СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Студенттердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» техника қауіпсіздігін сақтау сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Студенттердің  жеке  бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» техника қауіпсіздігін сақтау сағаты

Просмотр содержимого документа
««Студенттердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» техника қауіпсіздігін сақтау сағаты»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны



















ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ


Тақырыбы: «Студенттердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» техника қауіпсіздігін сақтау сағаты









Дайындаған: 20 ЕТ

тобының топ жетекшісі

А.С.Ихсанова









2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: Студенттердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» техника қауіпсіздігін сақтау сағаты

Мақсаты: Студенттердің үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін толықтыру. Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Әдісі: Талдау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Презентация, бейнежазба

Топ сағатының өткізілу уақыты: 12.11.2020 жыл

Қатысушылар: 20 ЕТ топ студенттері


Тәрбие сағатының барысы:

І. Миға шабуыл

• «Қауіпсіздік» дегенді қалай түсінесің?

• Қауіпсіздік ережелері не үшін қажет?

• Қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды?

• Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қандай болуы мүмкін?

• Өзің қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтайсың?


ІІ. Жол қауіпсіздік ережелері

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау, көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді және жол бойындағы көлік иелерінің де, жаяу жүргіншілердің де уақытын алады.

2. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.

3. Колледжге келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер. Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауың мүмкін.

4. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

5. Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.


ІІІ. Судағы қауіпсіздік ережелері

- тек ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар, жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда шомылыңыздар;

- шомыла білмейтін болсаңыздар, белдеріңізден жоғары келетін суға түспеңіздер;

- шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

- жүзе білмесеңіз, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта суға шомылмаңыздар.


IV. Колледждегі қауіпсіздік ережелері

- Үзілісте баспалдақтармен жүгіруге, терезе жанында және шыны витрина немесе тағы да басқа жерлерде бір-бірін итеруге, қуалауға, заттарды лақтыруға болмайды;

- Асханада ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып, абай болу керек;

- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, тиісуге тыйым салынады;

- Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіруге және кабинеттен шығуға болмайды;

- Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетте жүруге болмайды;

- ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды;

- Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады;

- Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек;

- Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды;

- Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады;

- ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.


V. Мұз үстіндегі қауіпсіздік

  • Қалыңдағы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;

  • дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;

  • мұз үстіндегі білмейтін жерлерге, жағажайдағы жардан сырғанып түсуге;

  • қатты су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;

  • қауіпсіздік белгілері жоқ жерде мұз үстінен өтуге;

  • мұздың қалыңдағы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға;

  • егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға (әсіресе түнгі уақыттарда) болмайды.


VI. Өрт қауіпсіздігінің ережелері

1. Электр приборларын уақытылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау.

2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу.

3. Өрт жаңадан басталғанда, су немесе құм сеуіп өшіреді.

4. Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді.

5. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі­-жиі желдету керек. 

6. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең, сіріңке  жағуға, электр жүйесіндегі лампаны қосуға болмайды. Тек үйдің есік ­терезелерін ашып желдету керек.

7. Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Олаp: құм, су, күрек, киіз.

8. Шырпымен ойнама.

9. Шырпыны пайдаланған жағдайда, оның толық сөнгеніне көз жеткіз.

10. Қандай жағдайда да дереу үлкендерді немесе өрт сөндірушілерді шақырғаның жөн.

Қорытынды

Қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысаны – жеке адам. Әдетте біз қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын сақтауды салғырттық пен селқостықтан естен шығарып аламыз. Соның салдарынан жазатайым жағдайлар, оқыс оқиғалар орын алып жатады. Сондықтан қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын әрдайым назарда ұстап, үнемі сақтау адам өмірі үшін аса маңызды. Әуелі өзіңіз үшін, содан кейін айналаңыздағылар үшін қауіпсіздік міндетті түрде сақталуға тиіс. Әйтпесе оның соңы орны толмас өкінішке әкеліп соқтырады.

Топ жетекшісі: А.С.Ихсанова