Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысыБаянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында
“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын
1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен
“Ләнет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.
1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.
1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,
1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,
Жалпы білім беретін
Өлеңті негізгі мектебі
Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері

6 сынып оқушысы
___________Каржаубай Бекзат Турсынғалиұлы_______
АЙТ
Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды,
Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.
Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға,
Оларды есіркейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырындап жүр,
Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.
Әр үйдің, тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандың ой кеткен кашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.
КЕДЕЙЛІК
Кедейлік, сен жексұрын, түсін, суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың
Маған салса касыма келме жуық.
Жанды жеп сен ғой мені арытатын,
Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын,
Жыртықтан жылтылдаған жас денемді,
Күнге қақтап, аязға қарытатын.
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Сөктіріп малы барлау надан, насқа.
Жас көңілді қайғымен уландырып,
Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа.
Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,
Түсі суық жыланмен бірдей теңсің.
Маған салса кедейлік аты өшкірді,
ОҚУ
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек кана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса баска елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.
Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,
Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек.
Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,
Байлығыңа иелік бермес күндеп.
САРЫБАС
Жалаң бас, жалан аяқ, жыртық дамбал
Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар.
Сары үрпек, көгілжім көз, оңі жүдеу,
Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал.
Жарық қол, қара табан, жалақ ерін,
Толтырған кеудесіне кайғы-шерін.
Жеті атасы кұлдықта күн өткізген,
Кірме деп кемітетін ата-тегін.
Ата-анасы қартайып, жасы жеткен.
Кедейлік жас күнінен тентіреткен.
Кірсіз киім, дәмді асты арман қылып,
Оқып жүрген жастарға
Үмітпенен жоқ қуған
Үмітпенен жоқ қуған
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз.
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз.
Анау-мынау
Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр.
Ұйқысы көп, ояу аз
Бұл не деген ғажап тұр?
Бұл ұйқысын ашпаса,
Надандықтан қашпаса,
Басқаларға мазақ тұр.
Мынау жерде хадим тұр,
Қарқарада жаны тұр,
Ілініп-салынып әлі тұр,
Бірер күндік халі тұр.
Анау жерде жадиттер,
Одан біздер үміткер,
Түсімде
Басында жаназаның қызғыш көрдім,
Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім.
Жұрт көзінше сүзіліп, түсін бұзып,
Тәсбиқ деп кез жарым тас тізгіш көрдім.
Бір жол сия дәру деп езгіш көрдім.
Қиялменен жер-көкті сезгіш көрдім.
Алғысын ұжмақ, қарғысын дозақ қылып,
Көзінен көз айырса безгіш көрдім.
Және де бір тайпа аңды көрдім.
У да шу, айғай-ұйғай даңды көрдім.
Бірі іреп, бірі сойып, бірі тартып,
Әуліккен ынтымақсыз жанды көрдім.
АҒАЙЫННЫҢ АЗҒАНДЫҒЫ
Өмірде неше түрлі уды іштім,
Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.
Ағаймнның ішінен ала шықса,
Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.
Күндейді, бәлен дейді көре алмайды.
Мен кірген қауымға ол ене алмайды.
Ертең жаны шығатын шұбар жылан,
Соныма жылдан артық ере алмайды.
Қара көңіл адалға сене алмайды.
Ақты қара қашан да жеңе алмайды.
Өмір бойы тілеген бір тілегін,
Махмұт бүгін жауына бере алмайды.
Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын
Аққудай үлбіреген сүңғақ мойын,
Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.
Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,
Өмірдің қыздыратын жастық тойын.
Сүйріктей ақ білекті, шебер саусаң,
Ақ шаңқан балапандай тұрған жусап.
Жаратылыс мақтаны — сұлу қызды
Көрген сайын кұмардың артар сусап.
Ақ уыз — дене көркі, тік қос алма,
Магниттей тартқызған көрген жанға.
Әзірге көргенмен де, көптің бірі,
Мендік боп, мені сүйсең арман бар ма!
АРМАНЫМ
Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені —
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.
Кедей, жалшы, қарттың да
Бірдей болса арасы —
Шын әділет таптың да,
Теңеліп қолдың саласы.
Әлемдегі ғаламат Игілікке арналса,
Өнері ортақ азамат
ңбекте ғана арланса.
Оқу-білім өркеймек,
Елге егіп пайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын.
АСЫЛ СӨЗ
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
Сөз мәнісін білмесең,
Өлең оқып не керек?
Не айтқанын сезбесең,
Жарапазан не беред.
БІРЕУ БАЙ, БІРЕУ ЖАРЛЫ
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсыңтар семіріп жүр көміп арды.
