Ф.219
№35 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері
2 бөлім. Объектілі-бағытты бағдарламалау кестесі
Курс тақырыбы: №2.6. Жолды-бағытты енгізу-шығару. Файлдық енгізу-шығару
Сабақтың тақырыбы: №35. Stdio кітапханасын қолданып форматталмаған жолды-бағытты енгізу-шығаруға бағдарлама құру
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәріс, сынақ-сабақ
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар |
Базалық құзыреттілік | Енгізу-шығару құралдарының жіктелуі. Енгізу-шығару құралдарын қолданып бағдарлама құру. Символдық және бағытты-енгізу шығару. Stdio кітапханасын қолдану |
Кәсіптік құзыреттілік | Stdio кітапханасын қолданып форматталмаған жолды-бағытты енгізу-шығаруға бағдарлама құру |
|
Сабақ мақсаттары | оқытушылық | Символдық және бағытты-енгізу шығару. Stdio кітапханасын қолдану |
тәрбиелік | Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу |
дамытушылық | Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу қасиеттерін дамыту |
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін | Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері К.т.: №1.2. Бағдарлама құрылымы. Тілдің операторлары |
Қамтамасыз етілетін | Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері К.т.: №2.6. Жолды-бағытты енгізу-шығару. Файлдық енгізу-шығару |
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар | |
Таратпа материалдар | Тәжірибелік жұмыстар |
Оқытудың техникалық құралдары | ДК, С++ |
Әдебиет: негізгі | И.Г.Семакин, А.П.Шестаков «Основы программирования» |
Қосымша | С.В.Симонович «Информатика. Базовый курс» |
Сабақ мазмұны
Эле-мент № | Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар, оқытудың әдістері мен тәсілдері | Қосымшалар, өзгерістер |
1. | Ұйымдастыру (2 мин) Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру Оқушылармен амандасу Оқушыларды түгендеу Сабақтың мақсатымен таныстыру | |
2. | Үй тапсырмасын сұрау (45 мин) Сынақ-сабақ тапсырмалары Билет №1 С++ тілінде кіріспе Амалдар. Меншіктеу операторы, cin, cоut енгізу шығару Мәліметтер типтерінің жіктелуі Билет №2 Тұрақтыларды хабарлау. Өрнек және типтерді түрлендіру Сызықтық алгоритмдерге қарапайым бағдарламалар құру Тарамақталуды бағдарламалау. If шартты оператор Билет №3 Көпті таңдау, switch и break операторлары While, do…while, for цикл операторлары Циклдердегі басқарушы операторлар (break, continue) Билет №4 Тармақталуды, көпті таңдауды бағдарламалау Циклдерді бағдарламалау while, for, do…while Жиымдар. Адрестер. Көрсеткіштер. Сілтемелер Билет №5 Динамикалық жиымдар Бірөлшемді және көпөлшемді жиымдарды қолданып бағдарламалар құру Бірөлшемді, көпөлшемді жиымдарды және көрсеткіштерді қолданып бағдарламалар құру Билет №6 Функциялар Стандартты кітапханалық функциялар Функцияларды қолданып бағдарламалар құру Билет №7 Параметрлері өзгермелі функцияларды қолданып бағдарламалар құру Char[] типті жиымдар тәрізді жолдар Функция параметрлері сияқты жолдар Билет №8 Жолдармен жұмыс Препроцессорды қолдану Макростарды анықтау және өңдеу Билет №9 Процедуралы-бағытты бағдарламалау, модульдік бағдарламалау Объектілі-бағытты бағдарламалау Класты сипаттау Билет №10 Объектілерді құру және қолдануға бағдарламалар құру Конструкторлар және деструкторларды қолданып бағдарламалар құру Туынды кластарға қатынауды басқару Билет №11 Дара және көп мұрагерлік класты құру Функцияны қайта қосу Полиморфизмді қолданып бағдарламалар құру. Функцияны қайта қосу | |
