СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: «ЖИТС-21 ғасыр дерті»

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:  оқушыларды  ЖИТС  (жүре  п.б.  иммундық  тапшылық  синдромы)  немесе  ЖЖБА-дан  сақтану  әдістерін  үйрету,  төтенше  жағдай  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  білу  қабілеттілігін  дамытатын  қажетті  білім,  білік,дағды  /ББД/  қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: «ЖИТС-21 ғасыр дерті»»

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы

Алтын ауыл орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі Бекжанова Маржан Жұматайқызы


Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: «ЖИТС-21 ғасыр дерті»


І-бөлім


Кіріспе.

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбын «ЖИТС-21 ғасыр дерті» деп алып отырмыз.

Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға болады.

Мақсаты: оқушыларды ЖИТС (жүре п.б. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік,дағды /ББД/ қалыптастыру.


ІІ-бөлім


Арман: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

Жансая: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

Арман: 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

Жансая: 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

Арман: Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

2 жүргізуші: ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

Арман: ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын емжоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Жансая: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Баяндама: есіркті туралы.

Арман: Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарынатқаратын 18 орталық, 64 зертхана бар. Олардың жұмыс бағыттары:

1. Вирус жұқтырған адамды іздестіру.

2. Ауру адамды дәрілерлік бақылауға алып, вирустың әрі қарай дамуына жол бермеу.


Баяндама: СПИД туралы.


ІІІ-бөлім

  1. Нарколог дәрігерге сөз /мини лекция/.

  2. Спидолог дәрігерге сөз /мини лекция/.

ІV-бөлім

Пікірталас.

Сұрақтар:

  1. Вирустың жұғу жолдары?

  2. Вирусты өлтіруге бола ма?

  3. Аурудың алғашқы белгілері?

  4. Вирус қандай жағдайда берілмейді?

  5. Есірткіге тәуелділік дегеніміз не?

  6. Алдын алу жолдары /СПИД-тен/?

  7. Ол біздің елімізге қауіпті ме?

  8. ОҚО-ғы жағдай туралы не айтар едіңіз?

  9. Түлкібас ауданында СПИД-пен тіркелгендер бар ма?

  10. СПИД-пен ауырғандарға қандай көмек бересіздер?


V-бөлім

Диафильм көрсетілімі /5-мин/

(Наркомания туралы).


VI-бөлім.

Көрініс. «Круиз» ойыны.

Бұл ойынның мақсаты ВИЧ-инфекциясының таралуы жылдамдығы және одан сақтану жолдарын көрсету. Ойыншыларға №1.2.3.4.5.6.7.8 карточкілерін және бір ойыншыға резеңке қолғап үлестіру.

Ойынның шарты: жыныстық қатынас қол алысу түрінде көрсетіледі, резеңке қолғап мүше қаптың қызметін атқарады.

№1 ойыншы ешкіммен қол алыспауы керек.

№2 ойыншы №3 ойыншымен қол алысу.

№3 ойыншы №2 ойыншымен қол алысу.

№4 ойыншы тек резеңке қолғап арқылы қол алысу.

Сонымен бір топ жолаушы Жерорта теңізіне саяхатқа шығады. Жол-жөнекей Италиядан 2 жолаушы мінеді. Келесі аялдама Грециядан тағы да 2 жолаушы қосылды. Саяхат аяқталды тосын жаңалық.

№5 жолаушы Вич-инфекциясын жұқтырған болып шықты және №5 жолаушымен қатынаста болған саяхатшылар қауіпті топқа жатады. Себебі олар ешқандай сақтану шараларын пайдаланбады.

№1 ойыншы ешкіммен қол алыспады (яғни жыныстық қатынаста болмады), сондықтан дерттің алдын алды.

№2 және №3 ойыншылар тек бір-бірімен қол алысты.

№4 ойыншы резеңке қолғап (мүшеқап) пайдаланғандықтан дерттің алдын ала білді.

Ал қалған жолаушылар сақтану шараларын пайдаланбаған қауіпті топқа жатады.


VII-бөлім

Сауалнама, тірек-сызбамен жұмыс.


VII-бөлім

Қорытынды бөлім.

Арман: Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем көзімнен.

Тағдыр қылды деулерді,

Шығарамын сөзімнен. (С.Торайғыров).

Қорыта айтқанда әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.

Жансая: 21-ғасыр даму ғасыры. Адамға денсаулық 1-ақ рет беріледі. Ол өзінен-өзі жақсармайды. Оны үнемі күте білу керек. Ол үшін оқушының санасына «денсаулық», «әдемілік» ұғымдарын сіңіре білу керек.


Бата.

Көп ішетін қазақтан сақта

Ішкіш деген мазақтан сақта

Ішуден болатын апаттан сақта

Нашақорлықтың тозағынан сақта


Арақтан азбайық

Темекіден тозбайық

Есірткіден аулақ болып

СПИД-тен сақтанайық

Осы бір сұмдықты

Баланың баласына

Құя жүр санасына


Мұғалімнің сөзі: Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!