Баяндаманың эпиграфы: «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Г. Галилей (3-слайд)
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «“ХХІ ғасыр – білімді халықтың ғасыры болады. Жастарымыз білімді болып, алған білімін елінің, Отанының игілігіне жұмсау керек. Ендеше мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет - ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық-технологиялық сауаттылық талап етілуде. Қоғамның күннен күнге қарыштап ілгері қадам басуына байланысты білім беру жүйесінде, яғни, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. (4-слайд)
Қазіргі заман талабы - тиімді жолмен білім бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы оны бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. (5-слайд)
Білім туралы Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеттері ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру ақпараттарын халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығару деп атап айтып отыр. Әлемдік білім беру парадигмасы бойынша педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты, білім берудің бағдарламасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болды.
Педагогикалық оқыту технологияларын білім саласында қолдануды жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымы былайша сипаталады:
- есте сақтауға негізделген, оқып, білім алудан бұрынғы меңгерген білімін пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшуі;
- білімнің статистикалық үлесіне, ақыл-ой әрекеттерінің динамикалық құрылым жүйесіне көшуі. (6-слайд)
Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. (7-слайд)
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше және күнделікті сабақтарда тиімді қолданбайынша сауатты, жан-жақты маман болу және сауатты, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру – оқытушының интеллектуалды, адамгершілікті, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізуіне, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. (8-слайд)
Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген пікір айтқан екен. (9-слайд)
Олай болса, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына проблемалық сұрақтар қойылып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау:
-Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады;
-Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін;
-Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. (10-слайд)
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. (11-слайд)
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – өзінің бұрынғы білетін білімін жаңа біліммен ұштастырудан тұрады. Үйренуші өзінің бұрынғы білімін жаңа ұғымдармен, түсініктермен, ақпараттармен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
(12-слайд)
Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. стратегиялар жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. (13-слайд)
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. (14-слайд)
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім мен жаңа білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. (15-слайд)
Бағдарламаның үшінші кезеңі - тақырып туралы ой-толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сыни көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады, алған жаңа білімдерін жүйелеп, жинақтай алады, шешімдерін шығара біледі.Алған білімдерін бағалап, қорытындылауға үйренеді. (16-слайд)
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. (17-слайд)
Бұл технологияның дәстүрлі әдістерге қарағандағы негізгі ерекшелігі сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмайды. Мұғалім тек қана баланың білімді игеруге қызығушылығын оятушы, бақылаушы, бағыт беруші рөлінде болса, оқушы зерттеуші, шешім шығарушы қызметін атқарады. (18-слайд)
Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, жұппен және топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесі өзгереді, қызығушылықтары дамиды, өзін-өзі және бірін-бірі бағалай білуге үйренеді. (19-слайд)
Жоғарыдағы айтылған ойды қорытындылай келсек, оқушының құзырлылығы түрлі технологиялар арқылы дамиды, танымдылық қабілеттері, танымдық процестері арта түсіп, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.
Алдымызда отырған әр оқушы-жеке тұлға. Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімге де, оқушыға да шыдамдылық пен төзімділік, шеберлік керек. Сапа саннан шығатыны да даусыз, дегенмен, әр сыныпта 7-8 оқушыдан отырған шағын мектеп оқушыларының арасынан да қабілеттілерді табуға болады. Қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін түрлі ойындармен өткізетін оқушылардың арасынан шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыны қалай танып білуге болады? Ол үшін не істеу керек? Қандай жұмыс жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қашан бастау керек? Мұндай сұрақтар әр мұғалімді толғандырары да айқын. Менің өз тәжірибемнен байқағаным, бастауыш сыныптарды аяқтап бесіншіге енді келген оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылық пен шығармашылық қабілет басқа сынып оқушыларына қарағанда жоғары келеді. Осы жағын ескеріп, дарынды оқушыларды іріктеп, олармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізу орынды.
1.Шығармашылық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру (шығарма құрылысына талдау жасау, авторларына хат жазу);
2.Түрлі тақырыптарға шағын шығарма, эсселер жазу;
3.Мектепте өткен түрлі іс-шаралар жайлы мақала жазу;
4.Өлең шығаруға қабілетті оқушылармен жұмыс;
5.Шағын шығармаларға жоспар құрғызу;
6.Көркем әдебиет, газет-журналдар оқуға насихаттау;
7.Газет-журналдарға оқушылардың үздік жұмыстарын жіберу;
8.Түрлі шығармалар мен оқулар байқауына қатыстыру;
9.Пән олимпиадаларына қатыстыру.
Сынып жоғарылаған сайын жұмыс түрлері де күрделене түседі.
Осындай жұмыс түрлерін жүргізу нәтижесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге болады. Атап айтсақ:
-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі;
-Білім сапасы жоғарылайды;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады;
-Мектепішілік, аудандық, облыстық түрлі білім бәйгелеріне қатысушылар мен жеңімпаздардың саны арта түседі.
Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүрері сөзсіз.
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы
Донской орта мектебі
Баяндама
“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының қолданылуы”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Женисхан Саулегуль
2015-2016 оқу жылы
Баяндаманың эпиграфы: «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Г. Галилей
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «“ХХІ ғасыр – білімді халықтың ғасыры болады. Жастарымыз білімді болып, алған білімін елінің, Отанының игілігіне жұмсау керек. Ендеше мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет - ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық-технологиялық сауаттылық талап етілуде. Қоғамның күннен күнге қарыштап ілгері қадам басуына байланысты білім беру жүйесінде, яғни, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазіргі заман талабы - тиімді жолмен білім бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы оны бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
Білім туралы Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеттері ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру ақпараттарын халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығару деп атап айтып отыр. Әлемдік білім беру парадигмасы бойынша педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты, білім берудің бағдарламасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болды.
Педагогикалық оқыту технологияларын білім саласында қолдануды жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымы былайша сипаталады:
- есте сақтауға негізделген, оқып, білім алудан бұрынғы меңгерген білімін пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшуі;
- білімнің статистикалық үлесіне, ақыл-ой әрекеттерінің динамикалық құрылым жүйесіне көшуі.
Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше және күнделікті сабақтарда тиімді қолданбайынша сауатты, жан-жақты маман болу және сауатты, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру – оқытушының интеллектуалды, адамгершілікті, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізуіне, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген пікір айтқан екен.
Олай болса, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына проблемалық сұрақтар қойылып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау:
-Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады;
-Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін;
-Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – өзінің бұрынғы білетін білімін жаңа біліммен ұштастырудан тұрады. Үйренуші өзінің бұрынғы білімін жаңа ұғымдармен, түсініктермен, ақпараттармен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. стратегиялар жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім мен жаңа білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Бағдарламаның үшінші кезеңі - тақырып туралы ой-толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сыни көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады, алған жаңа білімдерін жүйелеп, жинақтай алады, шешімдерін шығара біледі.Алған білімдерін бағалап, қорытындылауға үйренеді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Бұл технологияның дәстүрлі әдістерге қарағандағы негізгі ерекшелігі сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмайды. Мұғалім тек қана баланың білімді игеруге қызығушылығын оятушы, бақылаушы, бағыт беруші рөлінде болса, оқушы зерттеуші, шешім шығарушы қызметін атқарады.
Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, жұппен және топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесі өзгереді, қызығушылықтары дамиды, өзін-өзі және бірін-бірі бағалай білуге үйренеді.
Жоғарыдағы айтылған ойды қорытындылай келсек, оқушының құзырлылығы түрлі технологиялар арқылы дамиды, танымдылық қабілеттері, танымдық процестері арта түсіп, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.
Алдымызда отырған әр оқушы-жеке тұлға. Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімге де, оқушыға да шыдамдылық пен төзімділік, шеберлік керек. Сапа саннан шығатыны да даусыз, дегенмен, әр сыныпта 7-8 оқушыдан отырған шағын мектеп оқушыларының арасынан да қабілеттілерді табуға болады.
Қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін түрлі ойындармен өткізетін оқушылардың арасынан шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыны қалай танып білуге болады? Ол үшін не істеу керек? Қандай жұмыс жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қашан бастау керек? Мұндай сұрақтар әр мұғалімді толғандырары да айқын. Менің өз тәжірибемнен байқағаным, бастауыш сыныптарды аяқтап бесіншіге енді келген оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылық пен шығармашылық қабілет басқа сынып оқушыларына қарағанда жоғары келеді. Осы жағын ескеріп, дарынды оқушыларды іріктеп, олармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізу орынды.
1.Шығармашылық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру (шығарма құрылысына талдау жасау, авторларына хат жазу); 2.Түрлі тақырыптарға шағын шығарма, эсселер жазу; 3.Мектепте өткен түрлі іс-шаралар жайлы мақала жазу; 4.Өлең шығаруға қабілетті оқушылармен жұмыс;
5.Шағын шығармаларға жоспар құрғызу;
6.Көркем әдебиет, газет-журналдар оқуға насихаттау;
7.Газет-журналдарға оқушылардың үздік жұмыстарын жіберу;
8.Түрлі шығармалар мен оқулар байқауына қатыстыру;
9.Пән олимпиадаларына қатыстыру.
Сынып жоғарылаған сайын жұмыс түрлері де күрделене түседі.
Осындай жұмыс түрлерін жүргізу нәтижесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге болады. Атап айтсақ:
-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі;
-Білім сапасы жоғарылайды;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады;
-Мектепішілік, аудандық, облыстық түрлі білім бәйгелеріне қатысушылар мен жеңімпаздардың саны арта түседі. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүрері сөзсіз.