Просмотр содержимого документа
«"Сұлу табиғат әлемі"»
Ересек «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 29.10.2019 жыл
Тәрбиеші:
«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Өтпелі тақырып: «Нан неден жасалады?»
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаттары: Балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу. Бейнелеу дағдыларын дамыту. Балаларды қиын емес сюжетті суретте көрсете білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар : АКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта,
Билингвалдық компонент : табиғат-природа
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Мотивациялық қозғаушы
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Оны қайдан білдіңдер?
Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Күз мезгілінде неше ай бар? Кім атап береді?
Балаларға тақпақ оқып беру.
Күз өлеңін музыкамен қосылып айту.
Күз келгенде тамаша
Ән саламыз жараса
Жеміс - жидек піскенде
Жейміз оны таласа.
Өлең не жайында айтылады? Олай болса бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз «Алтын күз» туралы.
2. Негізі бөлімі: Ұйымдастырушы-ізденуші кезеңі
(Балалардың назарын бейнежазбаға аудару.)
Балалар бейне жазбада не көрдіңдер?
Жыл мезгілі қандай?
Жерде не жатыр? Ағаштар қандай?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Балалармен күз пейзажын салу. Салу барысын айту.
Керекті құрал-жабдықтарды түгендеп, атап кету.
Саусаққа арналған ойын: «Жұдырық, тақтай, алақан»
Балаларға көмектесі. Жасап жатқан жұмыстарды бағалау. Кішігірім көрме ұйымдастыру.
3. Қорытынды: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Біз не салдық?Бейне жазбада не көрдіңдер? Күз пейзажы сендерге ұнады ма