Зерттеу жұмысы

Орындаған: Жүсіпбекова Рәзия
Кіріспе
Әр елдің ұлттық болмысын, өмірге деген көзқарасы мен рухани өресін мәшһүр ететін
ежелден келе жатқан өнері болады. Талай ұрпақтың ұланғайыр көшін ұзатып,тар жол тайғақ кешуден өткен, тарихтың өн бойында өшіп кетпей халық тірлігінің өзегімен
өріле жалғасып келе жатқан асыл қазынамыз-айтыс өнері. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»дер тауып айтқанға астындағы атын сыйлаған мәрттік мінез де сөз құдіретіне бас игеннің белгісі.
Айтыс-ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр. Топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс-синкреттік жанр. Ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан.Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол кездеседі.
Айтыс-халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бір түрі болып табылады.
Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, мәдениет дәрежесі де, замана идеологиясы да, әдет-ғұрпы да,жалпы әлеуметтік және жеке адамдардың қарым-қатынасы да, заманға лайық өрбіген тартысының формалары да айқын көрінеді.Сондықтан, айтыс жанрының тақырыптары тарау болып бұтақталып кетеді. Сол бұтақтардың бәрі халық тұрмысынбіршама дұрыс бейнелейді.
Айтыс саласының зерттелуі мен ақындар айтысын кешегі кеңес заманында өркендеп, жоғалып кетпеуіне үлкен еңбек сіңірген тұлға,халқымыздың кемеңгері-Сәбит Мұқановтың
айтыс өнерінің табиғаты мен болмысын ғылыми жүйеге түсіргендігі баршаға аян. Ол «Айтыс» -«айт» етістігінен туған зат есім, өз мағынасымен айтқанда «Айтыс» екі кісінің сөйлесуі дейді.
Айтыс атауы айтысу, тартысу,дауласу, мағынасында туған десек, қазақ тарихында би-шешендердің жарысы қарапайым өнер емес, ол да белгілі бір ырғақпен, белгілі бір ой тереңдігімен жүзеге асырылатын өнер. Ал,айтыс-өлеңмен жарысу, ақындардың жарысы.
Айтыс-көпшіліктің алдында белгілі бір музыкалық аспапқа қосылып, қолма-қол туындайды. Оның сыншысы көрермен һәм тыңдарман қауым. Халық алдындағы айтыскер ақындардың бойынан бірнеше өнер: сөз өнері, әншілік, аспапта ойнау шеберлігі тағы басқа өнерлерді көруге болады.
Айтыс өнері-қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір кең саласы. Айтыстың алғашқы бұлақ көзі-тұрмыс- салт жырлары. Сонымен қатар айтыс өнерінің
майталмандары да аз емес. Сол майталмандардың бір бөлігі сыр бойының сүлейлері.
Негізгі бөлім
2.1 Сыр сүлейлерінің жазба айтысы
Сыр сүлейлерінң шығармашылығы Қорқыт сарынымен үндесе келе, діни сауаттылығымен көркейе түскендігімен көреміз. Алдымен «сүлей» сөзінің түп төркініне үңілсек, сыр сүлейлері деп аталатын топтың бағыт бағдары да айқындала түсері де хақ.. «Сүлей» сөзі арабтың «салауи» сөзінен шықса керек. Ол орысша «природный оратор» мағынасын білдірсе, қазақша «тума талант» немесе «шешен» мағынасынан туғандығы анық..
Сыр бойы ақындарының шығармашылығы шығыстық сарындағы дастан, толғау, терме,
насихат, сондай-ақ, нәзира аудармаларға бай, әрі көркемдік дәрежесі жоғары туындыларға өте бай.Десек те, сыр сүлейлерінің ең бел шеше араласқаны да, шығыстық үлгідегі болмысын тапқан жері де жазба айтыс төңірегіде екені даусыз.
Жазба айтыс- әдеби талабы басым өнер жарысы. Сыр сүлейлерінің жазба айтысын мазмұны мен стиліне қарай бірнеше топқа бөлеміз. 1.Жұмбақ айтыс; 2. Мысал айтыс;
3.Дастан айтыс; 4.Көңіл қос айтыс;
Айтыс о баста импровизациялық санамызға, салтымызға сіңген өнер болғанымен, жазба айтыстың талап-тілектері өзгеше. Мәселен «жырау» деп болмаса «айтыс ақыны» деп тану үшін ол адамның бойынан мынадай бірнеше өнер жиынтығын-синкретизмді көруіміз керек.
1.Айтқыштық , дарынды импровизациялық сөз шебері.
2.Домбырашы, қобызшы.
3. Замана, ел туралы терең толғайтын тебіреністе жүретін ойлы азамат болуы шарт.
Сыр бойы шайырларының жазба айтысын мағынасына қарай, шартты түрде үлкен-үлкен екі топқа бөліп қарастыруға болады.
1.Дін айтысы:Бұған Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Нақып қожа айтысы
2.Ру айтысы: Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омарының айтысы,
Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібінің айтысы, Кете Жүсіп, Тұрымбет, Жиенбай жырау айтысы.
Дін айтысының атауы дін болғанымен, аясы кең, атқаратын қызметі де көлемді. Оның ең көркем нұсқасы деп жоғарыда көрсетілген екі Жүсіптің айтысының мазмұнын әу баста дін болғанымен, бара-бара үлкен дау жанжалға ұласуы, білім жарысына, нағыз өнер сайысына айналуы, жазба айтыстың жанжақтылығын тануға мүмкіндік береді. Бұлайша топтастырғанда біз бір айтысты бастан аулақ дін туралы деп айтудан аулақпыз.Айтыстың
жалпы тууына себеп болған жағдайларына орай, болмаса, сол айтыстың өн бойында көтерілген мәселелердің ең көп талқыға түскенін ғана айтыстың негізгі сипаты деп танитындығымызды айта кетеміз. Мысалы: Тұрмағамбет пен Ермұраттың айтысының негізгі
бастауы Ермұраттың көпке таратқан жұмбағынан басталады да оны шешкен Тұрмағанбет
сөздерінің нұсқасы діннің төңірегінде өрбиді.