Кайдан табам халықтьщ шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп үшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.
Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы.
ЖАЛЫНУ
Қыздырманың қызыл тіл,
Түбіне жетер соны біл,
Бұл алғашқы ауыр жыл,
Еңбек істе, адал қыл.
Тау басында тұрғанда,
Жарға қарай кұлатпа.
Дұшпан өрті жанғанда
Жалынға мені сұлатпа.
Жаны ашыған аярды
Мен білемін ұялтпа,
Ертең-ақ елге жаярды,
Маңайға жақын жуытпа.
ҚАРАҒАЙ ДА ҚАЙҒЫРЫП
Қарағай да қайғырып,
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға.
Ақ қайың да дірілдеп,
Әлденені күткендей.
Қайғылы үнмен күбірлеп,
Сөйлейді тіл біткендей.
Дауылға әлсіз қара ағаш,
Күдерін үзбес өмірден.
Бұтасыз түбі жалаңаш,
Тас топыраққа көмілген.
Шоғырлы біткен сом терек,
Жыл сайын қажып, кемиді.
Қуарып қызыл гүл шешек,
ҚОС ҮЙ
Сырлы үй сегіз қанат қоса тіккен,
Жинапты қазынаны биік жүктен.
Ең арты кесе, аяқ та алтын-күміс,
Таңғалдым: мұнша байлық қалай біткен!
Бір келген жолаушыға қиыр шеттен,
Көрсетіп қазынасын мақтан еткен.
Жиналған бір орынға топас күшпен—
Момынның жасы шығар сығып төккен.
Байлыққа азулылар күшпен жеткен,
Аямай байлық үшін арын төккен.
Кедейдің маңдай тері, табан ақы,
Бақ емес, кыдыр емес дарып біткен.
Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
1
СЕКІЛДІ ӨМІР ҚЫСҚА, ЖАРТЫ ТҰТАМ
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,
Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.
Аз өмірді ақындык жолға бердім,
Лепес қып түкірген соң молда Мұқан.
Қаламды шын беріліп, алдым берік,
Әлдеқандай бір күшке көңіл сеніп,
Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім,
Енді оған өлең жазу болсын серік.
Бірдей ме сабақ берген барлық молда,
Ант берем, алуан түрлі деймін олла.
Денеден-ақ көрініп тұрған жоқ па,
Саусақтың алалығы біткен қолға.
Әкемнен «Әліп-биді» үйде оқыдым,
Үйреніп намаз сабақ жат тоқыдым,
Әлі молда алдында дәл екі жыл
Әр түрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.
Ғ ылымның орны бас пен көкіректе,
Бүйір шығып, қампия тоймас қарын.
Мұқаннан екінші жыл сабақ алам,
Ұйықтағам да көңілім оқуға алаң.
Лепес қып өзі бастап, «ақын бол» деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған.
Сондықтан бір мақсатым өлең жазу,
Оқуменен бірге іздеп, қоса қазу.
Осы ойыма өткен түн серт берілді,
Менде болмас бұл ойдан өмірде азу.
2ОРНЫМЫЗ МЕДРЕСЕ ОҚЫП ЖАТҚАН
Орнымыз медресе оқып жатқан,
Талайлар оқу оқып өнер тапқан.
«Аз-көп» деп, бергенінді молда сөз ғып,
Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,
Оқу білсең орынды болар мақтан.
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,
Бас иер талай мырза кеуде қаққан.
Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,
Соңынан қалмас оның дәмін татқан.
Өмір бойы оқысаң бір таусылмай,
Қиындығы қинайды жанға батқан.
Шынында, ғылым артық мал мен бақтан,
Ғылым болса қара су тасып аққан.
«Оқу оқып, не керек, мал таппай» деп
Қазақтың айтқан сөзі надандықтан.
Молда көп, молда деген атын сатқан,
Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан.
Өзі хат білмесе де «оқуы» көп,
Бас айналған, мылжыңнан діңкең қатқан.
3Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Ауырлық түсті биыл біздің басқа.
Биенің күлынындай жарасушы ем,
Айрылдым мен әкемнен жеті жаста.
Не жаздым жеті жаста жылатқандай,
Көз жасты дария етіп булатқандай.
Мейілі бұл жылаудан өлсем-дағы
Кімім бар басым сүйеп уатқандай!
4
ОРАМАЛҒА
Төрт ай түстім, жүгірдім,
Бұл орамал жолына.
Еріксіз міне түңілдім,
Түспеді ақыр қолыма.
Идеям бердім жолыңа,
Көрінді қайдан сорыма.
Айтып өткен бұл бір сөз,
Кім жазықты оныма?
