Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сабақтың мақсаты: Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру; теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.
Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға, жылдамдыққа, топпен жұмыс барысында ұйымшылдыққа дағдыландыру;
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,ойын
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, маркер, стикер, плакат
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу.
Тренинг. «Көршімнің бір сыны» Тренинг шарты бойынша оқушылар көршісінің бір сынын атайды.
Шеңберде тұрған оқушыларға сөз табының бір атауы беру, сол арқылы топқа бөлу. (Мысалы: зат есім, сын есім т.с.с. Зат есім бір қадам алға шығады.Олар бір топ болады да, сын есім бір топ болады. )
ә)Өткенді пысықтау
45,47-жаттығу 195 бет
Қызығушылықты ояту.
«Тіке тест»
1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?
2.Зат есімнің түрленуі.
3.Зат есім жіктеле ме?
4.Көптік жалғауларын ата.
5.«Менің атым» сөзі қалай тәуелденіп тұр?
6.Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Берілген сөздердегі зат есімнің қызметін табу.
Айгүлді іздеген Бақыт кеш оралды. Адамның мінезі әртүрлі
б)Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту. «Құпия кілт» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1.Бір тектес түр мен түстің, сапа мен белгінің, дәм мен иістің әр қилы реңдерін білдіреді.
2.Оның екі түрі бар.
3.Жұрнақтар арқылы жасалады.
4.Бір заттың сынын екінші затпен салыстыра қарап, бірінен бірі я кем, я артық екенін білдіретін шырай түрі.
Түрі | Ережесі | Мысалы |
Салыстырмалы шырай | Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі | Ауырырақ, кішірек, жылылау |
Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар мыналар:
Жұрнақтар | Мысалдар |
-рақ, -рек; -ырақ, -ірек; | Үлкенірек, көгірек |
-Лау, -леу, -дау, -деу,- тау,- теу | Ұзындау, қысқалау |
Оқулықпен жұмыс
49-жаттығу
Шортан- денесі ұзынша, ұсақ қабыршақпен қапталған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, жыртқыш балық.
Сазан- тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр, кейде сары түсті, қорек талғамайтын балық.
Тыран-көзі қызыл сары түсті, ірі болып өспейді, өзгергіш тұщы су балығы.
50-жаттығу
Ірілеу, биітеу, ақшыл, сарғыш, көкшіл.
51-жаттығу
Түгі тықырлау, ірі тұқымдарының денесі сұңғақтау.Тазының басы ұзындау, тұмсығы сүйірлеу, көзі жанарлы болады.
Ойын «Көбелекті өз гүліне қондыр» 52-жаттығу
Кішілеу, сарылау, қысқалау, үлкендеу.
53-жаттығу (ауызша)
Деңгейлік тапсырмалар.
Сәйкестендіру.
Өнерпаз ой
Түйінді бала
Басыңқы суретші
Әуесқой сөйлем
Таңдаулы адам
Сөзшең сөз
Мақалдардан сын есімдерді тауып, салыстырмалы шырай жасау
Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Ағаш кессең ұзын кес,
Шаба келе қысқарар.
Темір кессең қысқа кес,
Соға келе ұзарар.
Үйге тапсырма: 53-жаттығу 197-бет