«... Тұтқан тең тәңірі әмірін, тұтпағанмен,
Депті ерлер диянатты, дүрім, тыңда!
Ғасы-деп аңдатқан ол барша құлға.
Тәңірі әмірін тұтқаннан тұтпағаны
Артық деп бұйырып тұр сақып шырға.
Тәңірі әмірін тұтсын біреу, не тұтпасын,
Күпір деп айтыпты анық ол ошал күрма.
Бар болса «Ақайытта» мұның шарқы,
Өлең қып отырма бос, басың шырма...» деп, айтар сөзінің мән-мағынасын дінге жақындатады.О баста жұмбақпен басталса да діннен жауабын тапқан
Айтысты осы дін айтыстарының қатарына жатқыщуына әбден болады.
Ру айтыстың, жалпы, айтысты туу табиғатына келіңкірейтінін рулық қарым-қатынас,
бәсекенің арқасында өзара сын көбейетіндігінен туындайтыны анық Ақындар кейде,
осы ру жарысының әсерінен де айтысып, білім, бақ сынасқан жағдайларына жазба айтыста
да кездесіп отырамыз. Олардың басты мақсаты бір-бірінен ілік іздеп, әрқайсысының өз руының мерейін үстем ету. Ақындар өз руларындағы жетістіктерді тізбелеп қана қоймай,
өздерінің де сол мықтылардың ізін қуып келе жатқандығын дәлелдеу. Ал мұндай жазба айтыстың күрделі түрлеріне тек діңі берік, қарсыластарын қандай дауыл соқса да шайқалмайтын, шебер ақындар ғана қатынаса алады. Сонымен бірге, олар биіктіктерін таныта алатын сүбелі жазба айтыстың туындыларын жасай да біледі.
Жалпы жазба айтыстарды ру, дін деп шартты түрде бөлгенімізбен жұмбақ, мысал сынды жазба айтыстың түрлері де осы үлкен салалардың ішіне кіретіндігін айта кеткеніміз жөн.
2.2 Нақып Қожа (Нақып Кенесарыұлы),
Қаңлы Жүсіп (Жүсіп Кәдірбергенұлы)
Жоғарыда айтқанымыздай, Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысының жұмбақтан басталып,
жұмбақпен аяқталғанда да ақындардың діни көзқарасын сақтай білуі, айтыстың деңгейін арттыра түскендігін көреміз. Кейде айтыстың тууына да осы дін жолының әсері болып отырады.Мысалы: Кете Жүсіп, Нақып Қожа, Қаңлы Жүсіп, айтысының басты мәселесі де,
дауы да сол дін, яғни қожа аталығынан шыққан Нақыптың молдалық үрдісін жасамай,
өнер жолында жүруі Қаңлы Жүсіп тарапынан сыналады да, сол сөзінің аясында Кете Жүсіптің дін-исламның «егесі-қожасына» тіл тигізген Қаңлы Жүсіпті сынауынан өршиді.
Соның нәтижесінде, үлкен әрі айтулы жазба айтыс дүниеге келді.
Сонымен, жазба айтыс-өнер жарысы. Ал ондағы білім мен қиялға шек қойылмайды.
Сол төңіректе сөз қозғау айтыстың негізгі мақсаты. Жалпы, Сыр бойы жазба айтыстың
ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Оларды мазмұны мен стиліне қарап бірнеше топқа бөлеміз:
1.Жұмбақ айтыстар.
2.Мысал айтыстар
3.Дастан айтыстар
4.Көңіл қос айтыстар
Жазбаша айтыста сөз болып жатқан жағдайға байланысты мысал келтіреді. Сол арқылы
Ақын өз ойын салмақтай жеткізеді. Тек оның ұйқасы, сөз қолданысы ақынның өз шеберлігіне байланысты және ол ақындардың ойы мен өрісін таныту үшін қолданылатын әдісі.Бұл туралы ғалым Т.Тебегеновтың «Мысал-хикаятты сөз арқауына алу-жазбаша айтыс жанрының дидактикалық-насихатты қуатын күшейте түсетін эстетикалық, сыншылдық,
тәрбиешілдік мұрат бағдарындағы көркемдік тәсіл...» деген пікірі бар.Әдетте ақындар жазбаша айтыстарда өз дүниетанымын, тереңдігін таластыра, оның айбаты осы мысал.
Әрине, ол мысал-мысал айтыстан бөлек. Мысал қарастырайық: Қаңлы Жүсіптің Нақып Қожаға жазған бесінші хатында
«Заманда бұрын өткен «шағыл» деген,
Тоғайда жүреді екен бір хайуанат.
Түн болса шаһар ішін кезіп жүріп,
Тағам жеп кетеді екен әр дәмдә ауқат.
Бір күні бояушының зауатына,
Түсіп ол болған екен түрлі сипат.
Таң атып, тоғайдағы аң көрді тегіс,
Көрмеген бір мақұлық ғажайыбат.
Арыстан шері,қабылан сұрады одан:
-Кімсіз, -деп кейн тұр,-ей мақұлитқат?
-Болған соң, хахтан пәпмен түстім жерге,-
Деді:-мен-көк туысы паки даният.
«Екен, деп-заһир мынау, заты шарпы»
Төреге түзу тұрып етті қызмет.
Себеппен сырын білмей бергені үшін
Ұлық боп сүрді дәурен неше мұрат.
Бұл күні нәсілі шағал қайда барсын,
Үн салып, ұли берді әнмен ғалат!...
әр нәрсе мен сондаймын дегенмен,
Асылы айтпақшы екен, асылы абат»-деп қожалықты қор етуді мысалдай жеткізеді.
Кете Жүсіп:
«Замандабұрыңғы өткен дүниесі мол-
Болыпты кәміл патша бір әділет»- деп, Нақыппен айтысы жөнінде өз пікірін білдіреді.
