«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын сабақ барысында жазуға арналған әдіс-тәсілдерді қолдану»
Павлодар облысы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Дидар Иманбековна Адильжанова
(колледж директоры Хайргельдин Зада Аскарович )
Бағытталған мазмұндама
Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мазмұндама мен шығарманың алар орны ерекше.
Неліктен оқушылар мазмұндама жазуды аса ұнатпайды? Осы сұрақтың шешімін мен СТО стратегиялары арқылы шештім.
СТО стратегияларымен байланыстырып өткізілген сабақтар тәртіпті және жақсы оқитын оқушылар үшін ғана емес, барлық оқушылар үшін қызық, мәнді болып өтері сөзсіз.
“Бағытталған оқу” стратегиясын қолдағанда, оқушыларым жанданып, сабаққа белсенді қатысатын байқадым. Оқушыларға әңгімедегі жағымды не жағымсыз кейіпкердің образына еніп, ішкі жан-дүниесін сипаттанып, портретін жасатқанда, олар өздерін серіктес автор (жазушының көмекшісі) есебінде сезінде. Бұл оқушылардың оқу әрекетін, зейінін, ойлауын арттырады.
Тіл дамыту сабағында осы стратегияны қолдануға дайындалғанда, мұғалім мәтінді бірнеше бөліктерге бөледі. Блюмның сұрақ қою өлшемі бойынша әр бөлімге сұрақтар әзірленеді. Негізінен оқушылардың талдау, жинақтау, түсіну, бағалау дағдыларын арттыратын сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын. Және де орыс тобындағы оқушылардың сөздік қорлары баяып, тілдері дамытылады.
Мұндай сабақты бастамас бұрын ең алдымен топта шығармашылық, ынтымастық атмосфераны жасау керек, яғни СТО бойынша қолайлы орта тұғызу қажет. Ол үшін оқушылардың өздері жасап шығарған ережесін жұмыс барысында басшылыққа аламыз.
Жұмыс жасаудың ережелері:
*жұмысқа белсенді қатысу
*бір-бірімізді бөлмей тыңдау
*бір-бірімізді мұқатпау
*сөйлеушінің пікірін құрметтеу.
Мысалы.
Тақырып: Жаман жолдас
Мәтінді алдын ала 5 бөлікке бөліп, сұрақтарды дайындап қойдым.
1 қадам. Балалардан жолдас сөзін қалай түсінетінін осы мағыналас сөздерді табуын сұраймын. Балалар әртүрлі жауап береді: бірге оқитын, құрбы, дос, серік. Топтастыру стратегиясы өте қолайлы.
2 қадам. Мәтінің атын оқимын “жаман жолдас”
Сұрақ қоямын; балалар әңгіме кім, не жайлы болады? Болжау стратегиясы.
Жаман адам жолдастық
Топтастыру стратегиясы арқылы.
3 қадам. Оқушылардан әңгіменің басын тындауын сұраймын. Мәтінді белгіленген жерге дейін 1 бөлігін оқимын.
Балалар өздерінің болжағанымен салыстырады.
Сұрағы – жеке ойлану – жұппен талқылау – жобаға жазу – топта талқылау. Осы сызба арқылы талқынады.
Аю деген не?
Ол қайда өмір сүреді?
Екі достықты қалай сипаттайды?
Бұл бөлікке қандай ат қоясың?
4 қадам. Мәтіннің 2 бөлігін оқимын.
Неліктен мықты жігіт ағаш басына шығып кетті?
Ауру жігіт не істейді?
Ат қойыңдар.
5 қадам. 3 бөлігі оқылады.
Неліктен ауру жігіт жата қалды?
Автор ауру жігіттің жата қалуын қалай сиппатайды?
Ат қой.
6 қадам. Соңғы бөлігі оқылады.
Аю құлағына не сыбырлады?
Әңгіме қалай аяқталды?
Қалай түсінесің?
7 қадам. Бөлімдер бойынша мазмұндаманы тағы да оқимын.
Мәтінді кезеңдеп, бөліктерге бөліп оқу, оқушыларды ойландыратын, ынталандыратын сұрақ қою, әр баланың өзіндік қабылдауын байқататын жоспардың әртүрлігі, мәтінді бөлімдер бойынша талқылау – оқушылардың қызығушылықпен жазуына жұмыстыңжемісті болуына көп әсерін тигізді.
