СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

§25 Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide)

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоғарыда айтылғандай биіктігін, қабырғасын, қырын бөліп ала аламыз. Мұнда биіктік – ол нүкте, қабырға –тік қабырғасы, ал қыры – жазықтық.Текшенің 8 биіктігі, 12 қабырғасы және алты қыры бар. Программада биіктік, қабырға және қырды бөліп алу жоспарын қалай көрсетеміз? Мысалы, қабырғаны редакторлеу режимінде тек қабырғаны ғана редакторлей аламыз. Режимді ауыстыру батырмасы 3D терезесінің төменгі жағында орналасқан.

Мысалы, биіктігін бөліп алу керек делік. Ол үшін осы режімге көшеміз және Mesh Tools панелінен Extrude құралын қосамыз. Extrude құралы сондай –ақ, пернетақтадан Е пернесі арқылы да шақыра аламыз.

Текшенің кез келген биіктігін ерекшелеп, Е батырмасын басып, тінтуірмен қозғалтамыз. Тағы бір биіктік нүктесі пайда болады. Оны тінтуірмен қозғалту арқылы орнын көрсетіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертіп, көрсетілген орынға орналастырамыз. Нәтижесінде тек биіктік нүктесі ғана емес, оны жалғап тұрған қабырға да пайда болады.

Просмотр содержимого документа
«§25 Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide)»


«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Тұрбекова

Информатика пәнінің мұғалімі: Халмуратова Қ.С.

Информатика

Күні

Сынып 10

Сабақтың тақырыбы

§25 Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide)

Мақсаты

  • Оқушылардың кестелік MSAccess процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар өмірмен салыстыруға үйрету

  • Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide) мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу

Жұмыс нәтижесі

  • Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

  • Бір-бірін оқытуы, бірін-бірі тындауы арқылы бір ұжым қалыптастыру;

  • Берілген сұрақтар арқылы ойлау қабілеттерін, жауап беру шапшаңдығын анықтау;

  • Өмірмен байланыстырып болашақтың жоспарын жасауға үйренеді

Топта бағалай алатын болады, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді үйренеді, қосымша деректермен жұмыс жасауды үйренеді, ғылыми көзқарасы қалыптасады.Пікірлерін айта алады,өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.

Сілтеме

Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова

Әдіс-тәсілдер

өзін-өзі бағалауға ықпал ету. Жаңа әдіс – тәсілдер.

Ресурстар

оқулық, мұғалімге арналған нұсқаулық, стикерлер, маркерлер.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма


Ойлауды Блум

бойынша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі.

Түрткілер.

Нәтиже

Бағалау

критерийлер

дескриптор

Ұпай

Жиынтық баға

Білу

Үй тапсырмасын сұрауда әр топқа өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен  экономиканың кезеңдері өткенін қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін тест арқылы анықтау.

Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін

1. D Blender деген не?

2. Программада қандай нысандар орналасқан?

3. Программада бірнеше нысандарды ерекшелеу қай перненің көмегімен жүргізіледі?

4. Бірнеше нысанды топтастыру немесе біріктіру қай пернелер тіркесімімен орындалады?

5. G, R, S пернелері не үшін қолданылады?


Сұрақтар қою арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.

Білім деңгейін зерделеу


Тапсырма толық жасалды

3


Тапсырма жартылай жасалды

2

Тапсырма жасалмады

1

Түсіну

Стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

Арқылы тақырыптың идеясын түсіну

Кез келген 3D модельдеу ортасы дайын шаблон нысандарымен шектеулі қамтылады. Мысалы, Blender –ден текше, шар, конус, маймылдың басы сияқты нысандар табылса да, пианино, үстел, сияқты нысандар жоқ. Яғни, бұл программада толып жатқан примитивтер ғана бар деген сөз. Сонда үйлер, қояндар т.б. нысандар қалай жасалады? Оларды mesh –нысандарды әртүрлі құралдарды пайдалана отырып өзгерту арқылы жасаймыз. Сол құралдардың бірі – Extrude (сығып шығару) құралы. Extrude құралымен mesh – нысандарды редакторлеу режімінде, нысан қырының, қабырғасының, биіктігінің көшірмесін жасап, олардың орныны ауыстыру арқылы және өлшемі (егер қыры мен қабырғасы болса) арқылы өзгерте аламыз.

Сонымен бізде текше нысаны бар. Tab пернесін басып, редакторлау режиміне көшеміз.

Жоғарыда айтылғандай биіктігін, қабырғасын, қырын бөліп ала аламыз. Мұнда биіктік – ол нүкте, қабырға –тік қабырғасы, ал қыры – жазықтық.Текшенің 8 биіктігі, 12 қабырғасы және алты қыры бар. Программада биіктік, қабырға және қырды бөліп алу жоспарын қалай көрсетеміз? Мысалы, қабырғаны редакторлеу режимінде тек қабырғаны ғана редакторлей аламыз. Режимді ауыстыру батырмасы 3D терезесінің төменгі жағында орналасқан.

