СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Су патшалығы" қоршаған ортамен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Табиғат бұрышында бірлескен еңбекке баулу, бір-біріне жәрдем беруге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Зерттеудің нәтижесін көру үшін, балаларды өз еркіндігімен әрекет жасауға дағдыландыру.

3.Оқыту – обучающая: Судың қасиетімен таныстыру. Балаларға сумен зерттеу жасауды ұсыну: су құйылады, төгіледі, боялады, дәмін өзгертуге болады: тәтті, қышқыл, ащы.

Просмотр содержимого документа
«"Су патшалығы" қоршаған ортамен таныстыру»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта

Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Теңіздер мен мұхиттар әлемі»

Тақырыбы/Тема: «Су патшалығы»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Табиғат бұрышында бірлескен еңбекке баулу, бір-біріне жәрдем беруге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Зерттеудің нәтижесін көру үшін, балаларды өз еркіндігімен әрекет жасауға дағдыландыру.

3.Оқыту – обучающая: Судың қасиетімен таныстыру. Балаларға сумен зерттеу жасауды ұсыну: су құйылады, төгіледі, боялады, дәмін өзгертуге болады: тәтті, қышқыл, ащы.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, зерттеу қызметінің технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Су патшалығы кітабы, тәжірибе жасауға арналған құрал – жабдықтар, суреттер, бала саны бойынша карточкалар.

Көптілділік/Полиязичие: балық-рыба - fish, су-вода – water, осминог-сегіз аяқ - octopus, теңіз жұлдызы – морская звезда – starfish, кит – whale


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар «Су патшасы Сүлеймен» біздерге тамаша кітап беріп жіберіпті / кітапты көрсету/, бұл кітапты қарап біз су туралы көп нәрсені білеміз, үйренеміз.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Балалар біздің топта су бар ма, қай жерден көріп тұрсыңдар? (аквариумге барады)

Аквариумді біз көрдік, суқұйғышты да көрдік (балалар тәжірибе жасайтын столға барады).

Бірінші бет. «Сиқырлы су»

Тәрбиеші: балалар судың қасиеттерін білу үшін біз сендермен түрлі тәжірибелер жасап көрейік.

1 тәжірибе «Су – сұйық»

Балалар, су дегеніміз не? Оны бір нәрсеге құюға болама? Қане, тексерейік. Тәрбиеші балаларға әр түрлі ыдыстар береді (ыдыстар үстелдің үстінде дайын тұр), содан соң тәрбиеші осы ыдыстарға суды құяды да балаларға екінші ыдысқа құйып қарауын ұсынады.

Енді қорытындылаймыз: су – бұл сұйық. Қалай ойлайсындар, сумен не істеуге болады?

Тәрбиеші: Дұрыс, оны құюға және төгуге болады.

2 тәжірибе «Су түссіз»

Екінші столда не бар? Сүт пе, біз сүтті өте жақсы көреміз.

Сүт не үшін керек?

Жеке жұмыс: Ал, енді балалар сендердің көмектерің қажет, Алиомар, маған көмектесші.

Қасықты сүтке батыр, 2–ші үстелдің үстінде 1 стакан су, 1 стакан сүт және қасық. Балалар қасықты көрдіңдер ме? Ал, енді қасықты суы бар стаканға батыр, не көрініп тұр?

Тәрбиеші: Сүттің түсі қандай? Судың түсі қандай?

Тәрбиеші: Дұрыс, судың түсі жоқ, ол түссіз.

Екінші бет:«Судың ғажайып тұрғындары»

Су патшасы өзінің су асты патшалығымен таныстырғысы келіп отыр.

Суретте нелерді көріп отырсыңдар. Су асты тіршілікке толы. Дельфиндер,

шортан, алабұға, жайын, шаяндар, балдырлар.

Теңіз жұлдыздары – тармақтарын қыбырлата баяу жылжып, теңіз түбінен жем іздейді; сегізаяқтар - олардың аяқтары тұп - тура басынан өсіп шығады;

- Бас бітімі ертегіде айтылатын жүйрік аттың басынан аумайтын бір ғажайып балық бар, ол теңіз атбас балығы.

Көптілділік: осминог-сегіз аяқ - octopus, теңіз жұлдызы – морская звезда – starfish, кит – whale

Сергіту сәті: «Теңіз толқындары»

Теңізбен толқиық бір,

Теңізбен толқиық екі,

Теңізбен толқиық үш,

Шоршып, шоршып алайық

Су түбіне батайық, сол күйіңде қатайық.

Үшінші беті: «Су - тіршілік көзі»

Судың қандай пайдасы бар? Ол неге қажет? Сурет бойынша суды неге пайдаланады, ол неге керектігін әңгімелейді.

Көптілділік: балық-рыба - fish, су-вода – water

Су патшасына да өзінің су патшалығының таза болғаның жақсы көреді, ал кейбір адамдар су жағасында демалып суға қоқыс тастап суды ластайтын көрінеді. Су патшасы сіздерден ластанған суды тазартуға көмекке шақырады.

Ойын: «Экологиялық көмек»

Тапсырма: Суды ластаған артық заттарды сызып таста /сурет бойынша жұмыс/

Жеке жұмыс: Амирхан сен қандай заттарды сызып тастадың?

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар кітап сендерге ұнады ма?

Ал қазір сабақтың соңында «Не үйрендің, не білдің?» атты ойының ойнайық.

-Балалар судың түсі бар ма?

-Суды мекендеушілерін атап беріңдер.

-Судың бізге қандай пайдасы бар?

Жарайсыңдар, балалар. Су – тіршілік көзі, оны ластауға, босқа төгуге болмайды.

Балаларды мадақтау