«Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім»
Мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик, музыкалық фонограмма.
Сайыстың барысы.
Ортаға жүргізуші шығады.
Тілім барда мақтанам Тілім менің аппақ ән Бірлігім бүгінгі Ана тілім сақтаған.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
-Тілдер мерекесі баршамызға құтты болсын!
-Қасиетті ана тіліміз дамып, өркендеп, қанатын кең жая берсін!
«Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» сайысын ашық деп жариялаймыз!
-Ең алдымен, сайыс басталар алдында, сіздерге 4 «А» сынып оқушылары өз шашуын әкелді. Досумов Мадияр «Қазақстан» әні.
-Бүгінгі сайыста 4 сынып оқушылары қатысыды.
-Қошеметтеп шақырайық. (оқушылар бір бірден шығады)
-Әрбір жағдайда әділ шешім бере алатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1-Буланова Қ.Т.
2-Бралинова М.Ж.
3-Даулеталиева Б.С.
-Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда, сондықтан сайыс үш тілде өтеді: қазақ, орыс, ағылшын. Сайыста 4 кезең болады. Әр кезеңде тапсырма болады. Тапсырма ұпайлармен бағаланады.
Бүгінгі біздің сайысымызда төрт оқушы қатысады. Ойын болғаннан кейін мұнда жеңімпаздар мен жеңілгендер болады.
Ортақ мекен-жер шары,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
-Ойыншыларға сәт сапар тілейміз және жарысымызды бастайық.
«Өзін-өзі таныстыру»
(оқушылар өздері тандаған тілде өзі туралы айтып береді)
1 кезең: «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер»
-Тапсырма-«Сиқырлы әріптер»
(оқушыларға «Қ», «Ә», «Ө», «О» әріптері беріледі, олар бұл әріптермен сөздер құрастырады)
-Сіздер бұл әріппен бірнеше сөздер шығаруларыңыз қажет: бірінші сөзде 2 әріп болу керек, екінші сөзде 3 әріп, солай жалғастырасыңдар.
(тапсырмаға 3 минут беріледі)
2 кезең: «Өнер алды-қызыл тіл»
-Тапсырма-«Мақал-мәтелдер сайысы»
Әр оқушыға параққа жазылған мақалдар беріледі. Мақалды дұрыс құрастырулары керек.
1.Күш-білімде.
2.Мектеп-білім ордасы.
3.Отансыз адам, ормансыз-бұлбұл.
4.Өнер алды-қызыл тіл.
(тапсырмаға 3 минут беріледі)
Рослякова Таня мен Мейірім би «Қара жорға»
3 кезең: «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»
Тапсырма –«Сөздер құрастыру»
Оқушыларға бірдей «Балмұздақ» сөзі беріледі. Олар бұл сөзден бірнеше сөз шығарулары қажет.
(тапсырмаға 3 минут беріледі)
-Ал енді сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.
4 кезең: «Құс жеткен жеріне қонады.»
- Тапсырма-«Мәнерлеп оқу сайысы»
-Әр оқушы жаттаған өлеңдерін ұсынады.
-Бүгінгі сайыстың аяқталар кезегі де келіп жетті. Көптеген тапсырмаларды орындай отыра сіздер көптеген ұпайлар санын жинадыңыздар. Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
МАРАПАТТАУ.
-Сау болыңыз! Келесі кездескенше!