Қарағанды облысы Нұра ауданы
«Тірек мектеп (РО) «Щербаков жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Ғасырдың ғаламат ақыны»
Орындаған: Алтынова А.Н.
«Ғасырдың ғаламат ақыны»
Жүргізуші: Әрбір әрпін қаңға малған тарихына қарандар,
Отырардай опат болған қала жоқпа жараңдар.
Тату-тәтті бармысыңдар,армысыңдар,Адамдар!-деп М.Мақатаевтың жыр-жолдарымен сәлемдесіп,кешімізді бастаймыз.
Қымбатты көпшілік қауым,ұстаздар мен оқушылар М.Мақатаевың мерейтойына дайындалған Ғасырдың ғаламат ақыны атты сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатың өздерінізбен бөлісуге шақырамыз.
Мұқағалидің өмірбаянымен таныстыру:
-20-шы ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиқ ақын М.Мақатаев Алматы облысы,Райымбек ауданына қатысты Қарасаз ауылында 1931 жылы 9ақпанда дүниеге келген.М.Мақатаев көптеген отты өлеңдердің жүйрік поэзиясының небір әсем әндердің авторы.
Мұқағали өзінің дүниеге келген шағын былайша баяндайды:
Оқушы:
Жар салып,жасалмапты тойым анық,
Ағайын шұбалмапты қойын алып.
Уыз емген бұзаудай жатсам керек,
Уызына шешемнің тойып алып.
Мен жатыппын есен-сау бесігімде,
Алда боп ажалым,несібем де.
Титтей-титтей қырық күн сығалапты,
Қырық жамау құрым үй төсегінде.
Сақта мені салқын тау,жұпар далам!
Ұлы тістер бар шығар мұқалмаған.
Екінші рет білмеймін не боларын,
Бірінші рет,әйтеуір жұта алмаған!
Жүргізуші:
Осылайша қиындық жоқшылықпен өскен баланы шешесі Нағима оқуға жіберген.Оның оқу оқып,білімді болуын қалаған.
Оқушы:
Жалғыз ғана иесі баспананың,
Жалғыз соның бағамыз қас-қабағын.
Жалынады маған,жабығады,
«Қарғам менің оқуды тастамағын».
Тастамаймын оқуды аш қалғанда,
Қатерлі күн қатыгез басталғанда,
Тастамаймын оқуды үміт түлкі,
Бұлаң етіп,бұлтарып қашқанда алдан...
Тоным-төсек,ерімді жастанайын,
Тастамаймын,оқуды тастамаймын.
Ант етейін алдыңда алаң болма?
Жастайыңнан қуарған ақ самайын?!
Оқушы:
Міне осылай анасына берген антын орындап,қанша қиындық көрсе де орта мектепті бітіріп,Алматыға оқу іздеп аттанды.
Жүргізуші:
Шешесі баласына ақ тілеу тілеп,екі қолынан жетектеп,аласа үйде тұрмыс-тіршілігінің қиындығына қарамай,сапарына ақ тілеу тілеген екен.
Оқушы:
«Бар,балам,қала көрме қатарыңнан,
Қала көрме үмітті сапарыңнан».
Ақ бас «данам» атандай торы ат берді,
Торы ат емес,туырлық қанат берді.
Самғаймын болашаққа Ана-мекен,
Құндықтап қуанышынды ала кетем!!!
Оқушы:
Мектебің мынау классын,
Осында он жыл тұрасын.
Тарыдай болып кіресін,
Таудай болып шығасын.
Жүргізуші:
Осылайша үлкен өмірге қадам басқан ол,кейін тағдырдың талқысын көрсе де,еш уақытта қамығып жасымаған,өзін-өзі қайрап,қамшылап отырған.М.Мақатаев Арыз жазып кетейін деген өлеңінде өзі туралы былай дейді:
Оқушы:
Бүгін менің туған күнім
Ой,бәле-ай,
Мына адамдар неге жатыр тойламай.
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып
Мынау шапан
Мынау атын,мін демей.
Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым
Сенің қасиетінді білем деп,
Басқа өмірім өте ме екен әуремен.
Айтамын деп қуанышың мұнынды
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды.
Мен бәрібір өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең дағы ұлынды.
Тойланбаса тойланбасын
Не етейін
Той көрмей-ақ,сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін.
Оқушы:
Біз сізді ұмытқан жоқпыз.Ұмыта да алмаймыз.Қайта арамызға түскен уақыт сіздің тұлғанызды сақақтата түседі,сіздің балалық шағыныз туралы да білеміз.
Ән: Сәби болғым келеді
Оқушы:
Рас,әркім өз туған жерін,ата-анасын сүйеді ғой.Саған арнап жүрегінен шыққан жырын арнайды.Ендіше сондай өлеңдерін тыңдап көрейік.
Оқушы: «Отан»
Оқушы: «Қазақстан»
Жақсаттанды демессін сүйем десем,
Табынатын тәнірім ием десен.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіне сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасын,
Жанымдасын,ұлтым арымдасын.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағынды жамылғасын.
Қаны жайғасып
Өзінше түсін де ерек,ісін де ерек.
Сырым бар саған айтар ішімде көп,
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай-пай-пай
Ардағым-ай
Сен менің Шолпанымсың жанған удай
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт
Өлмейтін махаббатым,арманым-ай
Оқушы: «Қайран Қарасазым-ай»
Ән: «Саржайлау»
Оқушы:
Дос болам десең
Досымды сыйла қымбаттым,
Досыңа сонда,
Досымен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын.
Сендегі доспен дос болып сонда тұмақпын.
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін.
Өзіме-өзім мін артып
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан
Достардың барып,ауласында өлген мың артық...
Оқушы:
Халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын М.Мақатаев халқының даналығын жырға қосқан өлеңдерін ұрпақ тәрбиесінің тұмары етіп тағар маржаны деп түсінеміз.Ақынның алдына қойған қандай Үш бақыты,Бақыт бар екен тыңдап көрелік.
Оқушы: «Үш бақытым»
Оқушы: «Бақыт»
Оқушу:
Қашанда ақиқаттың туын көтеріп,әділдікпен адалдықты тең ұстаған ғажайып өлеңдерінде кең байтақ қазақ даласының әр түкпірінен алып ақынға жер жүзімен миллион адам түрлі пікір айтса да еш бір көлеңке түспей,өзінің оқырмандарын тапқан.
Оқушы: «Қырқыншы жылдар»
Жүргізуші:
Мұқағалиды жадымыздан еш шығармай есімізге мәнгі сақтап жүрейік деген оймен М.Мақатаевтың «Есіне мені алғайсың» әнің тыңдайық.
Ән: «Есіне мені алғайсың»
Жүргізуші:
Тірісінде сый көрмей кеткен ақын,
Тек өлген соң атағын жайған ақын.
Ежелден қазақтың бұл қасіреті,
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,
Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.
Барында бағаламай,білдік кейін,
Қазақтың айырылғаның қандай ұлдан?!
Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазам оған жқртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Иә өлең өлмейді.
Ендеше,оны жазған ақын да өлмейді.