Аузым күйді шалқайдым,
Басым енді бұрылмас.
Жолдас болды құр қайғың,
Екінші болдым ұрынбас.
Өзіме өзім қожайын,
Енді неғып азайын!
Ұсақ-түйек ойларға
Алданып қалар мен емес.
Мендей Әли бойларға
Бүкіл сахара тең емес.
Танытамын елдерге,
Күн астындағы жерлерге.
Бұл ойыма жетуге
Он жыл талап керек қой.
Ойымнан алыс кетуге
Қуғаным болсын айт пен той.
Мен тұрмыстың қылышы,
Тағдырдың буынар тынысы.
5
ОРАЗА
Молдеке, сізге бір арыз,
Ораза деген не парыз?
Ауырмай астан қалғанда,
Өтейтінің қай қарыз?
Аш жүр деп алла аяса,
Жарылқар еді кедейді.
Көпке бірдей қараса,
Жақсы, жаман демейді.
Күнәдан адам қорықса,
Кісі ақысын жемейді.
Біреу жалшы, біреу бай,
Қай кезде, кім теңейді?
6
АРАБШАДАН
Түзелсін көңілі әулікккен адам қайдан:
Әуесі судай толқыр аққан сайдан.
Қадір-құрмет, дәреже оңдылықта
Ойлайды: «соңғы мен», деп, бір құдайдан.
Нәпсіңді шұғылдандыр, жатпа босқа,
Ашуды қой, серік бол ақыл — досқа.
Егер де бетіменен қоя берсең,
Сені ол шұғылдандырып қылар шошқа.
7
МАҢАЙЫМНАН ӘРМЕН КЕТ
Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,
Құр бояма қызыл бет.
Анадай тұрып қарасам,
Жанды ерітер жандайсың:
Жуып кетсем маңыңа
Екі аяқты малдайсың.
Сондай бола тұрып та
Өз-өзіңе қандайсың.
Бір көрмеге асылсың,
Көп көрмеге масылсың.
Тек ішіп-жеп жүк тартар
Сарттар мінген қашырсың.
Не сөйлерге тілің жоқ,
Не сөз ұғар білім жоқ,
Саған кімдер бас ұрсын?
Бірақ жазық қазақта:
Ұлы-қызы мазақта.
8
Жаңғырып Алтай тауы саласынан
Жаңғырып Алтай тауы саласынан,
Майысқан ағаш, шөптер арасынан.
Деді маған тырысып құтылмасаң,
Сахраның, б...іздейсің даласынан.
Телміріп бар өмірінде жемтік жеген
Қарғаның жаман-ақсың баласынан,
Онан да талаптанып, қолың созып,
Алланың несібеңді ал панасынан.
Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,
Тұрмысы алып соқшы жағасынан.
Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі Махмұттың,
Әбдікәрім ағасынан.
9
НАМАЗ
Күнбатысқа үңіліп,
Қол қусырып, бүгіліп.
Созғыла, сопы, денеңді
Бір тұрып, бір жығылып.
Аузыңды жылдам күбірлет,
Ұзаққа созып көбірек.
«Үлкен ғалым молда екен»—
Десін надан төңірек.
10
ҚЫЗЫҚ ҚАНДАЙ АДАМДЫ ҚЫЗДЫРАТЫН
Қызық қандай адамды қыздыратын,
Қайғы кандай каныңды бұздыратын.
Қанды кек, намысты өштік неден тумақ,
Жібітпей жүрегінді мұз қылатын..
Ер бар ма елі үшін жан қиятын
Басшы бар ма етегіне ел сиятын.
Жанның бәрі өз ісін мақұлдайды,
Адам қайда сезетін ар-ұятын.
11
ҚОЖЕКЕ, КЕЛДІҢІЗ БЕ КӨҢІЛІМ СҰРАЙ?
Кожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?
Менің адам болуым екі талай.
Көп болса бір жұмалық өмірім бар,
Байқашы, мына менің шамам қалай?
Дерт күшті, тамағымнан жүрмейді асым
Жастыққа, жөтел кысып, тимей басым.
Тағдырдың кездестім ғой кермесіне,
Талапты жиырма сегіз деген жасым
12
ҚАНДАЙ БАСШЫ
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
Өзі үшін бір қалаға барып келсе,
Керек-жарақ нәрсесін алып келсе.
Одан артық басшыны қазақ таппас,
Шығынын он есе ғып салып келсе.
Газет-журнал басшыны мадақтаса,
Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,
Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,
Аңшының итіндей боп алақтаса.
13
АСЫЛ СӨЗ
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
Сөз мәнісін білмесең,
Өлең оқып не керек?
