СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты Отбасым – бақыт мекенім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты Отбасым – бақыт мекенім

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты Отбасым – бақыт мекенім»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қаралды: __________

МДТЖО Бисембекова С.













«Отбасым – бақыт мекенім»

6 сынып

тәрбие сағаты







Сынып жетекшісі: Сүлейменова А.Е.













2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Отбасым - бақыт мекенім».

Мақсаты:

  • Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

  • Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:сынып сағаты        

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

              Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.


Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасым - бақыт мекенім» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.


  • Оқушылар үздік отбасының суретін салады.

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 


  • Балалар, енді отбасы туралы сұрақтарға жауап берейік!


Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!