Жаңа жылдық ертеңгілік
«Сиқырлы аяқ киім».
Балалар көңілді әуенмен залға билеп кіреді д жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар, сәлеметсіздер ме балалар!
Міне жаңа жыл келді
Далама, қалама, жеріме
Шаттық бөлеп әр үйге
Шыға ғой менің төріме! –деп
Құрметті қонақтар мен балалар сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Тақпақтар
Жасыл желек жамылған Тілеймін мен бар әлемге
Асыл моншақ тағынған Дос көп болсын жанашыр
Міне сұлу шыршамыз Ата әже, ата әже
Көптен күтіп сағынған Құтты болсын жаңа жыл.
Жаңа жылым мол болсын Би билейік ән салып
Басқан қадам оң болсын Жаңа жылды қарсы алып
Төрле төрле жаңа жыл Ескі жылмен қоштасып
Бізге құтты жыл болсын. Жаңа жылмен достасып.
Ән: Жаңа бақыт, жаңа жыл
Жүргізуші: Балалар шырша шамын жағамыз ба? -Ия
Тауда туып тауда өскен
Шырша келді ортаға
Балалар: Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (Шырша шамын жағады)
Балалар орындарына жайғасады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар әнімізді шырқап, шыршамыздың шамын жақтық. Жаңа жылда шырша жанында түрлі қызықтар болады, әрі қарай не боларын көрейік.
Жүргіз шырша жанында Ақшақардың жылап отырғанын көреді.
Ой бұл Ақшақар ғой, неге жылап отыр екен?
Ақшақар саған не болды?
Ақшақар: Мені Аяз ата жіберді, хатты жеткізіп бер деді.
Бірақ жолда адасып, аяқ киімім жоғалды.
Жүргізуші: Қап, қиын болған екен, бірақ сен жылама біздің балалар Аяз ата екеуіңді күтіп отыр, Ақшақарға көмектесеміз ғой балалар? -Ия
Балалар: Салеметсің бе, Ақшақар!
Ақшақар: Аяқ киімімді табайын
Қоян, Түлкі, Аю бар
Жазық даланы қарайын.
Жүргізуші: Мүмкін орманда жоғалтқан боларсың, жүріңдер балалар орманға барып Ақшақардың аяқ киімін іздейік.
Әуенмен залды бір айналып келеді. Үйшікті көреді.
Жүргізуші: Балалар мына үйшікті қараңдар, кім болды екен бұл үйшікте, казір сұрап көрейік.
Үйшікті қағады ішінен Аю шығады.
Аю: Кім аяқты топылдатты
Кім бұл жерде қол соқты
Кім бұл жерде шулаған
Мені ұйқыдан оятқан?
Жүргізуші: Біз мұнда шуладық
Бірақ кешірші ояттық!
Аю сен бізге көмектес, Ақшақар орманда аяқ киімін жоғалтқан екен көрмедің бе?
Аю: Әрине жоқ, Қоян, Түлкі, Қасқырлар қайдасыңдар келіңдер!
Әуенмен Қояндар кіреді. Қоянды тоқтатады.
Аю: Тоқта Қоян, сен бізге көмектес, Ақшақардың аяқ киімін көрмедің бе орманнан?
Қоян: Жоқ көрмедім, біз бақшаға мерекеге барамын, жол көрсетіп жіберіңдерші.
Жүргізуші: Міне біз сол бала бақшаданбыз, кел бізге қосыл.
Әуенмен Қасқыр кіреді.
Аю: Тоқта Қасқыр қайда бара жатырсың?
Қасқыр: Әрине жаңа жыл кешіне (Аюға қарап) Аю неге шақырдың?
Аю: Ақшақар аяқ киімін осы орманда жоғалтқан екен, көрмедің бе?
Қасқыр: Жоқ көрмедім
Жаңа жылға сәнденіп алған Түлкі кіреді.
Аю: Тоқта Түлкі, қайда бара жатырсың?
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар, бұл жерде не болып жатыр жаңа жылға дайындық па, Аю жан неге шақырдың?
Аю: Жаңа жыл болса келіп қалды Ақшақар аяқ киімін жоғалтқан екен орманда, көрмедің бе?
Түлкі: Жоқ әрине көрмедім, бірақ маған қолыма жылтырақ сақина жетіспей тұрып еді, жылтырауық сақина берсеңдер аяқ киіміңді іздеуге дайынмын.
Жүргізуші: Ай қу Түлкі-ай алдауға дайын тұрасың ау!
Түлкі: Аппақ күміс, жасыл орман
Елімізге қыс келді
Ақшақармен бірігіп
Би билейік ойнайық.
Би
Жүргізуші: Балалар тыңдаңдар, сықырлаған қардың даусы естіледі, Аяз атамыз келе жатқан сияқты балабақшамызға барып Аяз атамызды қарсы айлайық.
Залды бір айналып келіп, жарты шеңберге тұрады.
Ән «Зимушка зима»
Әннен кейін орындарына барып отырады.
Сырттан сәнденіп, Ақшақардың сыңар туфлиін киген Жалмауыз кемпір кіреді. Қолында ұстаған қабы бар
Жалмауыз: Сәлеметсіңдер ме балалар, не болды, мені күтпедіңдер ме, неге көңілсіз отырсыңдар?
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Жүргіз: Оойбай (таңқалалып) Ақшақармын дейсің бе? Ақшақарымыз осында, Ақшақардың аяқ киімін көрмедің бе?
Жалмауыз: Әрине жоқ!
Ақшақар аяқ киімін танып қояды.
Жүргізуші: Қайдан таптың Ақшақар?
Жалмауыз кемпірдің аяғын көрсетеді.