“Үлгілі шығарма” жазуға қалай үйренуге болады.
Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндап жазуы керек. Алдын ала жинақтап жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде одан кейін нені айтатынын толық жинақтап, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетуіне немесе байланыссыз қалуына сақ болу үшін “Қабырғаға қарап оқу”, “бір жол тастап жазу”, “автордың орындығы” тб стратегиялардың көмегі көп.
Қабырғаға қарап оқу стратегиясы бойынша өзін-өзі тыңдай отырып, жазғанына қайта оралу арқылы шығарманы тек қана сауатты жазуға емес, тиянақтылыққа, өзін-өзі бағалай білуге, өзіне сыни тұрғыдан қарауды үйренеді.
Автордың орындығы стратегиясы арқылы шығарманы өзіне оқыту арқылы да шығармаға қайта оралудың және бір жол тастап жазу тәсілінің қолайлығы арқасында, жолдастарының көрсеткен көмегі немесе сынды қабылдай отырып, шығарманы толықтырады.
Интервью сабағы өте қолайлы. Тақырып бойынша мәселелер бөлімшелерге бөлінеді. Әр топ сұрақ құрастырып, интервью алып, өз ойларын басқалармен салыстырып бір жүйеге келтіріп шығарма жазады.
Елестету. Тыныш, бөгет жасамаңдар деген жазуды ілу керек. Көз алдына елестетіп, ойды жалғастыру керек.
Әр қалыпта жазу, Сезімнен шыққан өлең тб. әдіс – тәсілдері өте қолайлы.
Сұрақ арқылы ЭССЕ жазуға үйрету Сабақ процесінде түпкілікті мақсатқа жету үшін,яғни сабақтың мағыналы да білімге толы, іс-әрекетке бай сабақ болуына әр ізденгіш мұғалім әр түрлі жолдарды қолданады,тәжірибе жасайды, зерттеу жүргізеді. Мен бұрын да осы жолда үлкен роль атқаратын кезеңнің бірі-сұрақ қою,оған жауап алу жолындағы іздену деп ойлайтынмын. Ал Салли Анн Бичтің мақаласын оқығаннан кейін ол ойым айқындала түсті. Әсіресе маған ұнағаны сұрақ қою арқылы білім көзіне жетуге болатындығы. Өйткені сұрақ қою арқылы білмегенді білу,оған деген құштарлық,қызығушылық артады.
Менің ойымша оқушылар үшін айтарлықтай нәтиже бермейді. Сондықтан да бұл проблеманы жою мақсатында мен назарларыңызға жұмыс жасау арқылы шығарған өз стратегиямды (немесе әдіс-тәсіл дейміз бе?) ұсынамын. «Ойлану баспалдағы» атты айтып тұрғандай сатылап жүргізіледі. Және оның маңыздылығы, нәтижесі де соған байланысты. Ойымыз түсінікті болу үшін с «Адам және қоғам» пәнінде қолданған бірінші сәтті баяндап қарайық. «Демократия туралы жалпы түсінік» тақырыбын өткен кезде сабақ соңына таман мен тақтаға «халық» деген сөзді іліп қойылады және оқушылардан осы сөзді пайдалана отырып сұрақ шығаруларын сұрау керек. Әрине әр-түрлі сұрақтар шығады. Оқушы пікірлерін тыңдай отырып ең жақсы сұрақты таңдау оқушыларға дәптерлеріне жаздырту керек.
Бірінші сұрақ
«Халықтың дамуы үшін білімнің ролі қандай?»
Осыдан кейін оқушыларға екінші сөзді қосып беріп осы екі сөз арқылы жаңа сұрақ ойлау керектігін айтту керек. Олар «халық» және «қоғам» сөздерін пайдалана отырып, жаңа сұрақтар шығарады. Біз таңдау арқылы екінші сұрақты да анықтауға болады.
Екінші сұрақ
«Халықтың қоғамдағы ролі қандай?»
Келесі сатыларымызда оқушыдар «демократия», «құқық» сөздерін пайдаланады, жаңа сұрақтар шығарады. Сонымен біздің сатымыз былай болып шығады.