Қиялдың қанатында самғаған ақын ойынан туған мысалдар-Сыр бойы ақындарында жиі кездеседі. Себебі, сол кезде сыр бойы ақындарының шығармашылығы шығыс үлгісінде болып, мәдениет пен әдебиетке дәстүр дәрежесіне жеткен еді.
Жалпы жазба айтыстың тууына, жоғалыда айтқандарымыздай, аса бір дайындықтан,
саяси талап-тілектің болуы шарт емес. Мәселен, Жүсіп Кәдірбергенұлы Қаңлы жүсіп,
Жүсіп Ешниязов-Кете Жүсіп және Нақып Кеңесарылы Нақып Қожа айтысының туу себебі тіпті қарапайым, күнделікті тіршілік аясынан шығады. Мұнда айтыс кітабының түсіндірмесінде берілгендей, 1909 жылы Қаңлы Жүсіп Перовск (Қызылорданаң ескі аты)
Қаласына бару үшін поезға отыруға Қараөзек стансасына барады.Поездің кешігу салдарынан
Сол жердегі тарақты руынан шыққан Оразбай деген кісінің үйінде отыруға тура келеді.
Осы күні Оразбай да баласына отау тіктіріп жатады. Той болған соң ән-жырсыз отырмайтын
қазақты әдет бойынша мұнда да біреу жыр айтып жатады. «Бұл жырлап жатқан жырауларың кім?»деген сұраққа сыртқа шыққан кісі: «Осы ауылдың мектеп молдасы Нақып Қожа»-деп
жауап қайтарады. « Үйге кірген соң қайта шығуым қиын болар, сөйтіп кешігіп қалармын»деп ойлаған Қаңлы жүсіп басқа бір оңаша үйге барады.Қаңлы Жүсіп келді дегенді естіп, ол үйге ауылдың азаматтары жиналып қалады.
Әңгіме арасынада бір жігіт; «Жүсеке ауылымыздың қожасы Нақып күндіз имандық етеді,
түнде жыр айтады. Тақияда тамтығымызды қояр емес. Соған бір өлең жазсаңыз қайтеді?»дейді. Оған өлең жазу маған лайық болмас, қойыңдар деген Қаңлы Жүсіпті қолқалап, оқып болған соң жыртып тастаймыз деп, әйтеуір айтқандарына көндіреді. Қаңлы Жүсіп:
« Салем, қожекеме, даусын созған,
Жүйріксіз топты көрсең, арқаң қозған.
Көп мақтап көрінгенді көңіл бөліп,
Не керек епсіз жерге ерін тозған ?
Белгілі бектің мінер бедеуісіз,
Құр қодас құнанында тайдан озған »- деген –өлеңін жігіттер кідіртпей
Нақып Қожаға жеткізеді.
« Қожекең көпті көрсе даусын созған
Болсам да қанша жүйрік , топтан озған
Келіп ем, ат жібертіп шақыртқан соң
Болмаса емес едім жолдан азған
Білмедім қапнелімде кім екенін,
Шырағым , бұл қағазды қайсың жазған?
Қожаңды қапияда бір шошыттың,
Жылқыдай қалыңдағы үріккен тазыдан.
Атыңды кім де болса білдіріңіз,
өзіңдей үлгі алайық өнерпаздан » – деп жауап қайтарады.
Қаңлы Жүсіп : «Бұл ұятболды ғой , менің өлеңімді жыртып , отқа салдық деп неге алдадыңдар?» -деп , Нақып Қожаның өлеңін қалтасына салып кете барады.
Біраз күн өткен соң Нақып Қожа айтып жүр, «Жүсіп маған өлең жазыпты : «Қожаға өлен айтқан ұят қой» деп, мен де оған өлең жаздым. Сол өлеңіме жауап қайтара алмай, аяғы аннан-саннан бір тиіп кетіп барады деп жүр ғой. Қалайда соған бір жауап қайтарғаныңыз жөн» – дейді. Бұл сөз Қаңлы Жүсіптің намысына тиіп , Нақып қожаға арнап екінші хатын жолдайды. Мұнда ол қожа әулетінің жиын тойда өлең айтып жүргендігін сыйлайды.
Кісіге өлеңмен сын айту, кемшілігін көрсету, ой білдіру айтыстың тіленіп тұрған сылтауы, себебі емес пе? Нақып Қожа да «Көпшілік қаумалаған соң айттым, өлеңді халыққа шашуды молдалар теріс көрмейді. Өзің болсаң өнер деп дұғадан құр қалып жүрсің ?»- деп уәж айта бастырмалатады.
Осылай Қаңлы Жүсіп пне Нақып Қожа арасындағы қызу айтыс бастау алады.
Енді Қаңлы Жүсіп одан ары:
«Ей, тақсыр, ой аударып, бұл сөзге бақ
Салыпты бір ауыз сөз көңілге дақ
Атаңнын мирасын қыл деген сөзім
Тиіпті маңдайына болып таңлақ.
Қараның, қожа түгіл, Қариясы да ,
Домбыра көреді ұят топқа тартпақ »- деп қожалық жолдың үлкендігін саралай жөнеледі де:
«Кір қылып ата жолын нан жегеннен,
Жалданған жақсы емес пе мастерге айлап?
Ақиқат ұстасуға кетсе көңілің,
Қожалық керек сізге атын жоймақ »,-деп тіпті «Сен қожалықтан кеттің дегенді мегзей өлеңдетеді.
Бұған Нақып Қожа « Кісіні босқа қараламай, өзіңнен әділеттілікті көрсет, жөн сілте , шариғаттан сұрасаң мен дайынмын »- деп өзінің айтысуға пейілді екендігін танытады. Қаңлы Жүсіп төртінші жауап хатын және жібереді:
« Қожаға Нақып атты бізден паям
Болғайсың есендікке әли дауам...
Атынан әулеттіктің кет садаға
Айырылған ата ізінен құлқы харам» – деп сөгіп бастайды да, діни білімін:
« Аяғын мінген аттың сынамаққа
Сұраған екен шайтан әзіраттан
Деген екен көріп, сынап аяғы төрт
Болмаққа тақсырқалас сыналмақтан
Атаңның аңғартайын ақ жолы-осы,
Хадисте: лебіз-шырын, шекер-қанттан»-деп сарыптай,мысал қылып айтады.