3. | Жаңа сабақ (20 мин) 2 бөлім. Объектілі-бағытты бағдарламалау кестесі Курс тақырыбы: №2.6. Жолды-бағытты енгізу-шығару. Файлдық енгізу-шығару Сабақтың тақырыбы: №35. Stdio кітапханасын қолданып форматталмаған жолды-бағытты енгізу-шығаруға бағдарлама құру 1. С++ тілінде форматтап енгізу және шығару 2. Клавиатурадан форматты түрде енгізу. | |
4. | Жаңа сабақты бекіту (13 мин) Енгізу операторларына нелер жатады? Шығару операторларын атаңыз Басқару жолы неше компоненттен тұрады? Мәліметті формат бойынша қалай шығаруға болады? Тәжірибелік жұмыс 12-ге көбейту таблицасына программа құр | |
5 | Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин) | |
6 | Үйге тапсырма беру (4 мин) 2.1- 2.3 курс тақырыптарын қайталау | |
Оқытушы __________ Г.К.Мукушова
Дәріс №35
Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері
2 бөлім. Объектілі-бағытты бағдарламалау кестесі
Курс тақырыбы: №2.6. Жолды-бағытты енгізу-шығару. Файлдық енгізу-шығару
Сабақтың тақырыбы: №35. Stdio кітапханасын қолданып форматталмаған жолды-бағытты енгізу-шығаруға бағдарлама құру
1. С++ тілінде форматтап енгізу және шығару
2. Клавиатурадан форматты түрде енгізу.
С++ тілінде форматтап енгізу және шығару
Экранға мәліметтерді форматтап шығару. printf() функциясын шақыру операторы келесі құрылымға ие:
printf(формат түріндегі жол, аргументтер_тізімі);
Форматты жол екі тырнақшамен шектелген (яғни, тексттік константа болып табылады) және өзінің құрамына кез-келген текстті, басқару символдарын және формат спецификаторларын қамти алады. Аргументтер тізімі келтірілмеуі мүмкін немесе мәндері экранға шығарылатын өрнектерден тұра алады. Мысалы, printf("\na="); операторы("a=")текстін және (\n) басқару символын қамтиды. Текст жазылған түрінде экранға шығарылады. Басқарушы символдар шығарылатын белгілердің экранда орналасуына әсер етеді. Басқарушы символдардың белгісі ретінде \ беріледі. Төменде олардың тізімі келтірілген:
\n – жаңа жолға көшіру;
\t – горизонталды табуляция;
\r – курсорды жаңа жолдың басына қайтару;
\a – қоңырау дыбысы;
\b – бір сивол кері қайтару (бір позиция);
\f – жаңа параққа көшу;
\v - вертикалды табуляция.
printf("\nүшбұрыш ауданы=%f",s); операторын қарастырайық. Аргументтер тізімі бір s айнымалысынан тұрады. Оның мәні экранға шығарылады. %f символдар жұбы шығарылатын s айнымалысының мән форматының спецификациясы болып табылады. % - формат белгісі, ал f әрпі шығарылатын санның нақты типті екенін көрсетеді.
Формат спецификаторы шығарылатын өлшембірліктің сырт көрінісінің түрін анықтайды. Кейбір формат спецификаторларын келтірейік:
%c – символ;
%s – жол;
%d – бүтін ондық сан (типі int);
%u – белгісі жоқ бүтін ондық сан (типі unsigned);
%f – бекітілген нүкте түріндегі нақты сандар;
%e – қалқымалы нүкте түріндегі нақты сандар (мантиссамен, ретпен берілген)
Мысалы, келесі операторлардың орындалуынан кейін
float m, p;
int k;
m=84.3; k=-12; p=32.15;
printf("\nm=%f\tk=%d\tp=%e", m, k, p);
экранға мына жол шығады:
m=84.299999 k=-12 p=3.21500e+01
Формат спецификаторына сандық параметрлер қосыла алады: жолдың ені мен дәлдігі. Ені - өлшемге экранда берілетін позициялар саны, ал дәлдік – бөлшек бөлігіне берілетін позициялар саны (нүктеден кейін). Параметрлер % пен формат символының арасында жазылады және бір бірінен нүкте арқылы ажыратылады. М
Мысалы,
printf("\nm=%5,2 ", m); нәтижесінде экранға m=84.30 шығады.
