СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты сарыарқа.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты сарыарқа.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты сарыарқа.»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қаралды: __________

МДТЖО Бисембекова С.













«Сарыарқа – туған өлкем»

3-4 сынып

тәрбие сағаты







Сынып жетекшісі: Бигабулова Л.Т.













2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сабақтың мақсаты:

Білімділік арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сурет, кесте, авторлардың портреттері.

Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.

Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.


Тәрбие сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.
Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілі - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, тәрбие сағатымызды бастайық.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Тәрбие сағаттың тақырыбын ашу.

Кірпігімізді түсірсек,
Көзіміз жұмылады,
Енді еркін демалайық,
Ғажап қана ұйықтасақ
Көз алдымызға туып өскен,
Жерімізді елестетеміз
Аула толған гүлдерге.
Гүлдерді иіскеп
Таза ауамен демаламыз.
Қолымызды жоғары көтеріп.
Жұдырығымызды түйеміз,керілеміз.

-Балалар балалар жаңағы жаттығуда көз алдарыңа не елестеді.

-Туған жеріміз

-Дұрыс сол «Туған өлкем тамаша» деген тақырыпта әңгімелесеміз.

  1. Өз ойын білдіру.

Мақал: «Туған жердей жер болмас,
       Туған елдей ел болмас» - деген мақалды кім қалай түсінеді.

Өзіңнің туған жерің,елің  әрқашан ыстық болады. Алысқа ұзап шықсаң,сағынасың. Сондықтан да атам қазақ жер қадірін,ел қадірін осындай мақалдармен жеткізген.

-Қане, балалар, өз туған жерлерің жайлы не білесіңдер?

  1. Шығармашылық тапсырма:

Оқушыларды бөлек отырзып, тапсырма орындату.
1) Туған жер туралы өлең шығару
2) Табиғат көрінісін бейнелеу
3) Табиғат туралы мақал - мәтел, тыйым сөз жазу.


Туған жер туралы өлең шығару

Табиғат көрінісін бейнелеу

Табиғат туралы мақал - мәтел, тыйым сөз жазу.





  1. Сабағымды мына Б. Әбеевтің « Ұлыма арнау» өлеңімен қорытындылағым келеді.


«Ұлыма арнау»
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тілінде кеткен сөйлеп атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді
Саған берер, менің осы батам да.

Өзге ұлттан кем санама өзіңді
Қай кезде бол шыдамды, төзімді
Жүрсең дағы қай қиырда, қай жерде.
Сақта есіңде, менің осы сөзімді.

Қадірлесең жерді мынау киелі
Оның саған шарапаты тиеді,
Ел, жер үшін Қабанбайдай қанаттан,
Сонда ғана халық сені сүйеді.


Назарларыңызға рахмет!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!