Ескерте кететін бір жай, кітап түсіндірмесінде Нақып қожаның төртінші жауабының
Негізін сақтай алмаған Үбіажар Толыбеков (1878-1944) туралы жазады. Ол кісі Нақып
Қожаның төртінші жауабының мазмұнын «Қаңлы Жүсіп маған арамза депсің. Олай
деуге дәлеің қайсы? Арамза өзің ғой. Сөздің шышына келсек, сенің шешең орта жүздің
жүйрігі Орынбай жыраумен сыбайлас болған, сен одан ақын болып туғансың. Әйтпесе,
Сыр бойындағы ат төбеліндей қаңлыдан ақын болған кім?»-деп сөгеді-деп қысқаша баяндапты.
Ал мұндай ауыр айыпты ақын қалай жеткізеді екен, қандай теңдеулер мен жеткізеді екен деп ойламай кете алмаймыз.
Бұл сөзге Қаңлы Жүсіп қатты ашуланып, бесінші хатын жолдайды. Бұл жолы Жүсіп қатты толғап, нығырлай сөйлейді: «Сен қожамын деп лепірме,тіпті сен қожа түгіл қазақтың бірі емессің» дегенді айтады.
Айтыстың барысын әңгімелей отырып, алдымен аузын айға білеген ақындарымыздың келбетін айқындап алсақ , әңгімеміз ашыла түсетіеі анық. Өйткені, айтыс ә дегеннен екі ақынның тегі, ата-баба әулеті (Қаңлы,Қожа) аясында ұшынып бара жатқанын аңғарамыз.
Айтысты бастаған Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы (1873-1923) Сыр бойының қазіргі Сырдария ауданында өмір сүрген, ұлы жүздің Қаңлы руынан шыққан, шығыс медіресесінен білім алған ақын. « Мағпура Қыз » , « Мәрді салық », « Жүкті қыз » , т.б. ондаған дастандар жазып, сыр елінің әдеби байлығына мол үлес қосқан кісі. Жазба айтыста Шәкей сал, Керейт Даңмұрын, Қарасақал Ерімбеттің жазған жұмбақтарын шешуде көрінеді. Мысалы: Керейт Даңмұрынның жолдаған жұмбағын шешуде:
«Сұрайтын сұраушыдан білем десе,
Әбжадтан есеп қылсын Жүсіп атын
Сол кезде анық байқар көзі көрер
Мақұлықтың жұмбақ қылған сұр сипатын...»-деп немесе Төлегенмен жұмбақ айтысында:
«Тартпаққа таразыға тәжібибесін
Белгісі білімдінің бойы сұңғақ»-деп жазғандарынан оның өлеңге үлкен ақындық талантпен келгендігін байқаймыз.
Сыр саңлықтарының бірі Нақып Қожа Кенесарыұлы туралы көп мәлімет жоқ...Алайда ол 1872 жылы туылып 1918 жылы дүние салды деп жазылып жүр.Бірақ кейбір туған-туыстарының арасында Нақып қожа 1931 жылы Өзбекстанның Қызылқия деген жерінде қайтыс болды деген сөз бар.Нақып ескіше сауатты,молдалықты ақындықпен қатар ұстаған кісі.Ата-тегін сараласақ,әйелі Күдері қожа Көшекұлына жақындығы бар.Ежелден дін исламның иесі деп танылған қожалар елге қашанда қадірлі болғаны анық.Ел аузындағы аңыздарға сүйенсек,Нақып қода мен Қаңлы Жүсіп айтысының басталуы арасында кездейсоқтықтың,кейбір мәліметтердегідей жыр жырлап отырған молда Нақыпты мұқату үшін ауылдың қуақы жігіттерінің жол-жөнекей дәм тартып,Қараөзек стансасында кезіккен Қаңлы Жүсіпке қолқа салуы үлкен айтыстың басталуына себепші болды деуіміз де кейде сыңаржақ айтылған сөз бе деймін.
Жалпы жазба айтыста жеңу,жеңілу деген шешімдер бола бермейді.Өйткені,он ойланып,тоғыз толғанып жазылған өлеңнен барлық поэзияға қатысты шарттар табылса керек.Ақындар көркемдік,теңеу,образдау,тереңдік,т.б. сөздің қуаты мен шеберлігінің деңгейін тануға тырысады.Мысалы,ә дегеннен-ақ Қаңлы Жүсіптің «Белгілі бектің мінер бедеуісіз» деп Нақыптың арғы тегі қожа,ақсүйек екенін мегзесе,артынша-ақ,»Құр қодас құнанында тайдан озған» деп қодас сөзін мақтаншақ мағынасында қолданып,Нақыптың жеке басына сын тағады.Бұндай тосыннан шүйліге түскен сынға мына жауабынан оның абдырап қалғаны байқалады:
“Қожаңды қапияда бір шошыттың
Жылқыдай қалыңдығы үріккен таздай...”,тіпті,
«Атыңды үлгі алайық өнерпадан»-деп кекете кішірейіп,сабасына түскендей болады.Бұл Қаңлы Жүсіптің дәл,анық сын таға білуі,сөз қуатына сенген жүйріктігін танытады.Жүйесін тауып айтылған ой айтыстың одан әрі қарай дамуына ықпал етеді.
Бірнеше жауаптасулардың ішінде Қаңлы Жүсіптің қағытпаларына нақты жауап қайтарылады.Дегенмен Қаңлы Жүсіптің:
“Қасынан болса жақын кім жүргендей
Баласы бір туғанның қотыр-тайлақ...”
Немесе,
“Атынан әулеттіктің кет садаға
Айрылған ата ізінен құлқы харам,
Сондай-ақ, Бейшараша бұлдыр-милау зейініңнен,
Неңді алған көрінгенге бұл соқтыққан” деген сүйектен өтер сөздері Нақып қожаның намысына қатты тиіп оған:
“Бес күндік песірлікті көтере алмай,
Әркімге сөз жазасың оттй шалқып...,
...Бетіңе,етің түгіл қи жақса да,
Бергенді тастамассың сен де қайтып...” деген сөздің бұрынғы салмақтылығынан асып,қарсыласына сөз қаруын аянбай жұмсаттырады.
