СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Сыры көп, айтары аз қыз баланың».doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сыры көп, айтары аз қыз баланың».doc

Просмотр содержимого документа
««Сыры көп, айтары аз қыз баланың».doc»

Сабақтың тақырыбы: «Сыры көп, айтары аз қыз баланың»


Эпиграф.


Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет сезім.

Абай


Мақсаты: - оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

- оқушыларға сезім туралы, салт- дәстүр

сыйлау, адамгершілік обал мен сауапты

ойлау, қариядан бата алу сияқты тәрбие

тамырын түсіндіру.


Балалар, сіздер міне үлкен сынып оқушысыздар. Өздеріңізді қоршаған ортаға, айналаларыңызға басқаша көз қараспен қарайсыздар. Қазақта «он үш жас - отау иесі» деп бекер айтпаған. Жан - жағымызға қарап, дұрыс сөйлеп, дұрыс жүретін кез келді. Сіздер үйлеріңізде ардақты аналарыңызбен, мектепте өздеріңізге жақын адамдарыңызбен және жақын ұстаздарыңызбен сырларыңызды, ойларыңызды бөлісіп, айтуларыңызға болады. Олай болса бүгінгі сабағымызды сырласу сабағы деп айтайық.

«Сараң адам да махаббатты басынан кешсе, сондай мейірімді болып кетеді» дейді, адал махаббатты дәріптеуші жазушымыз-

Әбілхан Нұршайықов. Шын сөз.

Әттең, қыз жүрегінің тілі байлаулы. «Сыры көп, айтары аз қыз баланың» демекші, ұятты ойлаймыз. Сезімімізді жүректе тұншықтырып аламыз. Бұл – бір жағынан, қыз баланың баға жетпес байлығы да. өкінішке қарай, соңғы кезде осы асыл қасиеттеріміз жоғалып барады. Әзілхан атамызша: «Қыздың бір ғана байлығы бар, ол – арының тазалығы».

Мен де бұл сөзге қосыламын. Сол үшін қыздар қызға жарасымды қылығы мен сүикімділігімен жоғалтпаса екен деп тілеп отырамын.

Халқымызда «қызға қырық үйден тыю» деген ұлағатты сөз бар. Қазіргі жастар соңғы кезде осы сөздің мән - мағынасына зер сала бермейтін сияқты. Өздерін XXI ғасырдың ерекше жастары санайды. Батысқа еліктеп, ата – бабамыздың салт – дәстүріне салғырт қарайтынды шығарды. Әйтсе де, «үлгілі үйдің ұл – қызының ұялтпайтынын» де жақс ы білетіндер де аз емес. Қыз балаға тәкәппарлық жарасады. Бойы да, ойы да тап – таза, жақсы тәрбиеленген қыз балаға жігіт көп. Қазақ қызы деген ғажап атқа дақ түсірмей, сөз келтірмей өссек, бізге де, ата – анамызға да абырой емес пе ?!

Негізі қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символындай бағалаған. Мысалы: «қыз өссе – елдің көркі», «қыздың жиған жүгіндей» деген тіркестер қыз балаға деген құрметті білдірсе керек. Ал қазіргі бойжеткендер ата дәстүрден неге алшақтап кетті? Қыздар ашық-шашық киінгенді жақсы көреді. Арқасы мен кіндігін көрсетіп жүру сәнге айналды. Тыртиған шалбар мен қысқа етек кигендерден көз сүрінеді. Төсін жартылай жалаңаштап жүру бел алып барады. Осындайда «ұят болады» деген бір ауыз сөз жетпей тұрған сияқты.

Қазіргі заманда байлыққа қызығатын адамдар өте көп (көбінесе басына емес, қалтасына қарап бағалап та жатамыз). Қазіргі жастар еліктегіш келеді. Бірден астарына машина мініп, зәулім сарайда сайрандап жүргілері келеді. Бірақ, ащы маңдай термен, өз еңбегіңмен келген ақша адамды бақытты етеді.

Міне балалар, мен сіздерге өз ұл-қызымдай келешекте есте қаларлықтай сын айтып отырмын. Халқымыздың салт – дәстүрін сақтай отырып, және заман ағымына ілесе отырып кішкене де болса өз дәрежемізді, қадір қасиетімізді көтере білсек, сонымен қатар айтылған сынға дұрыс түсіністікпен қарасақ жеткілікті емес пе? Кімде болса асырап отырған ұл-қыздарының жақсы жүріп-тұрғанын, жақсы азамат болғанын қалайды. Осы айтқандарым сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізге пайдасы тиеді деп ойлаймын. Енді сізермен бір-екі ауыз сезім туралы сыр шертісіп кетелі. Мектеп табалдырығында қыз бен қыздың, ұл мен ұлдың және ұл мен қыздың арасында достық болады. Осы достықтың арасы ұзақ жылдарға созылып жатса, бұған жетерлік адамгершілік бар ма ?!

Адам болған соң әрқайсымызда сезім болады. Тек осы сезімді дұрыс түсініп бағалай білейік. Сіздер жоғары сынып оқушылары болғандықтарыңыздан сын көп. Ол үшін мектепте, сыныпта құрбы-құрдастарыңызбен сөйлескенде, жүріп-тұрғандарыңызда ойланып әрекет істесеңіздер екен. С»з біреуді ұнатып қалдыңыз, ұялмаңыз өзіңізді түсінетін құрбыңызбен анаңмен сыр бөліскеннің еш айыптығы жоқ. Қыздар жігіттің алдында әлдеқайда салмақты, сабырлы болса, соғырлым өзіне тарта беретінін кітап пен кинолардан көріп жүрміз.

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың ойын тыңдау.



















Байқадам атындағы орта мектебі















«Сыры көп, айтары аз қыз баланың»





Сейтқазиев Жанат Тұрарұлы














Саудакент ауылы


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!