СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 09.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сызықтық перспектива 5 сынып қысқа мерзімді жоспар

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сызықтық перспектива 5 сынып қысқа мерзімді жоспар

Просмотр содержимого документа
«Сызықтық перспектива 5 сынып қысқа мерзімді жоспар»

Көркем еңбек

Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г.

Сынып: 5 сабақ 8-9-10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық перспектива

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Сызықтық перспективаның басты ережелерімен танысу

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен таныстыру

  • Сызықтық перспективаны сақтай отырып эскиз орындау

  • Практикалық жұмысты орындау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі

Каллоборативты ортаны ұйымдастыру

Оқушылар алдында сабақтың мақсаты мен міндетін қою. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

сызықтық перспектива негізінде салынған жұмыстарын көрсету.

Оқушыларға төмендегідей сұрақтарға жауап беруін сұрау мәселен, сіздер қалай ойлайсыздар? Сызықты перспектива дегеніміз не? Картинадан не көріп тұрсыз? Көрерменнен әртүрлі қашықтықта тұрған бірдей нысандар бір бірінен қалай ерекшеленеді?

Көру бұрышы нысанды бейнелеуге каншалықты әсер етеді?

Бір нүктеден шығатын сызықты перспектива туралы оқушыларға тиянақты түсіндіру.

Тақта да сызықты перспективаның бір нүктеден келесі қиылысу нүктесіне дейін көрсету.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер6 берілген графикалық суреттер

Ортасы


Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлері:

Ауыл, Саябақ, Теңіз
Сәулет пейзажы, бірақ бүгін біздің қарастыратымыз:

Индустриялық және қала пейзажы.

Қала пейзажында адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.

Индустриялық пейзажда суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Тапсырма:

Оқушыларға топтасып өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуді, суретке түсіруді тапсыру. Мысалы, қаланың әртүрлі бұрыштарын (көшелерді, бұрышта орналасқан ғимарттарды, жолды, мектеп маңындағы саябақтарды). Өздері үйден түсіріп, жинақтаған фотосуреттерді қарастырып, оқушылар сызықты перспектива заңдылықтарын талдайды. (2-3 минут).

Шығармашылық жұмыс:

Меңгерген білімдері мен өздері түсірген фотосуреттері негізінде оқушылар сызықты перспективаны (желілік көрініс) салады, жол, ағаштар, әртүрлі заттар, үй немесе адамдарды қарапайым қарындашпен(нобай жасау) салады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Альбомда эскиздерді орындау Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді. Топтар сыныпта көрсетіп, түсіндіру үшін бірнеше фотосурет таңдап, орындалған жұмыс сипаты мен маңызын әңгімелейді.


Дескриптор


Бояудың көмегімен беттің формасын және эмоцияны дәл келтіре алады.


Интернет ресурстар:

https://www.youtube.com/watch?v=bbSjrKxDPTI

http://say-hi.me/obuchenie/osnovy-risovaniya-portreta-proporcii-i-rakursy.html

http://www.artrecept.com/risunok/chelovek/kak-risovat-lico

Аяқталуы

Үйге тапсыма беру

Таныстыру:

Оқушылар жаңапәндік терминдерді қолдана отырып, жұмыстарын көрсетіпқорғайды.

Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді.

Алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарын бағалайды.

Оқушылар жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыруларына болады.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!