Алайда,алдаспандай өткір тілмен сөзді топан судай үстемелете төккен Қаңлы Жүсіптің екпінінен қорқу ма, әлде кеі рулы екі ақындардың абыройын ойлады ма, әйтеуір, Нақыпқа ауылдастары жауап жаздырмай қояды.
Содан іле-шала Қаңлы Жүсіпке Сырдың жүйріктерінің бірі Кете Жүсіптен хат келеді.Алғашқы ха былай басталады:
“Бек Жүсіп жауабыңа жолданды хат
Уақытында душарласпай құратау шат...” дей келе қожа Нақыпқа тиісуің дұрыс емес деп аяқтайды.
Қаңлы Жүсіп Кете Дүсіпке жағдайды талдап тарқатып:
“Атаңның айтқан уағыз жолын ұстан
Деп айттым сындыр мойнын ақымақтың
Әулеті әулиенің болса егер,
Не ләзім кешсе суын лай-батпақтың”-деп өлеңдетеді.
Осындай қағытпаны бүкіл ел естіді.Үлкендер Нақып қожаға басу айтса,сол кездегі ақиық ақындар Тұмағанбет,Тама Кеңесбай Сүйенішбайұлы,Жаппас Аппаз Жолдыбайұлы екі ақынды ушықтырмай, сөз сайысын тоқтатуға шақырады,аралық сөз жазады.Оған тоқтай қоятын екеуіде осал ақын емес.Айтыс екінші,үшінші,төртінші жауаптасумен жалғаса түседі.
Тек Кете Жүсіптің бесінші хатынан кейін ғана Тұрмағанбет ақын екі Жүсіпке өлеңмен басу айтады.Тіпті,бұған керейт Даңмұрын және осы кіші жүз ақындарының қатарына сонау Шиелі аймағының ақындарыны найман Мықан Балтекейұлы мен арғын Мансұр Бекежанов та араша сөз жазады.Сөйтіп,жеті жылға созылған бұл әйгілі айтыс 1915 жылы аяқталды.
Жазба айтыс та өнердің бір қиын саласы.Ауыз екі айтыстың бір сәтте топ алдында айтылатындықтан сөз қодану оңай емес.Ал жазба айтыста сөз саптау,теңеу,ойды нақты жеткізу,білімді таныту,қиялмен жарасу-барлығы сараланады.Тіпті ақынның жеке басының ерекшелігі де үлкен дауға қалдыруы ғажап емес.Бұған дәлелді Нақып Қожамен Қаңлы Жүсіптің шу бастан сөзді «Қожалыығын» жасамады деп соның аясында бірін-бірі мұқатып ауыл адамдарының «дәстүр жалғастығын жасамады» деп жеткізген әңгіменің арқауынан тұтындырса,оған қарсы уәж ауту ауызекі айтыстағыдай
Нақыптың:
“Өзіңде болмағансоң,сөз жазыпсың,
Ұнатпай Нарекеңнің жырлағанын.
Ортаға көп алған соң,ұйғарысып,
Дұрыспа айтпай өнер «ұрлағаным»,
Молдалар теріс емес деп айтады,
Жөн келсе жұрттың кеулін аулағанын !” деген жолдарынан аңғарылады.
Бұл жалпы айтыс өнерінің табиғаты.Ал,жазба айтыстың артықшылығының бірі-сөз саптау,салмақтау.Мәселен,Нақыптың Қаңлы Жүсіпке бірінші қайтарған жауабы Жүсіптің өз ұйқасына құралады,Нақып:
“Қожаңды қапияда бір шошыттың,
Жылқыдай қалыңдығы үріккен таздан”-деп сезімін жасырмай,салмақтай жеткізеді.
Одан әрі айтыс Сыр сүлейлерінің сол кезгі дәстүрінше 11 буынды,шалыс ұйқаспен,толғау түрінде дамиды.Айтыс барысында тиянақты уәж,талғамды ой,табанды пікір,түрлі қиял,өткір сын жарыстырылады.Айталық,Нақып қожаның “ісін қылма,айтқанын қыл”,немесе, Қаңлы Жүсіптің:
“Елт кезіп,маған десең есерлік ет
Арқаңа домбыраңды мықтап байлап” деген иронияға толы сезімін жеткізеді.Сондай-ақ,хаттың аяғына жазушы ақын өз атын қоса өлеңмен жазып отырған.Мысалы:
“Жазушы Қаңлы Жүсіп есімін айтып
Артына сізге ләзім қолын қоймақ”.
Сыр бойы айтыстарында араб жазы көп танылады.Оған мысал Нақып қожа,Қаңлы Жүсіп,Кете Жүсіп айтыстарында ”Болмай ма,махфи (құпия) айтсақ жол көрсетіп?,Перзентім кішік болса талиптар (тәрбиелі,білімді)” деп,”Иншалла,халас (бос,қалас) болмассың мехнаттан” деген сөздерінен айқын байқалады.Сондай-ақ Қарасақал Ерімбет пен Қаңлы Жүсіптерде де араб жазулары көп ұшырасады.Мысалы:”Миуалың пәр алмаған неси бостан (миулы нәр алмаған неше бақтан)”;
Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібінде:
“Жаңғалақ,жаhіл өскен жарғатайдың (надан)
Мазмұнын өңдеп жазған ырсылаттан (жазылған еңбек)”.т.б.
Сыр бойы ақындарының бұлайша арабшаны молынан қолдануы-олардың білімін танытады.Сыр бойына шығыс поэзиясының озық үлгілерінің ертеден-ақ,әсер еткендігі туралы жоғарыда айттық.Демек,Сыр сүлейлері шығыс поэзиясына қанық.Сол дәстүрмен сусындап өскендігін көреміз.Олар шығыс әдебиеті арқылы дүние танымын байытады,әлемдік әдебиет,мәдениет кеңістігіне ұмтылыс жасайды.Сүлейлері шығыс поэзиясына қанық.
