СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты "Азамат жолы - ар жолы"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Азамат жолы - ар жолы"»

"АЗАМАТ ЖОЛЫ – АР ЖОЛЫ" тәрбие сағаты

І. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Ата Заңымыз – еліміздің рәміздерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев “Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз” деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білумізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі щығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. “Адамдар не істеуге болады, не істей алады?” деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң – 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған “Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы”, сонымен қатар 1959 қабылданған “Бала құқықтары декларациясы”. Міне осы демларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада “Бала құқығы туралы конвенция” қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келсім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы 2-қырқүйекте Қазақстан “Бала құқығы туралы конвенцияға” қол қояды, сөйтіп Қазақстанның “Балалар құқығы туралы заңы” енгізілді.

II. “Бала құқығы туралы халықаралық конвенция”

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

III. “Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан”

Мемлекет әрбір баланың аман- сау өсіп, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрысып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Бала тынығуға және ой-пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

1993 жылы 18-қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды да, 1995 жылы 30-тамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болсақ, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.

1.Жалпы ережелер

2.Адам және адамзат

3.Президент

4.Парламент

5.Үкімент

6.Конституциялық кеңес

7.Соттар және сот төрелігі

8.Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

9.Қорытынды және өтпелі ережелер.

Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халықымыз алдындағы парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді.

Әрбір азамат құқықтарын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.

Ал Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері мыналар:

  1. Заңдарға бағыну

  2. Басқа азаматтарды құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу

  3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу

  4. Салықты төлеу

  5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау

  6. Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау

  7. Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы

  8. Орта мектеп білімін алу

  9. Қазақстан Республикасын қорғау.

Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.

Құқық бұзушылық дегеніміз қылмыс екен.Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ,бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі.

Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала, жат қылыққа бейім балалар. Ол жат қылыққа нелер жатады?.(ішімдік, темекі,есірткі,насыбай)

Тәртіп бұзушылықтың, қылмыстың тағы бір түрі – ұрлық.

«Ұрлық түбі- қорлық» дейді ғой қазақ атамыз. «Біреудің нәрсесін ұрлаған адам о дүниеде де тозаққа түседі» делінген екен хадисте.Қылмыстық кодексте біреудің жеке мүлкін,меншік затына қол сұққан адам жазаланатыны туралы айтылған баптары бар.Ал кей жағдайда ұрлық мәселесіде кездесіп жатады.

Қортынды: Ата Заң – қорғанымыз. Бауыржан Момышұлы “Азамат жолы – ар жолы” деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. “Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты” деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!