Тәлімгерлік үдерісі
“...тәлімгерлік түзету қағидатына емес,
даму қағидатына негізделген.”
Oxley, 2003
Тәлім алушым физика пәнінің мұғалімі Қанатова Бағиланы, 3-деңгей мұғалімдерінің 7 модуль бойынша өткізген сабақтарына қатыстырып, осы үлгілерге қарап сабақтарын 7 модульді ықпалдастырып өтуіне көмектестім. Тәлім алушымның сабақтарына қатысып, сабақ соңынан тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіздім, сабаққа талдау жасадық. Оқу үдерісінің сапасын арттыруда тәлім алушының оқыту әдістемесіндегі сын тұрғысынан ойлау әдісін қалай пайдаланғанын, оның нәтижесі қалай болғандығын сараптадық. Бейнежазбадан оқу үдерісіндегі үлгірім динамикасын бақылап,оқушылардың кері байланыстарын көрдік. Тәлім алушы өзінің сабақтың мақсатына жеткен жетпегені туралы, сабақ барысы туралы әңгімеледі. Ол қандай тәсілдерді әлі де толықтыру керектігі жайлы айтты.Оқушы пікірі ескере отырып талданды.
Тәлім алушы үйренген жұмыстары, жіберген кемшіліктері тұрғысынан рефлексия жасауды үйренді. Бұдан кейінгі іс-қимылды болжап, сабақтан алған әсері, үйренгені туралы есеп жазды. Өз жұмыстарына есеп беру арқылы кері байланысты жүргізудің техникаларын үйренді, тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен әлсіздіктерін түсінуге және өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінді. Тәлім алушыға теориялық білім мен практиканы ұштастыру үшін өзіндік білім көтеру жоспарын құруға көмектестім. Тәлім алушыға өз идеясын ұсынып, пікірін айтуға мүмкіндік бере отырып, жоспардың тармақтарын талқыладық. Тәлім алушының үйренген жұмыстары, жіберген кемшіліктері тұрғысынан рефлексия жасалды. Бұдан кейінгі іс – қимылды болжап, сабақтан алған әсері, үйренгені туралы есеп жазды. Оқушылардан интервью алынып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін, қаншалықты тиімді, тиімсіздігін анықтадық . Өзгеріс енгізу қорытындысында мұғалімнің де, оқушының да белсенділігі артқандығын байқадым. Нәтижесінде тәлімгерлік жүргізу үдерісінде тәлім алушымның әдістемесін жетілдіріп, ол арқылы тәлім алушы мен оқушылардың сыни ойлау белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға өзімнің үлесімді қостым ғой деп ойлаймын.
«Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды қалай қолдаймын?»
Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. Мектепішілік желілік қоғамдастығы «Зерде», «Көзқарас», «Білім», «Ынтымақ» деген атпен төрт топ құрылды.
Мектепішілік желілік қоғамдастығын жүзеге асырудағы мақсатын басшылыққа ала отырып желілік қоғамдастықты бақылап, әрі мүдделі адамдарды тартуға арналған жұмыстарды бағыттап, басқарып отыруға, желіні жақсарту жөнінде жоспар құруға көшбасшылық жасалады. Желінің әртүрлі бөлімдерінің жұмысын реттеп отыру үшін және мектепішілік желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға жауапты шешім қабылдауға үйлестіруші, оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсетіп дамытуға өз үлестерін қосу үшін тізбектелген сабақтар өткізетін, Lesson study бойынша зерттеу сабағына жауапты мұғалімдер дамытушы және зерттеуші болып бөлінді.
Жақын орналасқан жеті мектеп желілік қоғамдастық құрдық. Алғашқы кездесуімізде желілілік қоғамдастық құрудағы мақсаттарымызды, өткізу мерзімін, жоспарымызды, желілік қоғамдастықтың интернеттегі портал арқылы алмасу жолдарын, қоғамдастықтың атын белгілеп алудан бастадық. Мен сол қауымдастықтың координаторы болып тағайындалдым. Электрондық почта арқылы бір-бірімізбен тәжірибе алмасып отырдық. Өткен оқу жылында біздің мектебімізде «Сабаққа SMART-мақсат қою» және «Критериалды бағалау арқылы білім сапасын арттыру» тақырыптары бойынша семинар – тренинг өткізілді.
Мен «Солтүстік Қазақстан облысы математика пәні мұғалімдері және оқытушылары қауымдастығы» мүшесімін. Аудандық математика пәні мұғалімдеріне «Математика пәні бойынша оқушылар біліміндегі ақауларды жою үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолдану»-тақырыбы бойынша семинар- тренинг өткізіп, әріптестеріммен ой бөлістік.