Біз Ақшақардың аяқ киімін іздеп, орманға барып келдік, ал сен болсан аяқ киімді киіп алып, Ақшақармын деп бізді алдайсың.
Жалмауыз аяқ киімін кішкене тыққандай болып тұрады.
Жүргізуші: Сен өзіңді Ақшақармын дейсің бе?
Жалмауыз: Тікенектей жабысып қоймадың ғой! Мен Аяз атаның немересімін!
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы, бұл кім?
Балалар: Жалмауыз кемпір!
Жалмауыз: Ия, ия айта беріңдер! Казір Аяз ата келеді, сонда көресіңдер! Сенбесеңдер қараңдар, Аяз атаның беріп жіберген сыйлығы бар!
Қапты ашпайды, бірақ көрсетеді.
-Міне көрдіңдер ме?
Жүргізуші: Қой Жалмауыз, сен Ақшақарға мүлде ұқсамайсың!
Жалмауыз: Меен, мына мен ба? Олай болса сендердің кім екендеріңді мен тексеріп көрейін, кане! Білімдеріңді де тексерейін.
Мен бастаймын, ал сендер аяқтаңдар ойынды.
Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр..... Жаңа жыл!
Қызыл мұрын ақ мұртты, Білсең атын тез ата, Келе жатыр...Аяз ата!
Шырша бүгін кәделі, Сендер әрі.....Әдемі!
Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын күлкі таралсын, Құтты болсын...Жаңа жыл!
Жалмауыз: Ее, мыналар мен ойлағаннан білімді екен! Тұра тұрыңдар, мен кәзір жұмбақ жасырам.
Бір ақсақал жылына, бірақ рет келеді
Көп қызы мен ұлына, Сыйлық әкеп береді. /Аяз ата/
Қыста жерді жауып кетті, Ал көктемде ағып кетті. /Қар/
Жасыл ине киімім, жайлаймын тау биігін
Жаңа жылды тойласаң, төріңдемін үйіңнің. /Шырша/
Терезеге қонады, Әсем ою салады. /Қырау/
Айналып жүріп шыршаны, барлық адам ән салды
Барлығы да шаттанып, қай мезгілді қарсы алды? /Қыс/
Жалмауыз: Дұрыс, дұрыс, керемет, не дейін енді.
Жүргізуші: Жалмауыз, сен жеңілгеніңді мойындап, Ақшақардың аяқ киімін бергенің дұрыс болар, жаңа жылымызды жалғастырып, Аяз атамызды қарсы алайық. Жақсы берсем берейін аяқ киіміңді бірақ Ақшақар менің көңілімді көтеруді ұмытпаңдар.
Аяқ киімін береді.
Жүргізуші: Жаңа жылда таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел одан да халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын. «Мы повесим шарики»
Жалмауыз: Ой-ой шаршадым, рахмет балалар, мен қайтайын ормандағы үйшігімді жылытайын.
Жалмауыз кемпін қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Жаңа жылымыз басталып кетті, ал Аяз атамыз қайда?
Балалар мүмкін Аяз атамызды шақырсақ па екен. Кане шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата!
Әуен ойналып сырттан Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым амансыңдар ма қыздарым!
Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем. Ақшақарым қайдасың, қалай жеттің, қалайсың?
Ақшақар Аяз атаның жанына барады.
Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата, келіңіз төрге шығыңыз!
Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақарлар келіңдер
Ажарланып билеңдер
Қыздар биі «Ақшақарлар»
Жүргізуші: Аяз ата, кел ортаға, балаларым тұрыңдар Аяз атаға ән шырқаңдар.
Хоровод «Ақ таяғын таянып»
Аяз ата: Рахмет балалар, ал енді менің сендермен көңілді ойыным бар, ұлпақарды алыңдар бір біріңе беріңдер.
Ойын «Передай снежок»
Ақшақар: Кане балалар келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер!
Аппақ тонға оранып Аяз ата ақ сақалды
Базарлықты мол алып Ақ таяқты паң ата
Келді алыс сапардан Асып өтіп асқар тауды
Аяз ата оралып Жеттің бізге таң ата.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып Аспан жерге төгеді
Жолын қойдық жарық қып Ақ күмісін уыстап
Шыршаларға шам іліп. Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Өлеңде әзір, ән де әзір, Ойында әзір, бәрі әзір. Кел жаңа жыл біздерге, Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Жүргізуші: Аяз ата мүмкін ата аналарды ойнатып көрсек пе екен, мерекелік көңіл күйін көтерейік.
Ойын «Кім жылдам» (ата аналармен)
Ән «Ертегілер»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, тақпақ айтып, ән салып, би билеп бердіңдер, енді сыйлық алатын кез келді. Кел Ақшақар көмектес балалардың сыйлығын тарту етейік.
Қаптың аузын ашады, ішінен Ит шығады.
Аяз ата: Ойбай бұл не? Мм енді түсіндім, балаларым келе жатқан Ит жылымыз құтты болсын!
Ит залды бір айналып шығады.
Аяз ата: Ақшақар қызым менің қабым қайда енді?
Ит шыршаның артынан сүйреп алып шығады. Балаларға сыйлықтарын береді.
Аяз ата: Ал енді балалар біз жолға шығайық, бізді күтіп отырған қаншама балақайлар бар, солардың өнерін тамашалап сыйлықтарын беруім керек. Сау болыңдар балалар!
Ақшақармен шығып кетеді.
Жүргізуші: Осымен Жаңа жылдық мерекеміз аяқталды, жаңа жыл отбастарыңызға жаңа бақыт әкелсін, жаңа жылымыз тағы құтты болсын. Қош сау болыңыздар!