Не айтқанын сезбесең,
Жарапазан не беред.
14
Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толғанайдай балкып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
15
АЛҒЫС
Жанымды жарқыратқан, ағаларым!
Көп тиді біз — ініңе паналарың.
Талпынып, таянды ғой төбем көкке,
Жоқ еді қозғаларлық шамаларым.
Бақ пен тақ, жақсылықтан нұр құйылып,
Өмірлі болсын бала-шағаларың!
Жаным, тәнім, тілегім — бәрі сізде,
Онан басқа еш нәрсе жоқ қой бізде.
Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
Жақсылық нұр жауғызсын, жұртым, сізге.
16
ЖАН ҚАЙДА ӘДІЛЕТТІ ІЗДЕЙТҰҒЫН
Жан қайда әділетті іздейтұғын,
Адамшылық атақты көздейтұғын.
Тірлік пен өлген күнді бірдей ойлап,
Екі жайдан күдерді үзбейтұғын.
Арамға азғырғанды сезбейтұғын.
Арам ойдың қиялып кезбейтұғын.
Көріне шайтан келіп азғырса да,
Адамдық, ар иманнан безбейтұғын.
Нашарды, момындарды езбейтұғын.
Арамдық теңізінде жүзбейтұғын.
Айтылған уағаданы берік ұстап,
Айныма, мылжың сөзді езбейтұғын.
Бағалап «алтын», «күміс», «жез» дейтұғын,
Байлаулы соның сөзі — сөз дейтұғын,
Айтқаны, істегені ақтық жолы,
Құрулы елде әділ тез дейтұғын.
Ондай жан ойлаушы едік молда болар,
Тең басқан төрт аяғын жорға болар.
Кедей, бай, хажы, төре — бәрі бір бәс,
Теңіздей әлем қанған орда болар.
Бұл күнде молда атаулы сорға болар,
Кедей, момын түсетін тор да болар.
Нашар болсаң шығармай жаназаңды,
Малың болса, бүркіттей қолда болар.
Айнуды, азғындықты молда бастар,
Сөзі оңды, ісі жауыз, арам настар.
Басқаға «пәлен ет» деп бұйырғанын,
Өз басы өмірінде қылмай тастар.
17
БІРЕУ БАЙ, БІРЕУ ЖАРЛЫ
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсыңтар семіріп жүр көміп арды.
Кайдан табам халықтьщ шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп үшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.
Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы.
18
БІР БАЛАНЫҢ ТІЛЕК БАТАСЫ
Оқыт бізді, әкетай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, құдай-ай!
Көңіл менен көзді ашып
Уанта көр, құдай-ай!
Аяндардың пітінесін
Суалта көр, құдай-ай!
Надандықта қор қылма,
Миллетке бізді сор қылма,
Микробтарды зор қылма,
Рақым ойлап, құдай-ай!
19
БАЛАЛЫҚ КҮН
Балалык, сенен артық күнім бар ма,
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?
Балаға тең, көрінер бай мен кедей,
Сүйеді жақсы, жаман, надан демей.
Күнә, сұмдық дегенді ол білмейді,
Айырмасыз ер, әйел бәрі бірдей.
Жақын-алыс деп білмес алалауды,
Аққа жауып жаланы қаралауды.
Өмір, өлім не нәрсе үжмақ, дозақ,
Білмейді бақ, күндеу мен табалауды.
Қайғы, қызың не нәрсе, дәмін білмес,
Байлық бақыт дегенді көзіне ілмес.
Жақсы, жаман сөздерің парқын айырып,
Не десең де таңданып, құлақ түрмес.
Шіркін-ай, балалық күн, өтесің-ау,
Артыңа қайырылмай-ақ кетесің-ау.
Жігіттікті кәрілік қуып жетіп,
Ажал-дағы, кешікпей жетесің-ау.
Қызықты, тәтті өмір, бітесің-ау,
Алдынан ажал тосып, күтесің-ау:
Туғанда қызықтаған жаңа жанды,
Тумағандай бір күні етесің-ау.
20
АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН
Ұйықтапты бір арыстан ай далада
Тыныштық алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып.
Арыстан өлтіруге айналыпты
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!— деп,
Ағатай, маған зиян келтірме,— деп.
Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме»,— деп.
Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан!
Не жақсылық қайтады сен байғұстан?
Дүниеде саған қалған күнім құрсын,
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді,
Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді.
Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін,
Азат қылдым»,— деді де, қоя берді.
Бір күні арыстаным торға түсті,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті.
Оралып шырматылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Күн қайда құтылатын торды бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Даусын танып баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп.
21
АЛЬБОМНАН
Жетуге құмар жоғары.