Педагогикалық шеберлік орталығы порталында Республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан мұғалімдермен ақпарат алмасып отырамын. Ол ақпараттар деңгейлік курста орын алып жатқан кемшіліктер, түсінбеген сұрақтар, тәжірибе алмасу сияқты тақырыптармен жүріп, көптеген жетістікке жетелейді. Порталда жұмыс жасап жүрген мұғалімдер әркім өзінің тәжірибесінен мысалдар келтіріп, сұрақтарға жауап беріп отырады. Сондай- ақ тәжірибе алмасу, сұрақтарға жауап беру қатысушыға ынтымақтастық орнатып, өзінің қоғамдастыққа үлес қосуымен ерекшеленді. ПШО порталында «Жаңашыл, инновациолы мұғалім» статусын алдым.
Өз іс-тәжірибеммен бөлісу үшін ,«Білім беру саясаты, тəжірибе жəне зерттеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында, «Критериалды бағалау-оқу сапасын арттырудың тиімді жолы»-тақырыбында ғылыми баяндама жарияладым.
Мектепке енгізілген өзгерістер
М
ұғалім заман ағымына сай үнемі даму үстінде болу қажет. Сондықтан мектеп тренерлерін оқыту курсы бойынша Петропавл қаласында білімімді жетілдіріп келдім. Міне, енді тренерлік жұмысымды бастап, өзімнің іс-тәжірибеммен әріптестеріммен бөлісудемін. Мектептің даму жоспары бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мұғалімдердің әдістемелік қоржыны кеңейді. Мектеп мұғалімдері сабақтар топтамаларын өткізіп, оқушыларды бақылау нәтижесінде мұғалімдер олардың іс-әрекеттерінде нақты өзгерістер бар екеніне көз жеткізіп, сабақты бағдарламаның 7 модулі идеясына негізделе жоспарлауды үйренді. Оқушы оқыту үдерісінің енжар бақылаушысы емес, белсенді қатысушысы болады. Сондықтан мұғалім білім алушының білімін, идеяларын, дағдыларын дамытуға бағытталған міндеттерге сай сабақ ұйымдастыруды меңгерді. Коллаборативті оқытуды, ынтымақтастықта оқытуды орнатуда оқушылар мәселелерді шешуде бірлесе жұмыс істеді, постер, кластер, санквейн құрып, өзара әңгімелесе, идеяларымен бөлісті, яғни бірін-бірі оқытты. Коллаборативті ортаны орнату оқушылардың оқуға деген уәжін күшейтті. Оқушылар сабаққа деген жағымды психологиялық дайындықтан өтіп, бірлескен жұмыс барысында өздерін сенімді ұстап, қателесуден қорықпай, өз ойын дәлелдей алатын дәрежеге жетті. Коллаборативті ортаны орнату үшін сабақ басында тренингтер мен ойындар өткізіледі. Топтарға бөліну және рольдерді бөлу барысында балалар жауапкершілік танытып, көшбасшылар анықталды және олар жұмыс барысында басқарушылық қасиеттері мен дағдыларын көрсете білді. Сабақ барысында керекті оқыту ортасы орнатылғандықтан оқушылар мәліметті енжар қабылдап отырмай, оқыту үдерісіне белсенді қатысты. Менің сабақтарды бақылауымнан, ұжымдық өзара ықпалдасу үдерісінде оқушыда өздігінен білім алып, оқығанын саналы ұғу дағдылары қалыптасатындықтан топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру - өте маңызды деп түйіндедім.Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында топтың әр мүшесі өзінің мүмкіндігін көрсете алуы үшін оқушыларға ойлануға, тапсырманы орындауда тиімді стратегияны таңдауға уақыт беру қажет деген қорытындыға келдім.Топтық жұмыс барысында оқушы бірін- бірі критериалды бағалау үйренді. Енді олар өз білімін қалай жетілдіруге болатынын, жақсы баға алу үшін нені оқу және оны қалай оқу керек екенін білетін болды. Өзін-өзі және өз жолдасының білімін бағалап, өзіндік білім алуға дағдылана бастады. Бұл өзгерістерді оқушылардан қайтадан алған сауалнама да көрсетті, 79% оқушы өзін және өз сыныптастарын бағалай білсе, 90%-ті енді оқуын қалай жақсартуға болатынын біледі.
Осындай оң нәтижелерден кейін келешекте мектебімнің ісі оңға басу үшін даму бағдарламасына мұғалімдерді үйрететін коучингтерді көбірек жоспарлап, ұжымды оқушының іс-әрекетін бірлесе зерттеуге үйрететін Lesson Study-ді ұйымдастырып, желілік қоғамдастық арқылы жоспарланған шараларда тәжірибемізбен бөлісер едім. Менің ендігі мақсатым:
мұғалімдердің сабағына бақылау жасау арқылы білім беруде жаңа тәсілдерді енгізу сапасын бағалауды бір жүйеге келтіру;
жаңа тәсілдерді енгізу сапасының динамикасына талдау жасау үшін әрдайым мониторингтік зерттеулерді жүргізу;
мұғалімдердің ілгерілеу динамикасы және сабақтарды бағалау критерийлерін құру;
сабақтарды бақылау нәтижелерін педагогикалық кеңестерде талдау, ілгерілеу динамикасы» байланысының себеп-салдарын анықтау, ілгерілету жұмыстарын жүргізу.