2.3 «Алты ақынның өмір жайлы жазба айтысы»
Сыр сүлейлері теке-тірес,ұзын-сонар айтыстарға баратын баспалдақтардың үлгілерін жасай білген.Олар үлкен додалы сөз жарасында сыр бермейтін,саяз шықпайтын нағыз хас жүйріктерді дайындауды да мақсат тұтып,сол бағытта әдемі жазба айтыстың бірі- “Алты ақынның өмір туралы айтысы” деген айтыс.Жинақтап баспа бетін көруге мұрындық болға Мардан Байділдаев ең алғаш оны 1962 жылы халық ақыны Мұзарап Жүсіповтың аузынан жазып алған.
Айтысқа Сыр бойының айтулы алты ақыны:Тұрмағанбет Ізтілеуов
(1882-1939), Шахар Құлмырзаев (1876-1934), Керейт Шәді Сеңгірбаев (1890-1933) және Молдағаи Құлмырзаев (1900-1974) қатынасады.
Сыр бойындағы өзге айтыстардан бұл айтыстың мәні,мазмұны,түрі де ерекше.Айтыс Сыр сүлейлерінің ұстазы салалған Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Шораяқтың Омарына жазған хатынан басталады:
“Келтірмес өлімді ойға,нәпсіге ерсең,
Нәпсіге,ер емессің ерік берсең.
Тастайды ара шөлге адастырып,
Алдыңа «әуес» атты қойып көрсең
Қанағат сол уақытта етпес көңлің,
Бар мүлкін бұл жалғанның жиып-терсең
Олардан,асылы,пайда көре алмайсың,
Айырылып,денсаулықтан азап көрсең.
Жеріңе көңілге алған жеткізе алсам,
Нарқы арзан нәпсі жабы,нағыз тершең.
“Семіз,-деп-сере шығатын қабырғасы”,
Біз жүрміз тепеңдеумен мініп ершең”
Осылай құйылған жыр жолдары бір қарағанда айтыс поэзиясынан гөрі терме-нақыл-өсиет өлеңдерге ұқсайды.Айтысқа бастау боларлық сұрақ, жұмбақ не сын айтылмайды.Нәпсіні тыю-адамгершілік,азаматтық екенін айтқан Тұрмағанбет адамның қанағатпен өмір сүруінің оңай еместігін,тіпті солардың қатарында «біз жүрміз тееңдеумен» деп өзінің де,өзге қазақтың да бар екнін айтады.Ақын қанағатсыз болмысқа налиды,олың «ар шөлге адастыратынын» айтады.Айтыстың «өмір туралы» деп аталатын себебі де осы.
Ойшылдықтың үлесін көрсеткен Тұрмағанбеттің қиссалық әдебиеттегі орны бөлек.Оның осы қабілетін бағалаған Омардан:
“Қайғысын бұл жалғанның қабат ойлап,
Қайтеді ақылыңды екі бөлсең?
...Ей,інім,ақылың алға аңдауымда,
Тұрақсыз туысыңа жүрген жөңсең...” деп Тұрмағамбетті түпсіз ойдан шығарып,ширықтырмақ ниеттегі ағалық өлең-өсеитін жолдайды.
Тұрмағамбет пен Омардың бұл жазғандарына Кете Жүсіп те өзінің ар мен ұят туралы пікірін өлеңмен жазып жеткізеді.Иман-сауаптың барын баяндайды.Одан соң,Кете Шахар ақын жоғврыдағы үш ақынға «тірлікте ат шығару қиын еместігін», «орынсыз ойнап-күліп босқа уақыт өткізбеу керектігін» айтып үн қосады.
Кете ауылы ақындарының бұл додасынан керейт Шәді ақын да құр қалмай:
«Данаң бар,дарияң бар,ақылың бар,
Кетенің сөз жазыпты дүрлері өңшең» деп бастап,халық үшін қызмет ету-сауап іс екенін айтып,өсек пен өтіріктен қашып,шайтанның сүйген асы-арақпен араз болуын қалмайды.Бұған зейінді,білімді көсемдердің өмірін үлгі етеді.
3.Қорытынды және ұсыныстар
Соғыс жолдарында бәсеңдеу дамыған айтыстың қайда жаңғыуына зор үлесін қосқан- Шайтұрсын Әбдібаев.
Шайағаң 1976 жылы Тәңірберген Қалауовтың орнына филармонияға басшы болып барады.Солайша Сыр ойының ақындары басын қосып дамыта түседі.
Ғасырлардың жылына жалғасып жатқан айтыс өзінің ұзақ үзілісінен бұрын соғыс жүріп жатқан 1942 жылы Қызылорда қаласында өткізіліпті.Айтыстың төрағасы (осылай аталады) марқасқа қазақ Құрманбек Жадарбеков блған екен.Міне,айтыс ажал сеуіп тұрған соғыстан да солықпаған.Бірақ содан кейін жиырма бес жыл айтыс ауыз ашпайды.Ұлт рухы болған сол айтысты қайта қалыптасуына ықпалды кісілердің бірі-Шайтұрсын Әбдібаев болды.Шайағаң мұны былай өрбітеді:
«1968 жылы облыстың атқару комитетінің бөлім бастығы Жарылқасын Үмбетов өзіне шақырды.Сонда барағанымда тақиялы сары кісіні көрдім.Үмбетов оны «Манап Көкенов деген қожа» деп таныстырды.Еркін сөйлейді.Көңілді екен.Сосын байыпқа түсіп айтыстың өшіп бара жатқанын;оны Манап екеуміздің күл астындағы шоғын қоздатып қайта тұтындыруымыз керек екендігін айтты...» Сүйтіп,Манап пен Шайтұрсын алдымен жыр айтып жүрген,ақындығы байқалатын кісілердің тізімін жасады.Айтыс үнемі өтіп тұруы үшін оның өз нышандық белгісі-символы болуы шарт деп шешеді.Мұны суретші Серік Пірмахановпен ақылдасып айтысқа домбыраның суретін салй керек және оған қос қанат тақты.Осылайша,Серік Пірмахановтің айтуымен қос қанатты домбыра дүгиеге келді.Манап пен Шайтұрсын айтыскерлерлі,не жайлы айтатындарын,символды дайындап алып обкомның идеология басшыларына баяндайды.Бірақ олар бұл идеяны қолдамады.Оларға естеліктің заты қара домыраның қанат байлап бүкіл дүние аспанын шарлап бара жатқаны елестетеді ме,тіпті қағазға салынған суретті ұша жөнелетіндей көріп «ананың қантын қиып тастаңдар»деп қиғылық салыпты.Шынымен-ақ ол кезде жырды,фольклорды асыра дәріптеуге жол жоқ болатын.Бірақ олар домбыраның сол қалпында айтыс төрінде тұрғанын қалады.Сонда Шайтұрсын мұны дереу Мардан Бейділдаевқа хабарлайды.Мардан аға келіп оларға «өнерің қанат бітпесе,өлгеніңде ешкім жоқтамайжы» дегенді айтып ақыры оларды көндіреді.
