11.05.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Спорт үйірмесі.Қазақ күресі
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу. Ұлттық ойындарға оқушылардың сүйіспеншілігін ояту, үйрету.
Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра
отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту. Жіктік жалғауын қайталай отырып білімдерін бекіту
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата
отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: «Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің
мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін
арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: тіл дамыту
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс
Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, видео
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
2минут уақыт беріледі.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт үйірмесі. Соның ішінде қазақ күресі». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.Тапсырмаларды жақсы орындау үшін топқа бөлінуіміз қажет.Ол үшін мына сурет қиындыларын таңдаймыз да, артындағы сандар бойынша әркім өз орнымызды табамыз. Артынан сурет қиындыларын құрастырамыз, шығатын сурет - спорттық жарыстар болуы тиіс.Өз іштеріңнен топ басшысын сайлаңдар, оның міндеті өз тобындағы оқушылардың әр қайсысына әрбір тапсырмадан кейін тиісті бағасын қойып отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
5 минут уақыт беріледі.
«Менің отбасымның атаулы күндері»тақырыбы бойынша шағын әңгімелерін оқып беру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақтада қазақ күресіне байланысты бейнесюжет көрсетіледі.
3минут уақыт беріледі.
Күрес.
Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл - қозғалысын жетілдіреді. Күрестің бірнеше түрі бар.
Қазақ күресінің әдіс - тәсілдері.
а) Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату
б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.
в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.
г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату
д) Жаға, жеңнен ұстап іштен
шалып құлату әдісін қолдану
е) Жеңнен белбеуден ұстап жанға тастау әдісін қолдану
-Балалар, қазір топ болып жұмыс жасаймыз.1-тапсырма.Берілген сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.
І топқа:пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, коньки тебу
ІІ топқа: жаттығамыз, велосипед, допты тебеміз, айналысамын
ІІІ топқа: ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.
7 минут уақыт беріледі.
2- тапсырма.Тіл дамыту.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалогты мәнерлеп оқу.Қарсылас топтағы бір оқушымен оқытып,үш жақта айтқызу
5 минут уақыт беріледі.
Сәлем!
Сәлем!
Сен қайдан келесің?
Мен ..... спорт кешенінен келемін.
Онда не істедің?
Онда қазақ күресіне бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.
Үйірмеге қатысасың ба?
Мен қазақ күресі үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.
Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?
Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің, жаттығасың. Ол жаттығады.
Сен .... спорттан жарысқа қатыстың?
Мен футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.
5. Сергіту сәті.
Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.
2 минут уақыт беріледі.
3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. 6минут уақыт беріледі.
Тыңдалым. Балалар мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?
Бұл жерде қысқы олимпиада болды.
Енді Алматы қаласынан Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.
Сәлем хат!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің атым – Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым Төлеген ағай. Мен Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.
4-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.Тапсырма ауызша орындылады. 4 минут уақыт беріледі.
пайдалы Упражнение
секіреміз Полезно
жүгіреміз Прыгаем
жаттығамыз Кататься на коньках
коньки тебу Занимаюсь
айналысамын Бегаем
намысын қорғаймын Защищаю честь
5-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңдар. 5 минут уақыт беріледі.І,ІІ топ дұрыс сөйлемдерді тауып көшіріп жазады.ІІІ топ бұрыс сөйлемдерді жазады
СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС
Мен спортпен айналыспаймын
Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.
Мен жарысқа қатыспаймын
Мен шетелге жарысқа бардым.
Мен Қазақстан намысын қорғамаймын
Спорт адамға пайдалы емес
Рефлексия: 2 минут уақыт беріледі.
Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Бүгінгі сабақта қандай сөздерді меңгердіңдер?
Келесі сабақта не білгілерің келеді сол ойларыңды алдарыңда жатқан жапсырма қағаздарға жазып, тақтадағы көңіл-күйді білдіретін смайликтерге жапсырыңдар.
Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында мақалдар жазу.
Бағалау: бағалау парақшалары арқылы тиісті бағасын қою
4 минут уақыт беріледі