Көрсетілген жолдың еніне шығарылатын мән симай қалған жағдайда да, өлшем толық шығарылады.
Формат спецификаторларына келесі түрдегі модификаторлар да қосылуы мүмкін:
%ld – long int шығару;
%hu – short unsigned шығару;
%lf – long double шығару.
Клавиатурадан форматты түрде енгізу.
scanf()функциясын шақыру операторы келесі құрылымға ие:
scanf(формат түріндегі жол, аргументтер_тізімі);
Бұл функция клавиатурадан енгізілген символдардың оқылуын қамтамасыз етеді. scanf()функциясында формат жолы мен аргументтер тізімі міндетті түрде болуы қажет. Келесі операторды қарастырайық:
scanf("%f",&a)
Мұндағы "%f" - формат жолы, &a – енізілетін мәндерге сәйкес аргументтер тізімі. Бұл оператор a айнымалысына сандық мәннің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Клавиатурадан енгізілетін және scanf()функциясыменен қабылданатын символдық тізбекті кіріс ағымы деп атайды. Аргументтер тізімі – енгізілетін айнымалылар және әр айнымалының алдына & белгісі қойылады.
Формат жолы тырнақшаға алынады және спецификациялар тізімінен тұрады. Әр спецификация % белгісінен басталады, одан кейін *жолдың_ені, модификатор, спецификатор тұруы мүмкін. Соның ішінде спецификатор міндетті элемент болып табылады. *белгісі кіріс ағымында белгілі бір символдар санын жіберуге мүмкіндік береді.
Мысал: 12-ге көбейту таблицасына программа құр.
#include
#include
main( )
{ int a,i,s;
a=12;
for(i=1;i
printf(“\n12*%d=%d”,i,s);}
return ‘0’;
2.Мысал: Жаттықтырушының басында спотшы 1-ші күні10 км жүгірді. Күн сайын ол күндегі нормасын 10% көбейтті. Спортшы 7 күнде жалпы қанша жол жүгірді?
}
1 күн-10 км #include
2 күн-11 км #include
3 күн-12 км main( )
4 күн-13 км {int x,i,S;
5 күн-14 км x=10, S=0;
6 күн-15 км for(I=1;I
7 күн-16 км {S=S+x;
S=10+11+12+13+14+15+16=91 x=x+0.1*x;
printf(“x=%d\n”,x);}
printf(“S=%d\n”,S);
return ‘0’;
}
3. Қолданушы пернетақтадан енгізетін диапазондағы барлық тақ сандардың қосындысын табу.
#include
using namespace std;
int main()
{
setlocale(LC_ALL, "rus");
int start = 0; // начало д-на
int finish = 0; // конец д-на
int sumUneven = 0;
cout
cin start;
cout
cin finish;
int i = start; // управляющая переменная
while (i
{
if (i % 2 != 0)
{
cout
sumUneven += i; // накапливать их сумму
}
i++;
}
cout
cout
return 0;
}
4. ^ символынан тұратын тең қабырғалы үшбұрыш салу. Үшбұрыштың биіктігін қолданушы өзі таңдайды.
#include
using namespace std;
int main()
{
setlocale(LC_ALL, "rus");
int height = 0; // высота треугольника
cout
cin height;
for (int i = 0; i
{
for (int j = 1; j
{
cout
}
for (int j = height - 2 * i; j
{
cout
}
cout
}
return 0;
}
Оқытушы __________ Г.К.Мукушова