Тақырыбы. Табиғатым – тал бесігім
Мақсаты:
Оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын амалдар туралы амалдар туралы түсінік қалыптастыру.
Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: табиғат туралы нақыл сөздер, табиғатқа арналған суреттер. мақал - мәтелдер.
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, пікірлесу
Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Негізгі бөлім
Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сендермен бірге «Табиғатым – тал бесігім» атты тәрбие сағатын жүргіземін. Бәріміз бірге қатысайық.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Қоршаған орта табиғат туралы, табиғаттағы құбылыстар, ырым - тыйымдармен кеңінен танысып түсінік аламыз. Табиғатқа деген өз көзқарасымызды, қамқорлығымызды, білімімізді сабақ барысында көрсетеміз.
- Елбасымыз кім?
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі...» деп айтқандай табиғат байлығы дегенді қалай түсінесіңдер?
«Ой қозғау»
Гүл - өсімдік ажары
Гүлдер жердің базары
Су - тірліктің өзегі,
Ақса болар өзені.
Ауа – өмір нәріміз
Тыныстайтын бәріміз.
Табиғат байлығы
Дән тамыры әріде,
Дәннен өсер бәрі де
Орман - табиғат дәулеті,
Ай мен құс әулеті
- Осындай табиғат байлығын дұрыс пайдалана білуіміз керек.
- Ол үшін не істей аламыз?
- Сонымен, адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, құтты берекесі.
Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата - бабамыз «Жер – қазына, су - алтын, мал - байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз – осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанын еш уақытта зиян тигізбеген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.
Суретпен жұмыс
(суреттерді көрсете отырып, қандай ырым – тыйым сөздер бар екенін сұрау)
*Үйге келген жыланның басына ақ сүт құйып шығарған.
* Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
*Көкті жұлма «көктей соласың» деп жамандыққа жорыған.
*Аққу – киелі құс, атуға болмайды.
- Біздің жерімізде жаңбыр өте сирек жауады. Осындай жағдайда жаңбыр сирек жауса қандай діни ырым жасайды?
Тасаттық – ауыл адамдары бірігіп, жаңбыр жауу үшін, құдайдан тілек, өтініш сұрайды. Мал сойып, құдай жолында садақа береді
Бүгінгі таңда ауа - райын теледидар арқылы немесе әр аудандардағы ауа - райын болжайтын синоптиктердің айтуынша біліп отырамыз.
Ал, бұрынғы кезде ата - бабаларымыз ауа - райын жан - жануарлар, өсімдіктердің, құстардың қозғалысына, тіршілігіне қарап, ауа - райын болжаған.
Мысалы,
• Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ болады яғни жаңбыр ұзаққа созылады.
• Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса жаңбыр жауып жел болады.
• Мысық бұйығып ұзақ ұйықтаса күн жылынады.
• Ай шалқасынан туса шаруашылыққа ауа - райы қолайсыз болады.
Шығармашылық жұмыс
– Түрлі өзгерістер мен құбылыстарға байланысты халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың 12 айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады. Мұндай табиғаттағы құбылыстарды халықтық болжамға немесе амалға балап былай атаған.
*Қазақ халқында «тасбақаның дауылы» деген ұғым бар. Ол жөнінде аңыз - әңгімелер өп кездеседі. Тасбақа тіршілігіндегі ерекшеліктің бірі – қысқы ұйқыға кетуі (кейде жазғы ыстық мезгілде де ұйқыға кетеді). Көктем мезгілінде көбіне сәуір айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды, боранды қатты жел соғады. Оны халық «тасбақа дауылы» деп атайды. Қысқы ұйқысынан шыққан тасбақа әлсіз болғандықтан сауытының үстінде қалған құм, топырақ қалдығын өздігінше түсіре алмайды ал сол кезде соғатын дауыл оның үстіндегі құм, топырақты ұшырып әкетеді, яғни тасбақаның ұйқысынан оянуы қатты соғатын дауылмен сәйкес келеді.
