СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарии "Жаңа жылдық корпаративке арналған"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұжымдарға  жаңа  жылға  арналған сценарии

Просмотр содержимого документа
«Сценарии "Жаңа жылдық корпаративке арналған"»

Төрлет, құтты Жаңа жыл!

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер
2- жүргізуші: Бармысыздар бүгінгі кештің құрметті қонақтары!

1- жүргізуші:

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!



2 – жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!



1 - жүргізуші:

Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.



2- жүргізуші:

Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!



1-жүргізуші:

Нұрғазы ағай біздің ағамыз.

Ақылын тыңдап бата аламыз.

Ел үшін жақсылығын аямаған

Үлгі тұтып, жанұясы аялаған.



Бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін Нұрғазы Қалмырзаұлы мен Ұлтай Алиасқарқызына береміз.




2-жүргізуші:

Құрметті әріптестер! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге Жаңа – жылдық керемет әнімен

Ақерке Талғатқызын шақырамыз!





1-жүргізуші:

Екі елді мекенде орналасқан мекеме

Сөзге шешен тілі бал

Биік-биік асулардан өтуге

Бар ықыласын төгуде

Екі елді басқара білген береке – деп меңгерушілеріміз Ғабит Нұрғазыұлы мен Ұлмекен Инкаровнаға сөз берейік.








2-жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.



1-жүргізуші:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр мұлқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды- деп, Абай атамыз жырға қосқандай, қонақтарды ұзақ күттірмей ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.



Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата!



2 – жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар «Ну погоди» мульсериялындағы өлеңді пародия салып келеді )



Аяз ата:

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар және көмекшілеріммен сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.



Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Мына жерде керемет той-думан болып жатыр екен .

салайық

(«Жаңа - жылдық » флешмоб биі)



1-жүргізуші:

Ойын: «Ашқарақ»

Ойын шарты: Ортаға 3 адам шығады. Қолдарына алма, банан,нан береді. Кім бірінші жеп тауысса «Ашқарақ №1», «Ашқарақ№2» «Ашқарақ№3» деген номинация беріп, бастарына тәж кигізеді







2- жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.- дей отырып сөз кезегін балабақшамыздың ұлағатты ұстаздары: Анар апай, Ұлмекен апай, Сабира апай және аспазшы апайларымыз Жұмакүл, Фатима,Батпа апайларымызға береміз.







2- жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Күліп жүрейік мәңгілік!



Ортада «Балбөбек-1» бөбекжай балабақшасының қыздарының орындауында «Жол сақшысы» атты әзілін тамашалаңыздар.





1-жүргізуші:

Балбақша әкімшілігі Әдіскер Айнур Сегізбайқызы бастаған, Гулнур, Ақерке, Ақмарал, медбике Раушан апайларға сөз береміз



Ән: «Жаңа жыл»





2- жүргізуші:

Ойын: «Шар жару» ойыны



Ойын шарты: Билеп жүріп, аяқтарына шар іліп алып бір – бірінің шарын жару керек





Тәрбиешілерге сөз береміз: (барлық тәрбиешілерге сөз береміз)





Жалпы би



Ойын: Әр ұлттың биін салу

Ойын шарты:

Әр ұлттың әндерін қояды. Жарысқа шығушылар қандай өлең қойылса соған билейді.



Тәрбие көмекшілері мен жүргізушілерге , күзеттің жігіттеріне сөз беру



Балабақша ұжымдарын марапаттау





1 – жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, мешіндей көңілді болайық!



2 – жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!










































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!