Мысалы, биіктігін бөліп алу керек делік. Ол үшін осы режімге көшеміз және Mesh Tools панелінен Extrude құралын қосамыз. Extrude құралы сондай –ақ, пернетақтадан Е пернесі арқылы да шақыра аламыз.

Текшенің кез келген биіктігін ерекшелеп, Е батырмасын басып, тінтуірмен қозғалтамыз. Тағы бір биіктік нүктесі пайда болады. Оны тінтуірмен қозғалту арқылы орнын көрсетіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертіп, көрсетілген орынға орналастырамыз. Нәтижесінде тек биіктік нүктесі ғана емес, оны жалғап тұрған қабырға да пайда болады.

  • Қабырғасын бөліп шығару үшін оны қандай да бір осьпен созу керек. Нысанның бөлігін нақты бағытқа шығару үшін Е батырмасын басып, сосын X,Y,Z батырмаларының көмегімен нысанның қозғалу осін таңдаймыз. Дәл осылай қабырғаны жоғары созып, шығару үшін де Е батырмасын, сосын Z батырмасын басамыз. Сондай – ақ қозғалту кезінде нақты бір биіктікке дейін созу керек болса, Ctrl батырмасын басамыз.

  • Жаңа нысан бөлігі пайда болған соң, оның өлшемін өзгертуге және бұруға болады.

  • Енді қырларын редакторлауға келетін болсақ, онда қарама-қарсы екі қырды бірден редакторлайтын боламыз. Алдымен оларды ерекшелейміз, сосын Е батырмасын басамыз да, шыққан мәзірден: Region(Аумақ) Individual Faces(Жекелеген қырлар) бұйрықтарының бірін таңдаймыз.

Бірінші жағдайда, екі қыр да бір бағытта қозғалады, ал екінші жағдайда әрқайсысы өз осьтері бойынша қозғалады. 1. Екі қырда бір бағытта қозғалады.2. Әрқайсысы өз осьтері бойынша қозғалады.

Бөліну (Subdivide). Mesh- нысандардан күрделі нысандар жасау кезінде оларда керекті қосымша бөліктері жоқ болып келеді. Мысалы, тақтайдан Extrude құралын пайдаланып үстел жасау керек болса, онда үстелдің аяқтарын жасау үшін қырлардың жетіспейтіндігін көреміз.

Бірақ Blender – де қырларды немесе қабырғаларды бөліктерге бөлетін арнайы Subdivide құралы бар. Оны пернетақтадан W батырмасын басу арқылы шақырамыз. Нәтижесінде бір бөліктен бірнеше ұсақ бөлік жасалады. Мысалы, оқулықта 61- суретте тақтайдың төменгі жағы 64 бөлікке бөлінген нысаннан үстелдің моделін алу жеңіл болады. Extrude құралының көмегімен тақтайдың төменгі бөлігінен үстел аяқтарының бұрыш қырларын шығарамыз.


Ойын жеткізеді, түсінігі кеңейеді

Тақырыптың басты идеясын табу

Тапсырмаларды толық орындады

3


Тапсырмаларды жартылай орындады

2

Мүлдем орындай алмады

1

Қолдану

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру.

№1 тапсырма

Оқулықтағы 69 - суретке назар аударыңдар. Ол Blender программасында шаршыдан тікбұрышты параллелепипед жасап, әрі қарай қырларын бөліп шығару арқылы жасалған. Сендер де дәл осындай етіп, ұшақ моделін жасаңдар.

Практиканы тәжірибеде үйлестіре алады

Іс-тәжірибеде үйлестіре алды

Тапсырма толық жасалды

3


Тапсырма жартылай жасалды

2

Тапсырма жасалмады

1

Талдау

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау,

ой шешімін табу.

№2 тапсырма

Өз ойларыңнан бүгінгі қарастырған екі құралды пайдаланып, модель жасаңдар.


Практиканы тәжірибеде үйлестіре алады

Іс-тәжірибеде үйлестіре алды

Тапсырма толық жасалды

3


Тапсырма жартылай жасалды

2

Тапсырма жасалмады

1

Жинақтау

Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды, тапсырманы орындау барысында

№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. 

Практиканы тәжірибеде үйлестіре алады

Іс-тәжірибеде үйлестіре алды

Тапсырма толық жасалды

3


Тапсырма жартылай жасалды

2

Тапсырма жасалмады

1

Бағалау

Дүниетанымын кеңейту.

§25 Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide)

Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді.

«Өзін – өзі бағалау» арқылы

Креативті

3





































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!