Просмотр содержимого документа
«Сұраныс құру. Сұраныс түрлері»
САБАҚ ЖОСПАРЫ №19
Атаулы категориясы |
1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы | 1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша) 130502 3 - Техник-бағдарламашы |
1.2. Курсы, тобы | 16 IS – IX |
1.3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудын атауы | Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер |
1.4. Сабақтың тақырыбы | Сұраныстарды анықтау және оның мәнділігі. Сұраныстар түрлері |
1.5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы | Топтық |
1.6. Білім алушылардың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен икемділігі | Сұраныс объектісі, сұранысты құру |
1.7. Кәсіби және еңбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі | Деректер қорында сұраныс құру |
2. Сабақтың мақсаты |
2.1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді | - оқытушыны тыңдай білу; - басқалардың айтқанын тыңдай білу; - өз ойын жеткізе білу. |
2.2. Студенттерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету | Параметрлі, қорытынды, өзгертілетін, қиылысатын сұраныстары құруға дағдылану |
3. Сабақ қорытындысын сипаттау |
3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білу және істеуі қажет | Microsoft Access ДҚБЖ-де сұраныс құруға құзыретті болу |
3.2. Сапа критерийлері | Microsoft Access ДҚБЖ-де әр түрлі типтегі сұраныстар құру |
4. Жоспарлау фазасы |
4.1. Оқу-әдестемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі | Мэтью Мак-Дональд Access 2007, 36-39 бет |
4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар | ДК |
4.3. Студенттер іс-әрекетінің ретін сипаттау | Microsoft Access ДҚБЖ түсіну |
4.4. Оқытушының рөлі | Студенттерді тыңдай білуге, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу. |
5. Жоспарды жүзеге асыру |
5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте) | Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру» |
6. Бағалау |
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау | Жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіну дәрежелерін анықтау |
Оқытушы ______________ Мукушова Г.К.
қолы аты-жөні
Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру
№ | Сабақтың негізгі кезеңдері | Әрекеттердін түрі мен реті | Студенттердін қызметі | Оқытушымен студентердін біріккен қызметі | Оқытушынын қызметі |
Жекеше | Топтық | Топаралық | Кеңес беру | Нұсқау | Бақылау |
1. | Бағдарлау және жоспарлау кезеңі | Сабақтың тақырыбы мен мақсаты | | Х | | Х | | Х | |
2. | Жұмысты орындау кезеңі | Жұмыс орынын дайындау | | Х | | | Х | | |
Материалдарды дайындау | | Х | | | Х | | |
Технологиялық үрдіс: конспектілеу, Конспектімен жұмыс, ДК-мен жұмыс | Х Х Х | | | | Х Х Х | | Х Х Х |
3. | Аралық және соңғы нәтижені бағалау және талдау кезеңі | Сапа белгілері бойынша бағалау: Pascal мәзір пункттерін анықтау | Х | | | | Х | | |
Дәріс №19
Пән: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Курс тақырыбы: №9. Деректерді өңдеу жүйесін құру технологиясы (мысалы, MS Access дерекқорында).
Сабақтың тақырыбы: №19 Сұраныстарды анықтау және оның мәнділігі. Сұраныстар түрлері
Сұраныс – жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрлері бар.
Сұраныстың әр түрлі типтері болады (жазба үстеп қоюға, өзгертуге, біріктіруге арналған). Ең көп тараған түрі – іріктеуге арналған сұраныстар.
Сұранысты қолдан, Конструктор көмегімен жасаған жақсы. Ол Конструктор режимінде сұрау салуды жасау деп аталады және Үлгі бойынша сұраныстар бланкісі деп аталатын арнайы бланкі ашылады. Оның көмегімен терезелер арасында сұрау салулар элементтерін жылжытып, қарапайым әдістермен сұрау салуды қалыптастыруға болады.
Үлгі бойынша сұрау салу бланкісі екі ауқымнан тұрады: жоғарысында сұраныстар бағытталған кестелердің құрылымы бейнеленеді, ал төменгі ауқым бағандарға бөлінген – алдағы нәтижелеуші кестенің әр бір өрісіне бір-бір бағаннан. Жанама мәзірдің көмегімен бланктің жоғарғы жартысында сұраныстар жасалған кестелерді ашады.
Егер Сұрыптау жолында шертсе, сұрыптау түрлері бар батырма ашылады.
Экранға шығару өрісінде: жалаушалар бар, жалаушаларды орналастырып, немесе тастап, осы бағанды экранға шығаруға рұқсат етеміз немесе тыйым саламыз.
Іріктеу шарты жолында: және (немесе) берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбалар ғана сұрау үшін іріктеуге мүмкіндік беретін шартты немесе логикалық бейнелеулерді көрсетуге болады.
Сұраныстың мынадай да түрлері бар:
Параметрлі сұраныс. Қолданушы өзі сан енгізу арқылы таңдай алады.
Қорытынды сұраныс. Электрондық кестедегі сияқты функциялары бар.
Өзгертілетін сұраныс. Кесте өрістерін толтыруды автоматтандыруға арналған.
Қиылысатын (перекрестный) сұраныс. Кестелердің бірнеше тобынан алынған мәліметтерден жасалатын сұраныс.
Тәжірибелік жұмыс
MS Access ДББЖ-сін жүктеңіз
«Құрылғылар» атты деректер базасын құрыңыз
Конструктор көмегімен төмендегідей кесте құрыңыз:

«Бағасы» өрісін шертіп, төменгі жағынан Ондық белгілер саны – 2 деп беріңіз
«Компонент атауы» деген өрісті кілттік өріс етіңіз
«Жеткізушілер» кестесін құрыңыз

Әр кестеге 10 жазбадан жазыңыз.
Сұраныс құру
«Құрылғылар» кестесіне сұраныс құрыңыз.
Сұраныс мынадай өрістерден тұрсын: Үлгісі, Компонент, Бағасы
Үлгісі өрісіне өсу реті бойынша сұрыптау жасаңыз
Бағасы өрісіне кему реті бойынша сұрыптау жасаңыз
Түр/Топтық операциялар командасын орындаңыз
Бағасы өрісіне жалпы соманы табу үшін Sum қорытынды функциясын таңдаңыз
«Компонент атауы» өрісінде жазбалардың санын есептеу үшін Count функциясын қолданыңыз
«Құрылғылар» берілгендер базасынан «Жеткізушілер» кестесінен «Процессор», көтерме сауда бағасы
Параметрлі сұраныс
Конструктор режимінде сұраныс құрыңыз.
Мынадай өрістері бар сұраныс құрыңыз: Компонент атауы, Үлгісі, Көтерме сауда бағасы, Жеткізушілер, Телефон
Компоненттің таңдау шартына «Процессор» деп енгізіңіз
«Көтерме сауда бағасы» деген жерге
Сұранысты жабыңыз
Қорытынды сұраныс құру
«Құрылғылар» кестесін ашыңыз.
Оның бірінші жолына «Класс» өрісін қосыңыз.

Оған мынадай жазбалар енгізіңіз:
Аналық плата
Процессор
Оперативті жад
Қатты диск
Корпус
Дискжетек
Видеоадаптер
Дыбыстық карта
Пернетақта
Тышқан
Оқытушы __________ Г.К.Мукушова