Ақшұқыр мектеп-лицейінің 2- деңгей мұғалімі Г.К.Умирбаеваның тәлімгерлік ету жоспары
Тәлімгерлік етудің мақсаттары: Мектептің даму жоспарына енгізілетін өзгерістің мұғалімдердің диалогтік оқыту арқылы оқушылардың өзара оқыту дағдыларын дамытуды іске асыру үшін коуч мұғалімге кеңестер, ұсынымдар мен қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс атқару. |
Тәлімгер | Тәлім алушы | Жұмыс формасы | Уақыт аралығы | Тәлімгерліктің мақсаты | Тәлімгерлік нәтижелері | Табыс критерийлері |
1- деңгей мұғалімі | 2 -деңгей мұғалімі | Коучингке қатыстыру | 10 желтоқсан | Бірінші Деңгейлік бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыру. | Бірінші деңгей бағдарламасының әдіс-құралдарымен танысады. | Бірлесе жұмыс істеу идеясын ұғады. Мектепте өзгеріс енгізудегі өзіндік рөлін түсінеді. |
| | 1-кездесу | 12 желтоқсан | 2-деңгей мұғалімімен сенімділік қарым-қатынас орнату, бірлесе жоспар құру. | Тәлім алушымен тәлімгерлік жоспар құрылады, коучинг сабақтары жоспарланады. Сенімділік қарым-қатынас орнайды. | Тәлімгерлік жоспардың мақсаттары белгіленеді. Жұмыс барысымен танысады. |
| | «Диалогтік оқыту» коучингін жоспарлау. | 30 желтоқсан | Коучинг тақырыбына байланысты мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтау, қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылау, кеңес беру. | Коучингтің өту барысы жоспарланады, оқушылардың сыни тұрғыда ойлануын дамытуда диалогтік оқытудың ықпалы талқыланады, әдіс-тәсілдердің тиімділігі анықталады. | Әдіс-тәсілдерді меңгереді. Жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыруға дағдыланады. |
| | «Диалогтік оқыту» коучингін өткізу. | 6 қаңтар | Кәсіби қоғамдастық мүшелеріне диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерінің тиімділігі туралы түсінік беру. | Мұғалімдер диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерінің тиімділігі туралы түсінік алады. | Коучинг ұйымдастыруға дағдыланады. Өзара сенімділік қарым-қатынас орнайды. |
| | Тәлімалушының сабақтарына қатысу. | ақпан | ОМЖ, ҚМЖ –мен танысу, диалогтік оқыту әдіс-тәсілдерінің сабақта қолданылуын бақылау. | 7 модульді ықпалдастыра білуге дағыдаланады. | Диалогтік оқыту әдіс-тәсілдерін қолданады. Жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру шеберлігі артады. |
| | Lesson Study тәжірибесіне арналған коучингті жоспарлау. | 6 наурыз | LS тәжірибесіне қатысты материалдарды талдау, коучинг сабақ барысын жоспарлау, әдістемелік көмек беру. | LS тәжірибесіне қатысты коучинг сабағы бойынша ұсыныс беріледі, қолдау көрсетіледі. | |
| | Lesson Study тәжірибесіне арналған коучингті өткізу. | 10 наурыз | Кәсіби қоғамдастық мүшелеріне LS тәжірибесі туралы мәлімет беру, оның мектепте өзгеріс енгізудегі тиімділігін ұғындыру. | Кәсіби қоғамдастық мүшелері LS туралы түсінік алады, оның тиімділігін ұғынады. | Өзара пікір алмасады. Ашық сабақ пен LS-дың айырмашылығын түсінеді. Бірлесе жұмыс істеу идеясын ұғынады. |
| | Lesson Study сабақтарын жоспарлау, қатысу, талқылау. (орыс тілі, қазақ тілі, тарих) | 10-19 наурыз | Тәлімалушымен бірге сабақтарға қатысу арқылы диалогтік оқыту тәсілдернің қолданылуын, оның тиімділігін анықтау. | Тиімді әдіс-тәсілдер анықталады, үш деңгейлі оқушы әрекеті талқыланады, болған кемшіліктерді түзетуге кеңестер беріледі. | Бірлесе жұмыс атқара білуге үйренеді. Жауапкершілікті сезінеді. ҚМЖ құруға үйренеді. 7 модульді ықпалдастыруға дағдыланады. Сын қабылдауға үйренеді. Сенімділік қарым-қатынас орнайды. |
| | Аралық жұмыстар барсындағы кездесулер. | сәуір | Тәлімгерлік жұмыс бойынша тәжірибедегі туындаған мәселелерді талдау. | Әдістемелік көмек, ұсыныстар беріледі. | Тәжірибе алмасады, сұхбаттасу арқылы мектептің даму бағдарламасына енгізілген өзгерістің даму қарқынын талдайды, өз пікірін білдіреді. |
| | Lesson Study тәжірибесіне арналған коучингті жоспарлау. | 5 мамыр | LS тәжірибесіне қатысты материалдарды талдау, коучинг сабақ барысын жоспарлау, әдістемелік көмек беру. | LS тәжірибесіне қатысты коучинг сабағы бойынша ұсыныс беріледі, қолдау көрсетіледі. | |
| | Lesson Study тәжірибесіне арналған коучингті өткізу. | 10-20 мамыр | Кәсіби қоғамдастық мүшелеріне LS тәжірибесі туралы мәлімет беру, оның мектепте өзгеріс енгізудегі тиімділігін ұғындыру. | Кәсіби қоғамдастық мүшелері LS туралы түсінік алады, оның тиімділігін ұғынады. | Өзара пікір алмасады. Ашық сабақ пен LS-дың айырмашылығын түсінеді. Бірлесе жұмыс істеу идеясын ұғынады. |
| | Тәлімгерлік жұмысты қорытынды лау | маусым | Коуч мұғалімімен мектептің даму бағдарламасына енгізілген өзгерістің мұғалімдер мен оқушылардың оқуына қаншалықты ықпал еткендігін талдау арқылы бірлесе атқарған жұмыстың қорытындысын шығару. | Оқушылардың жетістігін анықтауда диалогтік оқытудың маңыздылығы, LS тәжірибесі кәсіби қоғамдастық талқысына ұсынылады. | Тәлімгерлік жұмыстың маңыздылығы мен жетістіктерді анықталады. Өткізілген іс-шаралардың сәтті, сәтсіз жақтары анықталады. Атқарылған жұмыстар жинақталады. |