СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ТӘРБИЕ САҒАТЫ: Атамекен-алтын бесік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әңгімелеу(сұхбат):

  • Сенің арман-қиялында атамекеніне қандай орын берілген?
  • Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
  • Атамекенін анасындай сүю үшін адам қандай болуы тиіс?
  • Туған жерінде туып-өскен қандай азаматтарды мақсат етесің?
  • Сенің қандай еңбегінді елің мақтан еткенің қалайсың?

Просмотр содержимого документа
«ТӘРБИЕ САҒАТЫ: Атамекен-алтын бесік»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Сағат саны:

Мерзiм:

20




Оқушы саны:




Мектеп: «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Тақырып: Атамекен – алтын бесік

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Адамгершілік, қамқорлық.

Мұғалiм: Сарыбаева А.М. Сынып: 7


Сабақтың мақсаты:

– Оқушылардың Атамекен,туған жерді қорғай білу туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

Білімділігі:

– Қазахстанның байтақ жерін қорғап,сақтап келген ата-бабамыздың тарихы,еліміздің тәуелсіздігін қорғаудағы орасан ерліктері туралы мағлұмат беру;

Дамытушылығы:

–Қазақстанның рәміздерін құрметтеу,Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;

Тәрбиелілігі:

–Туған жерін көркейтуге ат салысу,еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті:
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Ресурстар:

(құралдар,

мәліметтер)

6 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Аманай мен заманай» мәтінің сұрау

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

«Ұлтарақтай болса да,ата-қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болса да,туып өскен ел қымбат»

7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Сенің арман-қиялында атамекеніне қандай орын берілген?

  • Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?

  • Атамекенін анасындай сүю үшін адам қандай болуы тиіс?

  • Туған жерінде туып-өскен қандай азаматтарды мақсат етесің?

  • Сенің қандай еңбегінді елің мақтан еткенің қалайсың?


10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: Халықтық ұғымдарды естеріне түсіру

Атамекен,туған жер туралы қандай ырым жораларды білесіңдер?


4 мин.

6.Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзі: С.Молдасановтікі Әні: Ф.Жолдасованікі

Бал балалыұ балдырған шақ, сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел достарым әндетіндер билендер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз Атамекен түрлендірер нәріміз. Алтын бесік,ұлан байтақ елімде Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

Үй жұмысы ретінде «Жер ананы сақтайық» өленің жаттау

2 мин.

8.Сабақтың қорытынды сәті.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау


3 мин.