СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптан тыс шара

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: оқушылардың биология пәнінен білімдерін тексеру. Биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Топпен жұмыс жасауға дағдылау.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара»

Биологиялық BATTLE

6-8 сынып оқушылары арасында


Мақсаты: Оқушылардың биология пәнінен білімдерін тексеру. Биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Топпен жұмыс жасауға дағдылау.

Әрқайсысы 5 қатысушыдан құрылған екі команда қатысады: «Зерделілер» және «Білімділер»

Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

І кезең – «Бәйге» - әр командаға 5 сұрақтан оқылады, командалар сол сұрақтарға жауап беруі қажет.

ІІ кезең – «101 жұмбақ» - командаларға жұмбақтар оқылады – қай команда бірінші болып, әрі дұрыс жауап береді.

ІІІ кезең – «Ойлап тап» (денсаулыққа байланысты) - Ойыншылар жасырылған сөзді табады

IV кезең - «Ұлы тұлғалар» екі командаға ғалымдар туралы мәлімет беріледі, оқушылар бұл ғалымның кім екенін анықтайды.

V кезең – «Дезоксирибонуклеин» сөзінен биологиялық терминдер құрастыру

VІ кезең – «Қолтырауын» командаларға сөздер беріледі. Оқушылар сол сөздерді қарсылас командаға іс-қимылдарымен көрсету қажет.


І кезең – «Бәйге»

1 командаға сұрақтар:

  1. Өсімдіктер туралы ғылым (Ботаника)

  2. Адамдар қолымен өсірілетін өсімдіктер (Мәдени өсімдіктер)

  3. Өте ұсақ заттарды 100-ден 2000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (Микроскоп)

  4. Өсімдікке жасыл түс беретін пластидтер (Хлоропластар)

  5. Өсімдіктің жерасты мүшесі (Тамыр)

2 командаға сұрақтар:

  1. Жануарлар туралы ғылым (Зоология)

  2. Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктер (Жабайы өсімдіктер)

  3. Микроскоптан басқа ұсақ затты сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал (Ұлғайтқыш қол әйнегі – лупа)

  4. Өсімдіктерге қызыл, сары түс беретін пластидтер (Хромопластар)

  5. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі (Сабақ)


ІІ кезең – «101 жұмбақ»

  1. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ (су)

  1. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым (сәбіз)

  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пияз)

  1. Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреді бірге (Ай)

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (Қой)

  1. Ерте тұрады, жар салады (Қораз)

  2. Іші жұмсақ, сырты қатты

Еті қызыл, сүті тәтті (қарбыз)

  1. Терісі бар, жүні жоқ,

Жүрегі бар, ізі жоқ

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды (Балық)

  1. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде

Бірін бірі көрмейді (көз)

  1. Күннің нұрын сүйемін, Күнге басымды иемін,

Моншағым жоқ мойнымда, үлкен қалпақ киемін (Күнбағыс)


ІІІ кезең – «Ойлап тап»

  1. ....... – сатып алған ауру (Ішімдік)

  2. Арақ ішіп, .... шеккен,

Денсаулықтың түбіне жеткен (Темекі)

  1. ..... – улы зат (Есірткі)

  2. .... – денсаулық кепілі (Тазалық)

  3. Денсаулық - ..... негізі (байлық)


IV кезең - «Ұлы тұлғалар»

І топ – Әйгілі ағылшын жаратылыстанушысы. «Микрография» атты еңбегі 1665 жылы жарық көрді. Микроскопты ойлап тапты (Роберт Гук)

ІІ топ – Нидерландық микробиолог. Өзі құрастырған 150-300 есе үлкейтетін оптикалық шынымен көзге көрінбейтін қарапайымдар, бактериялар, эритроциттерді көрді (Антони ван Левенгук)

V кезең – «Сөз құрастыр»

«Дезоксирибонуклеин» биологиялық терминдер құрастыру


VІ кезең – «Қолтырауын»

1 топ сөздері: Гүл, аю, ағаш

2 топ сөздері: Саңырауқұлақ, жылан, қоян
























ІІІ кезең – «Ойлап тап»

  1. . . . . . . . – сатып алған ауру

  2. Арақ ішіп, . . . . шеккен,

Денсаулықтың түбіне жеткен

  1. . . . . . – улы зат

  2. . . . . – денсаулық кепілі

  3. Денсаулық - . . . . . негізі
























Антон ван Левенгук





ДЕЗОКСИРИБОНУКЛЕИН




















1 топ сөздері: Гүл, аю, ағаш





2 топ сөздері: Саңырауқұлақ, жылан, қоян















Тлектес жалпы орта білім беретін мектеп









6-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА













Әзірлеген және өткізген:

Базарханова Ә.Ж.