СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарий на праздник

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз! Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.  

«Тоты» және «Қыран» тобының балалары әртүрлі қимылмен ортаған шығады.

Тәрбиеші: 1 жүргізуші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен, Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем Жарығымен, шуағымен Күн - Ана Алып келдің жер бетіне нұр көктем!   

2 жүргізуші:   Осыншама жақсылық, Алып келдің Наурызым! Төрлет бізге нұр болып, Шуақ шашып нұр жүзің! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ортаға екі топ балалары «Көрісу» салт дәстүрі арқылы бір бірімен амандасып көріседі. Екі топ балалары ауылға кеп отырады. Әже немересімен ортаған шығып, ағаш отырғызу салт дәстүрін көрсетеді.

 1 жүргізуші: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. 2 жүргізуші: Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық. Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ән: «Көктем» («Қыран» тобының орындауында) Ән: «Наурыз әні»  («Тоты» тобының орындауында) Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз. Тақпақтар:

Әділет: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам, Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

Рауза: Жақындатып өткенге, кеткенге енді, Көктем келді балбырап, көктем келді. Суық сорған жаныма шуақ құйған, Осы еді ғой күткенім көптен бері.

 

                  Медет: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,                   Қастерледік, қадіріңді білдік те.                   Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр                   Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!                        

                 Төремұрат:  Арда өсіп, адал емген ақ уызың,                   Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.                   Көк бөрілі байрағын желбіретіп,                   Көк түріктер тойлаған Наурызым!                   Әже балаларға наурыз көже ұсынады.  

Адина: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз? Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы. Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі. Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік. Ернұр: Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, тағы бар Ішілетін, жейтінің Бұл көжеде бәрі бар. Даниэль: Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз Тәтті болып жасаған Көжеден дәм татамыз Ұлан: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырсын  

Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті әнге береміз. Ән: «Әжелер» («Тоты» тобының орындауында)

 

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар. Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.  

Күй: («Қыран» тобының тәрбиеленушісі)   Құрманғазы Әділет Оркестр: «Тоты» және «Қыран» тобының балалары.

 

 

 

Тақпақтар: Ерзат: Домбырасыз сән қайда Домбырасыз ән қайда Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбайма К.Алижан: Құрманғазы Тәттімбет Домбырамен сайраған Жүрекке от жақсын деп Елге күйін арнаған

Би: «Қыран» тобы Би: «Тоты» тобы  

Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған. Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық: Айтыс: Халықтық мейрам тойында Кім айтысар менімен Айтыс айтыс болады Айтысқанда теңіңмен  

Асанали: Айтыс айтыс болады, Шықса ақын теңімен Шешен болсаң көрейін Айтысып көр менімен Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол Қос аладың ба мән беріп Қанша болды санап көр  

Асанали: Бірге төрт бес болады, Оны бәрі білетін Сен дейсіңбе саусағын Санай алмай жүретін  

Хормен: Наурыз тойы салтымыз Аман болсын халқымыз Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын Наурыз құтты болсын!  

 

 

Ертегі сахналау: «Жыртық шапан». Бай мен Алдар Көсе Ойын: «Білектесу » Ойын: «Домбыра»

Ән: «Жүгіріп шықтық белеске....» («Қыран» тобының жеке орындауында)

Би: «Тоты» тобы Би: «Қыран» тобы

Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр. Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Тәрбиеші: Қош келдіңіз Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Ұлы кісіден бата алсаң Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.  

Қыдыр ата бата береді. Тәрбиеші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Ал келіңдер қонақтар Досқа құшақ ашайық Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп Тойға шашу шашайық! Әжелер шашу шашады.  

Тәрбиеші: Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім, Тербетсін шаттық әні қазақ жерін Той бастаған қадамын құтты болсын, Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын  

Қош болыңыз, Наурызым ардақты Халқым саған бар үмітін жалғапты! Жылда осылай келе берсін жарасып! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз береке – бірлік әкелсін! Сау болыңыздар!

Ән: «Наурыз-Көктем»

Флешмоб

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Сценарий на праздник»

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты:
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.


«Тоты» және «Қыран» тобының балалары әртүрлі қимылмен ортаған шығады.

Тәрбиеші:
1 жүргізуші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

2 жүргізуші:
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ортаға екі топ балалары «Көрісу» салт дәстүрі арқылы бір бірімен амандасып көріседі. Екі топ балалары ауылға кеп отырады.
Әже немересімен ортаған шығып, ағаш отырғызу салт дәстүрін көрсетеді.

1 жүргізуші: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар.
Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
2 жүргізуші: Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ән: «Көктем» («Қыран» тобының орындауында)
Ән: «Наурыз әні» («Тоты» тобының орындауында)

Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар:

Әділет: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.
Қайта оралған намысымдай Наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

Рауза: Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді балбырап, көктем келді.
Суық сорған жаныма шуақ құйған,
Осы еді ғой күткенім көптен бері.



Медет: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

Төремұрат: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Әже балаларға наурыз көже ұсынады.


Адина: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

Ернұр: Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Даниэль: Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз

Ұлан: Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын


Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті әнге береміз.
Ән: «Әжелер» («Тоты» тобының орындауында)



Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.


Күй: («Қыран» тобының тәрбиеленушісі) Құрманғазы Әділет
Оркестр: «Тоты» және «Қыран» тобының балалары.







Тақпақтар:
Ерзат: Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма

К.Алижан: Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған

Би: «Қыран» тобы
Би: «Тоты» тобы


Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:

Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен


Асанали:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен

Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр


Асанали:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін


Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!







Ертегі сахналау: «Жыртық шапан». Бай мен Алдар Көсе
Ойын:
«Білектесу »
Ойын: «Домбыра»

Ән: «Жүгіріп шықтық белеске....» («Қыран» тобының жеке орындауында)

Би: «Тоты» тобы
Би: «Қыран» тобы

Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.


Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.


Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын


Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

Ән: «Наурыз-Көктем»

Флешмоб













№7 «Аққу» балабақшасы



Келісемін Бекітемін
№ 7 «Аққу» балабақшасының № 7 «Аққу» балабақшының

Әдіскері Меңгерушісі

________М.Т. Смағұлова ________ А. Д. Джуматаева

« ».......... 2016 жыл « ».......... 2016 жыл











«Қош келдің, Әз Наурыз» ертеңгілігі

№ 11 «Тоты» мектепке даярлық тобы
№10 «Қыран» мектепке даярлық тобы







Тәрбиеші: Алшинбаева К.С

Молдабаева А.У

















Астана 2016 жыл