Бірде Манап Мүтәліппен айтысып жеңілді.Жеңілгенін мойындап орнынан тұрады.Манап сөзден жеңілмеп еді.Мүтәліп Жаңақорған ауданының кемшілігін бетке басты.Сонда аудан әкімі отыр еді.Манап айтыстан соң аудан басшысына «Мен жеңілген жоқпын,Жанпейісов,сен жеңілдің» дегенді айтады.
Бір айтыста Жамбылдық Серік Қалиев аралдық Бекұзақ Тәңірбергеновке «Мен сенің қонағың ем,қонаққа бас бермедің» деп тиісті.Ал,Бекұзақ оны «қазақта күйеуге бас тартқанын көріп пе едің» деп «сойып» салды.Шынында да Серік Қызылордаға күйеу болып шықты.Мұнан біз Сыр бойы ақындарының салт-дәстүрге берік екенін көреміз.
2006 жылдың 5 желтоқсан күні Қызылорда қаласы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 15 жылдығы мен Жалңтөс Баhадүр 430 жылдығына арналған ақындар айтысы өткізілді.Бұл айтысқа Қазақстаннан 22 айтыс ақындары қатысты.
Сыр Бойының қазіргі айтысына өз үлесімді қосып келемін.Ең алғаш 2005 жылы айтыс өнерінің зерттеушісі Мардан Бейділдаевтың 80 жылдығына арналған айтысқа қатысып бас жүлде иегері атандым.
Айтыс өнерінде пір тұтар ақындарым айтыстың қос кербезі,баға жетпес арулары Сара мен Қарлығаш.Сыр Бойынан үлгі тұтарым қалжыңы мен шыны аралас жүретін Мұқтар Ниязов.
Қазіргі Сыр бойы айтыс ақындарына айтар ұсынысым «Қорқыт сарынынан бастау алып,Шығыс үлгісінде дамыған Сыр Бойы айтысын Батыс үлгісімен шатастырмаса екен»
Әуелгі бес ақынның да ой жарысын жас ақын сарықасқа Молдағали өзінше жастық көңілмен өрнектейді. Ол « ойдағының бәрі болып, Ұлықпандай дәурен сүргеннің жақсы» екенін айтады.
Алты ақынның бұл жазғандары айтыстың сөз майданы емес , ой-пікір, қиял жарысына құралған .Өмір, тіршілік, адамгершілік туралы толғаныс арқылы ақындар ненің жаман, ненің жақсы екенін саралайды.Ой қозғайды. Басқа жазба айтыстардағыдай сұрақ қойып , жауап қайтару кездеспейді. Бірін- бірі сынамайды.Авторлар ойларын жұмбақтайды. Даңғайыр ақын Тұрмағамбеттің толғанысын әрі қарай өрбітіп , өз пікірлерін жырға арқау еткен ақылдардың барлығы әдепкі ақының қолданған өлең ұйқасын, өлшемін сақтай білген. Сондықтан, ұйқас қайталамау үшін ақындардың шеберлігі де сыналады. Алтауының өлең мазмұны өмір жайлы жалпыға өсиет болғандықтан ақындардың төрешісі де, сыншысы да халық. Мұндай ерекшелік тек жазба айтысқа ғана сыйымды болмақ. Өйткені, әр ақынның шеберлігі мен білім дәрежесін аңғару үшін салғыластырып сөз жарыстырмай-ақ немесе жұмбақ жасырмай-ақ , ой сабақтап, пікір жазысу да жеткілікті. Ал, Сыр сүлейлерінің ұстазы атанған Тұрмағанбет Ізтілеуов жазба айтыста осы жаңалықты жасады деуге толық негіз бар.
Тұрмағанбет енгізген бұл түрді жазба айтыс үшін ғана емес, өлеңге талап қойған әрбір ақынға үлгі боларлық дүние деп бағалауымыз қажет. Себебі, жазба айтыстың ерекшелігі мен мақсаты-ауызекі айтыстардағыдай бірін-бірі жеңу , уәж ғана айту емес, адамгершілік, өмір, өлім, жалпы сан тақырыпты қамту, ақынды сарқа сөйлету. Осы ерекшелікті меңгерген Т.Ізтілеуовтың бұл бастамасы құнды деп бағалаймыз.
«Алты акынның өмір туралы» сөз ойлап 1915-1920 жылдар шамасын қамтитынын болжау қиынемес. Себебі, жас шамалары әр қилы ақындар заманында бір жүрмесе де, бір бағытта – Сыр бойы қиссалық әдебиеті мен жыраулық дәстүрді жалғаған тұлғалар. Айтыстың болған уақытын осы айтыстың ең жас және кейін мәлім болған өкілі сарықасқа Молдағали ақынның жазуындағы бозбалалық көңілден шыққандығын білуге болатындай.