* Табиғат құбылыстарда болатын тосын жәйттердің көпшілігі даламызда кеңінен таралған ақбөкенге байланысты айтылған. Ақбөкен - киелі жануар. Оның тыныс - тіршілігі туралы халық ұғымдары көп. Соның бірі «құралайдың салқыны» деп аталады. Бұл ақбөкендер көктемгі мамыр айының 17 - 25 - і аралығында жаппай лақтау мерзіміне сәйкес келеді. Бұл кезде ол өте көп топ құрып, суы бар өзен жағалауына немесе қақ суы айналған шөбі мол жерлерде төлдейді. Бұл кезде ауа райы салқындап, ызғырық жел тұрады, жаңбыр жауып, артынша күн суытады. Бұл мезгілді «киіктің лақ өргізері» деп те атайды.
* Сәуір айының соңғы күндері 2 - 3 күнге созылатын суық жел соғып, тобыл жарған амал басталады. Бұл «тобылғы бүршік жарған» деп аталады. Яғни, өсімдіктердің тамыр жайып, алғашқы көк шыға бастаған кезі дегенді білдіреді.
«Сыңарын тап» ойыны
Мұнда мақал - мәтелдердің сыңарын табуы керек.
• Сәуір болмай,......... (тәуір болмас)
• Ағаш тамырымен мықты,
(Адам досымен мықты)
• Жауынмен жер көгереді,
(Батаменен ел көгереді )
• Таулы жер бұлақсыз болмас,
(Сулы жер құрақсыз болмас)
• Қыстағы қар – жерге ырыс,
(Жердегі ылғал – елге ырыс)
Қорытынды:
Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік. Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық дей келе
«Таза болса, табиғат,
Аман болар адамзат!» деген Фариза Оңғарсынова апамыздың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Мадақтау.
Сау болыңыздар!
Тақырыбы: Төрт түлік малға қамқорлық
Мақсаты:
Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.
Дамытушылығы: халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ, ой қозғау, топпен жұмыс, түсіндіру.
Нәтиже: 1. Оқушы төрт түліктің ерекше қасиеттерімен танысады.
Көрнекілігі: төрт түлік суреттер,жұмбақ,бояулар мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, бейнелеу.
Қазір біз 3 топқа бөлініп алайық. Үстел үстінде сандар жатыр. Сол сандардың кез – келгенін аламыз.
Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
І топ – « Түйе»
ІІ топ – «Лақтар»
ІІІтоп –– «Құлыншақ»
Сөзжұмбақ
Т А Й
Т Ү Й Е
Л А Қ
І Р І М Ш І К
К И І З
1. Жылқы төлінің атауларының бірі.
2. Жыл атауынан құр қалған жануар.
3. Ешкі төлі.
4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам
5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.
1 тапсырма Таныстыру
2 тапсырма Сұрақ-жауап
Тақтада төлдерінің суреттің ар жағындағы жазылған сұраққа жауап беру
1 Сиыр пірі кім?
2 Жылқыны қалай шақырады?
3 Қой қалай дыбыстайды№
4 Сүттен не дайындайды?
5 Жылқының пірі кім?
6 Нар деп нені атайды?
7 Түйенің төлін қалай атайды?
8 Лақты қалай шақырады?
9 Түйенің пірі кім?
10 Түйені қалай шақырады?
11 Ешкінің пірі кім?
12 Қойды қалай шақырады?
13 Жылқы қалай дыбыстайды?
14 Түйені қалай шақырады?
15 Сиырды қалаай шақырады?
3 тапсырма
Алдарына ермексаз беріледі. жануарының мүсінің жасау?
Көрермендермен ойын «Төлдерді боя» (боямақтар таратылады)
Сен білесің бе? Көрермендермен ойын
Қ азақ халқында малды ұстап байлайтын жабдық атаулары бар.
Түйеде – бұйда
Жылқыда - ноқта
Сиырда - бас жіп
Өгіз еркек малында - мұрындық
Қой - ешкіде – көген
малды топтап жаятын болған.
Түйенің тобын – келе
Жылқының тобын - үйір
Сиырдың тобын – табын
Қой - ешкінің тобын – отар дейді.
5-тапсырма Мәнерлеп оқу сайысы («Төлдер айтысы» атты кітапшадан үзінділерді мәнерлеп оқу)
4- тапсырма. Өнер көрсету (би,ән)
Қорытынды Қазылар алқасына сөз Марапаттау