Қайдан жаман болады?
Талпыну бар, талап бар,
Бүйткен адам оңады.
Нәзік дауыс, әнге ұста,
Разы, шат тұрмысқа.
Жұғымды мұндай бала жоқ
Бұл маңайда, бұл тұста.
Асырауға көнеді,
Деп көңілім сенеді.
Қандай ұрық ексең де,
Сөзсіз жеміс береді.
Жаттығы жоқ адамға,
Именетін кез келіп,
Оңығанға кез келіп,
Түсінсе еді заманға.
22
Достыма хат
Уай, дүние, қайда біздің өткен күндер,
Қызықты сауық-сайран еткен күндер?
Сарғая сағынып хатың көргеннен соң,
Түсті ғой еске келіп кеткен күндер.
Бірге өстік кішкентайдан асық ойнап,
Жарысып, қозы қуып, салып ойнақ,—
Солардың бәрі көрген түс секілді,
Бажайлап осы күнде тұрсам ойлап.
Ұйықтамай түн бойынша бірге жүріп,
Жан бірге, дүние бөлек дәурен сүріп.
Алдыңғы тіршіліктің қамдары үшін,
Салды енді заман шіркін бізге бүлік.
23Жүрегім тулап шабасың
Жүрегім тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың.
Уытын жайған сыртыңа
Оны қайтіп жабасың?
Өртедің десем, отың жоқ,
Баяғы гүл, күтың жоқ.
Келтірмейтін жігерге
Тағдырдан басқа сотың жоқ.
Дүниеде жоқ сүйгенің
Қасірет, қайғы үйгенің.
Көрініп тұрған нәрсе жоқ,
Не қылғаның күйгенің?
24
Сарыарқаның жаңбыры
Көп уақыт жаңбыр көрмей қурап, күйіп,
Жоқ еді Сарыарқада көрер сиық.
Шөлдеген сол қатарда жан-жануар —
Аузына тұра алмаған тілі сыйып.
Айналған Сарыарқамен қоштасуға,
Бір жаңбыр жібермесе құдай иіп.
Садақа неше беріп, жаңбыр сұрап,
Намазды неше оқыған жұрт жиылып.
Көп уақыт зарықтырып, ақырында,
Күнбатыстан қара бұлт жауды құйып,
Сіркірей, шүмектеп күн жалтылдаған,
Көк жерге құлағандай шартылдаған.
Кей уақыт жердің беті аппақ болды,
Жұмыртқадай бұршақпен сартылдаған.
25
Жас жүрек
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін.
Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін.
Қызған темір жатқандай көкіректе
Сыймайтын мезгіл қайда тәнге жаным?
Нанғыштық, құлай сенгіш, тәтті үміттен
Бұл күнде, айтшы, неге бет бұрғаның?
Жиіркеніп, көргің келмей өзіңді өзің,
Қамығып неге осынша құрыды әлің?
Әлде сенің кең жайлау жазың жоқ па,
Шалқар көл, қиқу салған қазың жоқ па?
Жел жетпес, қолда қыран, алтын дабыл,
Қосқанды құтқармайтын тазың жоқ па?
26
Гүл
Балбырап шыққан жазғы гүл,
Көз тартқандай болады.
Кім біледі, сол түрде
Ер жетеді, толады;
Кім біледі, дән сорып,
Қандай мақұлық қонады;
Кім біледі, тола алмай,
Суық соғып тоңады;
Кім біледі, құрт түсіп,
Мезгілінсіз солады.
Мұның бәрін білмесең,
Өмірің қайдан оңады?
27
Туған еліме
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын?!
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам ішінде,
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын.
Тек қалауым сіздерден
«Серіктікті» милаймын;
Сіздерге әкеп шашуға
Ілім-білім жинаймын.
28
Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде куміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай-ақ!
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба» деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп.
29
ДОСТЫМА
Бұлтты кетір ойыңнан,
Жазды шығар бойыңнан.
Ақылың болса айныма,
Өз жасаған тойыңнан.
Бәрі қызық мереке,
Ашуланба, ереке.
Өз қақпаңды аштың деп,
Кім қылады келеке?
Кімде жазық ойласаң,
Өкпелеймін қоймасаң!
Баяғы түрге бір келіп,
Мен разы, ойнасаң.
Қапаға жоқ тіпті жөн,
Ақылың болса сөзге көн.
30
ЖАҚСЫЛЫҚ КӨРСЕМ ӨЗІМНЕН
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен.
Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның,
Орны дозақ әр қайда.
«Теңгерер соңыра»— деген сөз
Тек жұбатқан бір айла.