| Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | Сыныптағы танысу. Сөйлем. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 2.1 Оқу түрлерін қолдану |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
| Тілдік құзыреттілік | Сөйлем-Предложение-Sentence |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
| Сабақтың ортасы 8 минут
| №1 Суреттің көмегімен сыныптасыңмен танысып көр. -Менің атым....... -Сенің атың ше? --Менің атым..... Танысқаныма қуаныштымын.
№2 Сызба арқылы танысып көр. Дәптермен жұмыс. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Сөйлеуде дауыстың өзгеруі жазуда арнайы белгілермен белгіленеді..?! |
| Сергіту сәті 1 минут | Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| Қызықты тапсырма 8 минут | Сурет бойынша тапсырма. Суретті сөйлет. ![]() | Түрлі тапсырмалар. Сурет. |
| Аяқталуы
16 минут
|
№3 Берілген заттардың алғашқы әріптерінен балалардың есімін тауып,олармен таныса аласыңдар.Бұлар сендер сияқты 1-сынып оқушылары. (Әли,Мерей) Тапсырма: Өз есіміңді суреттердің көмегімен ығарып көр.
|
Оқулық, дәптерлер. |
| Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
 |
Смайликтер |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |