СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарий векторина

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сценарий векторина»

БҚО ӘББ «Жоғары аграрлық техникалық колледжі» МКҚК



Бекітемін

Оқу-әдістемелік бірлестігі жұмысы

бойынша директордың орынбасары

_________Кайырлиева А.М.

«___»____________ 2021ж.




Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

орайластырған ЭП ПЦК ұымдастыруымен

«Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты колледж оқытушылары арасындағы

интеллектуалды викторина















Орал-2021жыл.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты колледж оқытушылары арасындағы интеллектуалды викторина

Мақсаты: Оқытушылардың белсенділіктерін арттыра отырып, көшбасшылық қабілетін танытуға мүмкіндік тудыру. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлау.


Қолданылатын құраладар: АРМ, презентация


Сайыстың барысы:

І. Кіріспе бөлімі: Ұйымдастыру кезеңі

А) Сайысқа қатысушылардың дайындығын тексеру

Б) Қазылар алқасын сайлау


ІІ. Негізгі бөлім: Сайыстың шарттары

1-кезең. Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблема)
2- кезең.
Сұрақ-жауап

3- кезең. Мақал-мәтелді жалғастыру

4- кезең. Спорттық ойындар

5- кезең Тарихи тұлға

6- кезең Өнер көрсету


ІІІ. Қорытынды бөлім:

Қазылар алқасының қорытындысы.

Сайысқа қатысушыларды марапаттау



1-жүргізуші: Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі шарамызды елбасымыздың мына бір сөзімен бастағанды жөн көріп отырмыз: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан». Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік – ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі.
1-жүргізуші: Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мұраты да кешегі өткен бабалардың ұлы идеясымен мазмұндас, мағыналас болып отыр. Адам баласы өзінің өткенін , тарихын білу арқылы ғана мәңгілікке жол тартады.
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.

Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты ойынымыз да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екеніне сенімдіміз. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 4 топ қатысады.

Олар:
1.ҚТбөлімі
2. ТЖ бөлімі

3.СТ бөлімі

4.МГ бөлімі

2-жүргізуші: Және бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

1-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1-кезең. Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблема)
2- кезең.
Сұрақ-жауап

3- кезең. Мақал-мәтелді жалғастыру

4- кезең. Спорттық ойындар

5- кезең Тарихи тұлға

6- кезең Өнер көрсету



1-кезең. «Таныстыру»

Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

2-жүргізуші: 2 кезең «Викториналық сұрақтар»

Тұлғалар 20 – Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы.  1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашқан тарихи тұлға кім?  (Ш. Уалиханов)

Тұлғалар 30 – Одақтық Ғылым академиясының Қазақ филиалының төрағасы, кейін Қазақстан Ғылым Академиасының тұңғыш президенті болған академик, тұңғыш геолог? (Қаныш Сәтбаев)

Тұлғалар 40 – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ақталуына төрағалық еткен ақын, қоғам қайраткері? (Мұхтар Шаханов)

Ескерткіштер 20 — Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі қай жерде орналасқан? (Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған) 
Ескерткіштер 30– 
Алтын киімді адамды қай жылы, қай жерден , кім тапты?(1969-1970  жылдары, Алматы қаласы, Есік қорғанынан, Кемал Ақышев)
Ескерткіштер 40 – Мына ескерткіш қашан, қай жерде, қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған және де бұл ескерткіш қалай аталады? (2006 жылы18 қыркүйек күні, Алматыдағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші)
Ұйымдар 20 — Қазақстан қашан БҰҰ-на мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда)

Ұйымдар 30 – ТМД қашан, қай жерде құрылды? (1991 жылы21 желтоқсанда, Алматыда)

Ұйымдар 40 – ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанда қашан өтті? (2010 жылы 1-2 желтоқсанда)

Аралас 20 - Мемлекеттік тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

Аралас 30 - «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ энергиясы)

Аралас 40 - Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)


1-жүргізуші: 3-кезең. Мақал-мәтелді жалғастыру

1. Отан- … (отбасыдан басталады).

2. Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)

3. Ердің көркі-ерімен… (Отан көркі-жерімен)

4. Батыр туса-ел ырысы, …    (Жаңбыр жауса-жер ырысы)

5. Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер,…(Ер басына күн туса Етігімен су кешер)

6. Отан үшін отқа түс-күймейсің,…     (Арың үшін алыссаң-өлмейсің)

7. Пәлен жерде пайда бар…             (Өз жеріңдей қайда бар)

8. Туған жердің жері де көрікті …          (елі де сүйікті)

9. Жүк ауырын нар көтерер…       ( Ел ауырын ер көтерер)

10. Еліңді сүйсең- …    (ерлік істейсің)

11. Жақсы болсаң-…          (жақын көп)

12. Отансыз адам-…      (ормансыз бұлбұл)

13. Елінен безген-ер оңбас,…         (көлінен безген қаз оңбас)

14. Жақсының аты өлмейді,…(ғалымның хаты өлмейді)

15. Ер жігіт ел үшін туады,…      (ел үшін өледі)

16. Іргесі берік елді жау ала алмас…   (Аузы бір елді дау ала алмас)


2-жүргізуші: 4- кезең. Спорттық ойындар

1-жүргізуші: 5- кезең Тарихи тұлғалар

Тақтадан тарихи тұлғалардың портреті беріледі, сол тарихи тұлғаларға сипаттама беру.

2-жүргізуші: 6- кезең Өнер көрсету

Қатысушыларымыз тәуелсіздікке байланысты өз өнерлерін көрсетсе. (ән, өлең жолдары, сурет салу және т.б.)

1-жүргізуші: Осымен сайысымыздың кезеңдері аяқталды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқаудан озып шыққан топты мақтау қағазымен марапаттап, табыс етеді.

2-жүргізуші:

Қорытынды сөз: Құрметті қонағымыз, ұстаздар, оқушылар бүгінгі интеллектуалдық сайыс сабағына катысып ат салысқандарыңызға үлкен рахмет. Сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқтағымыз келіп отыр. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын арқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!