Бөлім: | 8.2А бөлім. Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу |
Педагогтің аты-жөні | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Статистикалық мәліметтер. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді пайдалану; 8.2.2.1 электрондық кестелер мәселелерді шешу үшін түрлі деректер пішімдерін пайдалану; |
Сабақ мақсаты: | Электрондық кестеде қолданылатын мәліметтер форматтарын білу |
Сәттілік критерийі: | СРЗНАЧ функциясын қолданып орта бағаны есептеу СЧЕТЕСЛИ функциясын қолданып күндерді санау ЕСЛИ және ОКРУГЛ функцияларын қолданып, оқушының қай категорияға жататынын анықтау. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Мәлімет форматтарын түсіндіру, Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді түсіндіру Статистикалық функцияларды қолдануды түсіндіру (сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту) |
Құндылықтарға баулу: | Жұптық тапсырмаларды орындау барысында жылы қарымқатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады. . Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру Кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Миға шабуыл Мұғалім келесі сұрақтарды қояды: Қандай мәлімет форматтары естеріңізде? Салыстырмалы сілтемелердің абсолютті сілтемелерден қандай айырмашылықтары бар? Дұрыс жауаптар: Мәлімет форматтары: Общий, числовой, текстовой, денежный, финансовый, дата и время, дробный, процентный и т.д. Excel салыстырмалы сілтемесі – формулаларды басқа орынға көшірген кезде, формуладағы адрес жаңа орынға байланысты ауысады. Excel абсолютті сілтемесі көшірілген ұяшықтағы сілтемелердің адресі ауыспауы үшін қолданады. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер |
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 30 мин | Жаңа тақырыппен таныстыру. Мұғалім оқушыларды электрондық кестедегі статистикалық функциялармен таныстырады. Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу. Статистикалық функциялар электронды кестелерде жиі қолданады. (ҚБ) Өзіндік жұмыс Оқушылар таратпа материалдағы тапсырмаларды орындайды. Оқушылар тапсырманы жеке түрде орындайды. | Оқушылар жұмыстарымен ауысады. Тапсырманы орындау барысында кездескен қиындықтарды талдайды, пайдаланған формулалар жайында айтып береді. Дескриптор: Оқушы пайдаланған формулалары жайында сыныптасына түсіндіреді. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте Карта ҚБ парағы |
Сабақтың соңы Қорытынды Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Сабақ соңында рефлекция жүргізіледі: Мәтіндік құжатқа кестені қалай қосуға болады ? Тігінен немесе көлденең бірнеше ұяшықты қалай біріктіруге болады ? Бағанның енін қалай өзгертуге болады ? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |