Тексерілді:__________
Мерзімі:________
Сыныбы:_______
Пән мұғалімі: Калдыкулова Карлыгаш Жанабаевна
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің отрядтары: ескекаяқтылар,
киттектестер, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, приматтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүтқоректілердің отрядтары: ескекаяқтылар, киттектестер, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, приматтар туралы түсінік беру. Сүтқоректілердің бейімделу ортасы, көптүрлілігі жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылығы:Сүтқоректілер класы өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, жаңа технологияның әдіс тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, сүтқоректілердің көптүрлілігін білуге жағдай жасай отырып білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сүтқоректілер класының өкілдерін қорғауға тәрбиелеу. Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ өту әдістері : Сұрақ жауап, СТО-ның әдіс тәсілдері, топпен, жұптық
Сабақтың түрі: аралас сабақ
«Адам байлығының ішіндегіең тамашасы – білім»
Әбу-р-Райхан әл Бируни
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аудару
А) Психологиялық дайындық
«Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсан да, ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса, ғылым тұл» (хормен айту)
Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады, Келген соң үй иесі ұялады»,- демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
Қызығушылықты арттыру:
Өткен сабақта құстар класымен таныстық, қорытындыладық.
Ал, бүгінгі сабақта біз сендермен жаңа сабақпен танысамыз. Сабақтың тақырыбын айтпас бұрын мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын.
1. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,мінсең қанат,сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
2.Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар. (Түйе)
Тарғыл – тарғы таспа, тастан бірақ басқа,
Мекені қамыста, бұл саған таныс па? /Жолбарыс/.
Жаздақыдырады, қыстатынығады. /Аю/.
Ал енді осы жануарларға қарап не айтқыларың келеді?
Жаңа сабақтың тақырыбы сүтқоректілер класы. Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады және неліктен солай аталады? Оқушылар өз ойларын айтады.
ББҮ кестесін толтырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
| | |
Сабақтың мақсаты, міндеті оқушылармен бірігіп айқындалады.
II. Мағынаны ажырату:
Сынып екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Кластер құру, қорғау.
1-топ Сүтқоректілердің тіршілік ортасы, топтары
2-топ Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
4 сөйлем тәсілі.
1.Пікір. Мәтін бойынша өзінің туындаған пікірін бір сөзбен жеткізу.
2. Дәлел. Келтірілген өз пікірін бір сөзбенен дәлелдеп шығу керек.
3. Мысал. Өзіндік пікірді тағыда бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. (Мысал өмірден практикадан алынуы мүмкін).
4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтірк керек.
3 тапсырма.
Биологиялық диктант.
Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы................... деп аталады. (Маммалогия)
Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ........... пайда болған. (көкет)
Ауыз қуысында .............. сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп)
Сүтқоректілердің .......... өте жақсы дамыған (иіс сезуі)
Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы ......... бөлінген. (дабыл жарғағымен)
III. Ой толғаныс
Қорытынды тесті. Сұраққа жауап беру
Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым? (Маммалогия)
Сүтқоректілердің тері жабыны неше қабаттан тұрады? (2)
Жүрегі неше қуысты? (4)
Түлендер қайда тіршілік ететін сүтқоректілер?суда)
Қазіргі кезде сүтқоректілерді неше класс тармағына жіктейді?
2)Сүтқоректілердіңұрығықайдадамыпжетіледі?аналық жатырда)
Сүтқоректілерде құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты қандай тістері болады? (сойдақ, күрек, кіші және үлкен азу тістері)
Тыныс алу мүшесі? (өкпе)
Денесінде қандай қан ағады? (артерия мен вена)
Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы немен бөлінген? (дабыл жарғағымен)
ББҮ кестесін толтырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
| | |
Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы өздері, спикер бағалайды, мұғалім бағалайды.