Саты: халық
Саты: халық,қоғам
Саты: халық,қоғам,демократия
Саты: халық,қоғам,демократия,құқық
Ал таңдау барысында менің ойымша оқушылар мынандай мағыналы сұрақтар шығарады.
1. Халық дамуы үшін білімнің ролі қандай?
2. Халықтың қоғамдағы ролі қандай?
3. Демократиялық қоғам халыққа не берді?
4. Демократиялық қоғамда халықтың құқығы қалай қорғалады және оның нәтижесі қандай?
Сұрақтарды осылай шығарғаннан кейін оқушылар олардың қандай артылықшылықтары барын атап көрсетеді. Жауапты үй тапсырмасы ретінде баспасөз материалын пайдаланып дайындауы тапсыруға болады. Нәтижесінде біз топта бұл мәселелер бойынша пікір- сайыс туғызуға қол жеткізеді.
Енді ойымды қорыта келіп, бұл стратегияның мынадай артықшылықтары бар деп есептеймін.
1.Оқушылар сұрақты ойлану арқылы өздері шығарады.
2.Мұғалімнің өздерінің пікірлерін құрметтейтінін көріп,сезінеді.
3.Оқушы белсенділігі артады.
4.Жеке немесе топтық жұмыс жақсы жүреді
5.Сұрақты шығару бірте-бірте күрделенеді, оқушының да бірте-бірте ойлануына әсер етеді (қарапайымнан күрделіге)
6.Басқалармен өз деңгейін салыстырады,алға ұмтылады.
7.Мұғалім ақылшы, бағыт беруші, ұйымдастырушы ретінде көрінеді.
«Ойлану баспалдағын» сабақтың барлық кезеңінде пайдалану жақсы нәтиже береді. Онымен бірге барлық сыныптарға да пайдалануға болады. Әрине тек оқушылардың деңгейіне, жасына қарай сатыдағы сөздерді дұрыс таңдай білу қажет. Ал тіпті дағдыланған кейін тақырып бойынша «Ойлану баспалдағын» оқушылардың кейбіріне өзбеттерінше құрастыруға сеніп тапсыруға болады.Бұл да оқушы белсенділігін сабақта арттыра түседі.
Оқушыларды жауап беру кезінде әртүрлі жолдарды іздеуге және ең қажеттісін таңдай білуге үйрету.
Оқушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыру үшін оларды жеткілікті түрде жаттығу жұмыстары мен көмекші құралдармен қамтамасыз ету. Сұрақ қоя білуге және оған жауап бере білуге үйрету. Әртүрлі дәстүрлі емес жағдайларға оқушыларды өз бетімен шешім таба білуге үйрету. Оқушылардың ерекше және пайдалы деген ойларын, пікірлерін, еңбектерін бағалап, мадақтап отыру. Жазу арқылы оларды оқыту әдісіне бейімдеу, сол арқылы білім беруге, жаңа сапаға қол жеткізу.
«Алғашқы адамдардың еңбек құралдары» тақырыбын өткенде оқушыларға осы тақырып бойынша не білетіндерін сурет арқылы салуға тапсырма беріледі. Салған суреттері бойынша олардың түсініктерін тыңдағаннан кейін ол суреттері тақтаға жинақталып салынды. Әрине суреттерге қарай отырып өз ойларын бір жүйеге келтіріп жазу тапсырылады. Қортындысында бір тапсырмадан екі түрлі нәтиже алдық.
Сурет бойынша білгенін ауызша баяндау | Сурет бойынша ойын жазу арқылы жеткізу |
кез келген суретке түсінік беру қысқа бірақ шашыраңқы ой кейбір мәселелерді қайталау айтқан түсігіне қорытынды жасау. | белгілі бір жүйеліліктің болуы өз ойын жеткізуде сөйлемнің толық аяқталуы суреттен тыс түсініктер беру ойына мүмкіндігінше қорытынды жасау. |
RWCT бағдарламасының ішінде жазу стратегияларының қайсысы болса да оқушының белгілі бір кезеңге, жаңа сатыға көтеріліуіне ықпал жасайтыны сөзсіз.