Просмотр содержимого документа
«Студенттің іс-тәжірибесіне арналған мінездеме»
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жаратылыстану - математика факультетінің 5В011100 «Информатика» мамандығының 4-курс Т-341 топ студенті Сарғызова Айнұр Мұраткалиқызына
МНЕЗДЕМЕ
Сарғызова Айнұр 2017 жылдың қаңтардың 16-нан наурыздың 26-сы аралығында Семей қаласының «№22 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ-де өндірістік іс-тәжірибеден өтті.
Өндірістік іс-тәжірибе барысында машықкер Айнұрға 6-11 сыныптар аралығында информатика пәнінен сабақ беру және 9 «Б» сыныбына сынып жетекшілік міндеттері жүктелді. Күнделікті құрып отырған сабақ жоспарлары күнтізбелік жоспарға сәйкес келеді. Сабаққа өзі жасап әкелген көрнекіліктерді тиімді пайдалана алды.
Сабақ беру барысында машықкер сабақ жоспарын құруға, критерийлер бойынша тапсырмаларды құруға, оқушыларды бағалау әдістерін қолдануды үйреніп, тәжірибе жинақтады. Айнұр Мұраткалиқызы өзін мұғалім тұлғасына сай, оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстап, өз білімін оқушыларға бере ала біледі. Мектепішілік Политехникалық пәндер бірлестігінің апталығы кезінде басқа да машықкерлермен бірлігіп, 8-сыныптар арасында информатика пәнінен «Әлемнің 7 кереметі» атты сыныптан тыс іс-шараны жақсы дәрежеде өткізді. Машыққыр белсенділігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсете алды.
1-наурыз күні «Алғыс айту» күнінде мектепішілік 9-сынып оқушыларымен әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыра білді.
Айнұр өзіне бөлінген 9 «Б» сыныбымен аз уақыт аралығында тіл табысып кетті. Мектепішілік іс-шараларға оқушылардың дайындық жұмыстарын ұйымдастыра алды. Информатика сабағынан тыс уақыттарды өзіне бөлінген 9 «Б» сынып оқушыларымен бірге өткізеді.
Сынып жетекшісімен бірлескен жұмыстар атқара білді. «Қызығы толы бұл әлем»; «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні»; «Қош келдің әз Наурыз!» тақырыбындағы терең мағынаға толы тәрбие сағаттарын өткізді. Сабақты өткізу барысында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, мұғалім тұлғасына сай көрсете алды. Сынды жақсы қабылдайды, оны жою жолдарын қарастыра біледі. Тапсырылған жұмыстарды уақытында, сапалы, тиянақты орындайды. Айнұр тек пән мұғалімі мен сынып жетекшісі ғана емес, барлық мектеп қызметкерлерімен жақсы тіл табыса білді.
Өндірістік іс-тәжірибе барысында байқалғаны – маш0ықкер Айнұрдың болашағы зор.
Мектеп-лицей директоры: Исимбекова А.Н.
Пән мұғалімі: Омарова А.Н.
Әдіскер: Каженова Ж.С.
Сынып жетекші: Жабелова Ғ.Б.