№ 1
Сызбаның негізгі жазуы
“ Техникалық графика негіздері”
пән оқытушысы А.М. Джусупова
Барлық сызылған сызбалардың негізгі жазуы болады. Негізгі жазу сызбаның төлқұжаты болғандықтан, оның маңызы өте үлкен. Бұл сызылған негізгі жазулар мемлекеттік стандартта тағайындалған ережелер бойынша орындалады. Негізгі жазулар барлық пішімдердің оң жақ төменгі бұрышына орналастырылады. Мемлекеттік стандарт бойынша негізгі жазулар төрт түрлі пішінге бөлінеді. Сызбаның негізгі жазуларының ұзындықтары 185 миллиметр болады. Осы секілді пішіннің ендері де əртүрлі болады. Бірінші жəне екінші пішіндер үшін пішін ені 55 мм-ге тең болса, ал үшінші пішін үшін - 40 мм, төртінші пішін үшін негізгі жазу ені 15 мм болады. Негізгі жазуды орындаған кезде тұтас жуан жəне жіңішке сызықтарды пайдаланады. Негізгі жазу 11 жолдан жəне 14 бағанадан тұрады. Сызбаның негізгі жазуын орындаған кезде тұтас жуан жəне жіңішке сызықтарды пайдаланады (1-сурет).
Төменде жоғарыда айтып кеткен бағаналар туралы мағлұмат берейік:
1-бағанаға сызбаның атын биіктігі 7 мм болатын алфавиттің бас əріп-
терімен қиғаштығы 750 болатын сызба қарпін пайдалана отырып жазады;
2- бағанаға сызылған бұйымның белгіленуі жазылады;
3- бағанаға сызылған тетіктің жасалу материалы жазылады;
4-бағанаға құрылмалық құжатқа берілген белгі (литер) жазылады.
Техникалық ұсыныстың белгісін «П» əрпімен белгілесек, техникалық
жобаны «Т» əрпімен белгілейміз. Ал оқушылар мен студенттер (білімгерлер)
орындайтын сызбалар үшін «У» əрпімен белгіленген белгі қойылады; 5- бағанаға сызбадағы бұйымның салмағы (массасы) жазылады;
6- бағанаға «М» əрпін жазбай, сызбаның масштабын көрсетеді;
7- бағанаға сызбаның реттік саны жазылады;
8- бағанаға сызбаның қанша беттен тұратынын көрсетіп қояды;
9- бағанаға сызбаны орындаған мекеме аты жазылады;
10-бағанаға сызбаны орындаған, тексерген, қабылдаған жəне бекіткен
кісілердің атқарған жұмыстары жазылады;
11-бағанаға сызбаны орындаған, тексерген, қабылдаған жəне бекіткен
кісілердің аты-жөндері жазылады;
12-бағанаға сызбаны орындаған, тексерген, қабылдаған жəне бекіткен
кісілердің қолы қойылады;
13- бағанаға сызбаға кісілер қол қойған күні жазылады;
14- бағанаға сызбаға енгізген өзгерістің реттік саны жазылады;
15- бағанаға сызбаға өзгеріс енгізген беттердің сандары жазылады;
16- бағанаға өзгеріс енгізуге негіз болған сызбаның нөмірі жазылады;
17- бағанаға сызбаға өзгеріс енгізген кісінің қолы қойылады;
18- бағанаға өзгеріс енгізy күні жазылып қойылады;
19- бағанаға салынатын ғимараттың мекен-жайы жазылады.
Ескерту, екінші бағана мен сегізінші бағана жазуларының бас əріптерінің биіктігі 5мм болады. Қалған бағаналардағы жазулар бас əріптерінің биіктігі 3,5мм, қиғаштығы 750 болатын сызба қарпімен жазылады. Ал, оқушылар мен студенттер (білімгерлер) орындайтын сызбалар үшін 14-бағанадан 18-бағанаға дейінгі аралық толтырылмайды.
Төменде жоғарыда айтылып кеткендей, сызбаға арналған нөмірі бірінші пішіннің түрін көрсетелік (1-сурет). Бұл пішін сəулет-құрылыс сызбаларын орындағанда ғимараттардың сызбаларында пайдаланылады.
Сурет-1
Келесісі (2-сурет) құрылыс пен машина жасау бұйымдарының
сызбаларын орындағанда пайдаланылатын екінші пішін.
Сурет-2
Төменде сызбаға арналған нөмірі үшінші пішіннің түрін көрсетелік (3-сурет). Бұл пішін мəтіндік құжаттардың бірінші парағында, оның ішінде сипаттізім орындағанда пайдаланылады. Төртінші пішіннің түрі 4-суретте көрсетілген. Бұл пішін мəтіндік құжаттардың келесі парақтарын орындағанда пайдаланылады.
Сурет-3
Сурет-4
1. Мемлекеттік стандарт дегеніміз не?
2. Пішімдер дегеніміз не?
3. Масштабтар дегеніміз не?
4. Кішірейтілген масштаб дегеніміз не?
5. Нақты масштаб дегеніміз не?
6. Үлкейтілген масштаб дегеніміз не?
7. Сызба сызықтары дегеніміз не?
8. Сызба қаріптері дегеніміз не?
9. А типті сызба қаріптері дегеніміз не?
10. Б типті сызба қаріптері дегеніміз не?
11. Сызба өлшемдерін сызбада қалай түсіреді?
12. Сызба шығару сызықтары дегеніміз не?
13. Құрылыс сызбаларында өлшем сызықтары қалай қойылады?
14. Сызбада бұрыштық өлшем қалай қойылады?
15. Сызбада шеңбер өлшем қалай қойылады?
16. Сызбада квадрат өлшем қалай қойылады?
17. Сызбада конус қалай қойылады?