№39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі

Зияткерлік ойыны
Сыныбы: 5 «А», 6 «А», 7 «А»
Пән мұғалім: Өмірбеков Ғ.Ә.
2016-2017 оқу жылы
«
Эрудит» атты зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп
«Эрудит» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысқа қатысушы оқушылармен таныс болыныздар. Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары.
Сайысқа қатысушы топтар:
Жас талант тобының мүшелері.
5- сыныптан – Кебекбай Али
5- сыныптан – Жақыпбек Назерке
6- сыныптан – Маратхан Аружан
6- сыныптан – Мәтхалық Аружан
7- сыныптан - КебекбаевАди
7- сыныптан – Ерзат Раян
Жас ғалым тобының мүшелері.
5- сыныптан – Қалым Баян
5- сыныптан – Алмабек Алима
6- сыныптан – Алпысбай Гүлім
6- сыныптан – Абдықадырова Дина
7- сыныптан – Алахан Балнұр
7- сыныптан – Жұманқыһұл Нүрия
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.- дей келе. Бүгінгі сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.
Әділ қазылар алқасы:
1. География пәнінің мұғалімі – Әскербай Назгүл
2. Химия пәнінің мұғалімі – Мадыбаева Салтанат
3. Тарих пәнінің мұғалімі – Абдрахиев Бағдат
Сіздерді бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
«Білім» сайысы
«Мақал-сөз мәйегі»
«Логикалық есептер шешу»
«Кім қырағы»
Математикалық жұмбақтар
«Иә – жоқ»
1- кезең «Білім» сайысы.
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен –деп әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Жас талант тобына сұрақтар
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. Санның бір дәрежесі неге тең? (санның өзіне тең)
4. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
5. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)
6. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)
7. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
8. 0-ден үлкен сандар ( оң сандар )
9. π санының жуық мәні неге тең? (3,14)
10. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
Жас ғалым тобына сұрақтар
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция)
4. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о)
5. Кез келген санның нөл дәрежесі ( 1)
6. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
7. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)
8. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
9. Геометрия терминінің мағанасы ( грек сөзі жер өлшеу)
10. Координаталар жүйесін енгізген ғалым (Р. Декарт)
2- кезең: «Мақал – сөз мәйегі».
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік –деп, берілген мақалды толықтырып оқу. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
7 рет өлшеп,
1 рет кес.
2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.
Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
3-кезең: «Логикалық есептер шешу»
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
3. Сандар қатарындағы келесі санды тап?20,21, 23, 24,26, 27, … (29)
4. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)
5. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(17)
6. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?(20)
4-кезең. «Кім қырағы». Бұл кезеңде адасқан сөздерді тауып айтуы керек.
Сөздер: «ширек, шеңбер, математика, компьютер, түзу, сынақ, парта, радиус, периметр, теңдеу, бөлшек, кітап, қалам, дәптер.
5-кезең. Математикалық жұмбақ
1.Қос құлақты 100 тіс
Жүзінен бірақ іс түсті. (ара)
2.Бұтақ орнына мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
3.Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз (компьютер)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та,мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
5. Доп емес, дөңгелек емес
Ұқсас бірақ достарым
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
6. Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. (Х айнымалысы)
7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан – жағана қарамай . (натурал сан)
8. Бүтін сан, бөлщек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң,теріс сан бәрі осында. (рационал сан)
6-кезең. «Иә – жоқ». Бұл кезеңде қойылға сұраққа иә немесе жоқ деп жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресені жетті. Бүгінгі сайысымыздың қорытынды сөзін әділ-қазылар алқасына береміз.
Келесі сайыстарда кездескенше аман сау болыңыздар.