Бір қызығы, өмір жайлы толғанысқа әркім – ақ ой таластыра алады. Мәселен, осы айтыстың ұйқасы мен мазмұны сақталған тағы бір өлең қолымызға түсіп отыр. Ол былай өрбиді:
«Кетерсің балалықты қиыса алмай
Жаз жайлау кісілікке көшіп кірсең,
Пендеден арман-қиял таусылған ба?
Дейді анық: «сауық – сайран салып жүрсем!»
Мейлі, ойлан, яки, қайғыр, өтер дәурен, Әуелгі бес ақынның да ой жарысын жас ақын сарықасқа Молдағали өзінше жастық көңілмен өрнектейді. Ол « ойдағының бәрі болып, Ұлықпандай дәурен сүргеннің жақсы» екенін айтады.
Алты ақынның бұл жазғандары айтыстың сөз майданы емес , ой-пікір, қиял жарысына құралған .Өмір, тіршілік, адамгершілік туралы толғаныс арқылы ақындар ненің жаман, ненің жақсы екенін саралайды.Ой қозғайды. Басқа жазба айтыстардағыдай сұрақ қойып , жауап қайтару кездеспейді. Бірін- бірі сынамайды.Авторлар ойларын жұмбақтайды. Даңғайыр ақын Тұрмағамбеттің толғанысын әрі қарай өрбітіп , өз пікірлерін жырға арқау еткен ақылдардың барлығы әдепкі ақының қолданған өлең ұйқасын, өлшемін сақтай білген. Сондықтан, ұйқас қайталамау үшін ақындардың шеберлігі де сыналады. Алтауының өлең мазмұны өмір жайлы жалпыға өсиет болғандықтан ақындардың төрешісі де, сыншысы да халық. Мұндай ерекшелік тек жазба айтысқа ғана сыйымды болмақ. Өйткені, әр ақынның шеберлігі мен білім дәрежесін аңғару үшін салғыластырып сөз жарыстырмай-ақ немесе жұмбақ жасырмай-ақ , ой сабақтап, пікір жазысу да жеткілікті. Ал, Сыр сүлейлерінің ұстазы атанған Тұрмағанбет Ізтілеуов жазба айтыста осы жаңалықты жасады деуге толық негіз бар.
Тұрмағанбет енгізген бұл түрді жазба айтыс үшін ғана емес, өлеңге талап қойған әрбір ақынға үлгі боларлық дүние деп бағалауымыз қажет. Себебі, жазба айтыстың ерекшелігі мен мақсаты-ауызекі айтыстардағыдай бірін-бірі жеңу , уәж ғана айту емес, адамгершілік, өмір, өлім, жалпы сан тақырыпты қамту, ақынды сарқа сөйлету. Осы ерекшелікті меңгерген Т.Ізтілеуовтың бұл бастамасы құнды деп бағалаймыз.
«Алты акынның өмір туралы» сөз ойлап 1915-1920 жылдар шамасын қамтитынын болжау қиынемес. Себебі, жас шамалары әр қилы ақындар заманында бір жүрмесе де, бір бағытта – Сыр бойы қиссалық әдебиеті мен жыраулық дәстүрді жалғаған тұлғалар. Айтыстың болған уақытын осы айтыстың ең жас және кейін мәлім болған өкілі сарықасқа Молдағали ақынның жазуындағы бозбалалық көңілден шыққандығын білуге болатындай.
Бір қызығы, өмір жайлы толғанысқа әркім – ақ ой таластыра алады. Мәселен, осы айтыстың ұйқасы мен мазмұны сақталған тағы бір өлең қолымызға түсіп отыр. Ол былай өрбиді:
«Кетерсің балалықты қиыса алмай
Жаз жайлау кісілікке көшіп кірсең,
Пендеден арман-қиял таусылған ба?
Дейді анық: «сауық – сайран салып жүрсем!»
Мейлі, ойлан, яки, қайғыр, өтер дәурен,
Бір күні ажал келіп түсер еңсең.
Алты аға, озық ойлы, өрен жүйрік,
Қайырлы- құтты болсын кеңес-кеңсең .
Зейнеті қаша еңбектің сол болмайма?
Келешек батаңызды жасқа берсең.
Шалбырын тартып алға жетелер ед,
Замана сандуғаштар бір күн өлсе!. «Алты аға» деп отырғаны –сол алты ақын. Оларға « арман-қиял таусылмайды, жастарға бата беріп, үлгі тәрбиеден көрсетуден атық ештеңе жоқ» екенін айтып, өмірдің мәні жайлы өз ойынан
хабар береді.
Бұл өлеңнің авторы белгілі жырау, Сыр сүлейлерінің мұраларын зерттеуші Алмас Алматов (1956 жылы туылған): «Алты ақынның өмір туралы» айтысын оқығаннан кейін 1975 жылы жаздым дейді. Қанша жыл өтсе де сол ұйқас пен адамгершілік үлесі сақталған ой жалғастығы – Сыр бойы шайырлық өнерінің дәстүрлі екендігін дәлелдей түседі.
Бір күні ажал келіп түсер еңсең.
Алты аға, озық ойлы, өрен жүйрік,
Қайырлы- құтты болсын кеңес-кеңсең .
Зейнеті қаша еңбектің сол болмайма?
Келешек батаңызды жасқа берсең.
Шалбырын тартып алға жетелер ед,
Замана сандуғаштар бір күн өлсе!. «Алты аға» деп отырғаны –сол алты ақын. Оларға « арман-қиял таусылмайды, жастарға бата беріп, үлгі тәрбиеден көрсетуден атық ештеңе жоқ» екенін айтып, өмірдің мәні жайлы өз ойынан
хабар береді.
Бұл өлеңнің авторы белгілі жырау, Сыр сүлейлерінің мұраларын зерттеуші Алмас Алматов (1956 жылы туылған): «Алты ақынның өмір туралы» айтысын оқығаннан кейін 1975 жылы жаздым дейді. Қанша жыл өтсе де сол ұйқас пен адамгершілік үлесі сақталған ой жалғастығы – Сыр бойы шайырлық өнерінің дәстүрлі екендігін дәлелдей түседі