Просмотр содержимого документа
«Сұраулы сөйлем,Презентация»
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз .
Қазақ тілі – анаң, атаң,
Қуат алар Отан да одан.
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Әрбір адам? –
Досым,сыныптасым ,
Әрбір сабақ?-
Үйрену, оқу, іздену .
Әрбір ісің?-
Тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің?-
Шындық, бірлік, адалдық.
Топқа бөлу:
1-топ: Хабарлы сөйлем
2-топ: Сұраулы сөйлем
Үй тапсырмасын тексеру
174 - жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрау
1.Жалғыз басты әжей.
2.Кішкентай қамқоршылар.
3.Балалардың әжейге көмегі.
4.Мереке күндері
Үй тапсырмасын бекіту
Сәйкестендіру тесті
жазушы
сурет салады
ақын
әңгіме жазады
суретші
өлең шығарады
-Бұл қандай сөйлемдер?
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
-Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Жаңа сабақ
Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Сұраулы сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру.
2.Дамытушылығы: Өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру,
шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Достыққа, адалдыққа, әділдікке жылдам шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің атың кім?
Құстар әлеміне саяхат
Оқулықпен жұмыс 175-жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқы және салыстыр
-Сені өсірген баптап кім?
-Аққу неткен аппақсың?
-Таза ауада жүремін,
-Тұнық суға жүземін.
(Құрманбай Толыбаев)
Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Аңшы бірақ атпайды,
Аққудың бар обалы.
(Аманқос Ершуов)
Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
Аққу туралы не білеміз?
Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні,
“ құс падишасы”- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 кг-ға жетеді.
Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз, тәкаппар сұлу құс.Жұбын жазбайды.
Венн диаграммасы
Венн диаграммасы
Аққу туралы
Сұраулы сөйлемдер
Хабарлы сөйлемдер
Топпен жұмыс 1-топ: Жұмбақ құрастыру 2-топ: Мақал-мәтел құрастыру /Аққу туралы/
Дәптермен жұмыс
Қарашаның жиырма бесі
Сынып жұмысы
Сс
Жәндіктер әлеміне саяхат
176 – жаттығу
Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу.
- Бүкіл құмырсқа бірақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Сергіту сәті
Топтық жұмыс 177 – жаттығу Мына жайттарды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
1-топ
- сабақтың басталатын уақытын;
- сыныптағы кезекшінің есімін;
2-топ
- Асқардың сабаққа кешігу себебін;
- Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын
Аспан әлеміне саяхат
178-жаттығу.
1 . Іштей оқу.
2.Рөлге бөліп оқу.
- Бұлттар қайда қонады?
- Бұлттар – таудың қонағы.
- Құстар қайда қонады?
- Құстар талдың қонағы.
- Қаңбақ қайда қонады?
- Қаңбақ – сайдың қонағы.
- Қармақ қайда қонады?
- Қармақ – судың қонағы.
Қандай сөйлемдер оқыдық?
талдау
Қорытынды.
«Топтастыру әдісі»
Сөйлем
Айтылу мақсаты мен сазына қарай
Лепті
Сұраулы
Хабарлы
Сұраулы сөйлемнің соңына (?) сұрақ белгісі қойылады.
Хабарлы сөйлемнің соңына (.) нүкте қойылады.
Лепті сөйлемнің соңына (!) леп белгісі қойылады.
« Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны
1-топ:
1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді
2. Сөйлем сөзден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
2-топ:
1.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
2.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.
3.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
.
Бағалау.
“ 5” болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.
Үйге тапсырма
179-жаттығу
Рефлексия
Көңіл – күй ағашы.
Мен сабақты толық түсіндім
Мен сабақты жартылай түсіндім
Мен сабақты мүлдем түсінбедім