр атлетика.
5.Штанганы жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы- 5.Шаңғы тебу.
3-тапсырма. Берілген сөйлемді оқып жатқа жаз.
Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.
Оқушылар сөйлемді екі-үш рет оқып, естерінде сақтап, дәптерлеріне жазады. Слайдтан қайтадан осы сөйлем көрсетіліп, оқушылар бір-бірлерінің қателерін табады.
1-топ. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып ережесін айтады.
2-топ.Елімізде сөзіне морфологиялық талдау жасайды.
3-топ.Спорт сөзіне фонетикалық талдау жасайды.
VI.Сабақты бекіту. Тест жұмысын жүргізу.
1.«Футбол » сөзінің қай тілден енгенін тап.
а) орыс тілінен б) ағылшын тілінен с) неміс тілінен д) француз тілінен
2.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін тап.
а) бастауыш, анықтауыш в) толықтауыш,баяндауыш
с) пысықтауыш, бастауыш д) бастауыш, баяндауыш
Берілген сөйлемді керекті сөзбен толықтыр. Тейквондомен шұғылдану адамдардың денесінің шынығуы мен ..... жақсартады.
а) ұстамдылығын в) шыдамдылығын с) ойлауын д) алғырлығын
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой. ......-ежелден келе жатқан спорттың жүгіру түрі.
а) суда жүзу б) ойлану с) жеңіл атлетика д) күресу
Ашық буынды тап.
а) сақ в) боса с) қас д) аз
6.Түбір сөзді тап.
а) жаз в) үйге с) кітапта д) алманы
7.Дұрыс жазылған сөзді тап.
а) бейінелеу в) бинелеу с) бейнилеу д) бейнелеу
8.Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап.
а) Тәрбиелейтін спорт түрі-волейбол шыдамдылыққа.
в) Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі-волейбол.
с) Спорт түрі-волейбол шыдамдылыққа тәрбиелейтін.
д) Тәрбиелейтін спорт түрі-волейбол шыдамдылыққа.
9.Сөйлем нені білдіреді?
а) бастауышты в) сөзді білдіреді с) тиянақты ойды д) баяндауышты
10.Мақалдың жалғасын тап. Түсіңе сенбе, ...
а) ісіңе сен в) күші көпке сен с) ата-анаңа сен д) күшіңе сен
VII.Үйге тапсырма: «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазу.