Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!»
№4-пәтер
Өткізген тәрбиеші:
Пирманова Т.Ж.
Тараз қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектерімізді салауатты өмір салтын ұстана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбасы сызылған плакаттар.
Сабақтың барысы: Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Қайырлы күн, құрметті бүгінгі ашық сабаққа қатысуға келген қонақтар, тәрбиеші аналар!
Қайырлы күн, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Миға шабул: Ребус шешу (Бірінші байлық денсаулық)
Балалар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!» деп аталады.
Ой түрткі:
-Балалар денсаулық дегеніміз не?
Аркадий: Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Амир: Денсаулықтың күйі көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болады. Егер адам организміндегі барлық физиологиялық процестер (тамақтану, тыныс алу, зат алмасу және т.б. қалыпты жүрсе, онда адамның денсаулығы жақсы болады.
-Дені сау адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Бақытжан: Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет.
Тәрбиеші:
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Қашанда адам денсаулығы, ол қоғамның бірінші байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі. Отанымыздың келешегі, көркеюі бүгінгі жеткіншек жас өрен сендердің қолдарыңда. Сендердің таңдауларың – «Салауатты өмір салтын сақтау» - болуы тиіс.
Балалар, назарымызды бейнероликке аударайық
Бейнеролик: «Денсаулық» тақырыбында бейнеролик көрсету.
Сұрақтар.
- Балалар бейнероликтен нені түсіндіңдер?
-Денсаулық сақтау үшін не істеу керек?
-Денсаулықтың жақсы болуы кімге байланысты?
Денсаулықты сақтау тек өзімізге байланысты. Ол үшін жеке бас тазалығын сақтау керек . Мысалы қолды жиі жуу, тұратын жеріңді таза ұстау және дұрыс тамақтану қажет. Табиғи дәрумендерге бай тамақтармен тамақтану қажет.
-Вирустар дегеніміз не?
- Вирустардан қорғану үшін не істеу керек?
Адам ағзасында түрлі ауруларға шалдықтыратын вирустар бар. Адамның бойында сол вирустық ауруларға қарсы түратын иммунитет бар. Егер біздің иммунитетіміз неғұрлым күшті болса, солғұрлым жақсы болады. Ол үшін ауруларға қарсы вакцина салдыру қажет. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтануымыз керек.
-Сендер өз денсаулықтарыңды қалай сақтайсыңдар?
Таңертең ұйқыдан тұрған кезде дене жаттығуларын жасаймыз, спортпен шұғылданамыз.
Мақал-мәтелдерді аяқта: (суретпен жұмыс)
- Денсаулық - ............(зор байлық).
- Ауру батпандап кіріп,........( мысқылдап шығады).
- Тәні саудың – .....(жаны сау).
- Сырқат - тән жарасы, қайғы – .....(жан жарасы).
- Тазалық – саулық негізі, саулық – .......(байлық негізі).
- Ауырып ем іздегенше, .......(ауырмайтын жол ізде).
- Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің.......( тәттісі жоқ).
- Сұрап алған аурудың.........( емі табылмас).
- Тазалық – саулық негізі, Саулық-......(байлық негізі).
- Ауырып ем іздегенше,.......( ауырмайтын жол ізде).
Тәрбиеші: Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі десек- адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - ол өзін-өзі сыйлағаны. Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Балалар бүгін бізбен онлайн түрде кездесуге қатысқалы отырған дәрігерлеріміз бар. Осы орталықтың дәрігері Аяш Тоқтарбайқызы.
Қалалық № 1аурухана дәрігері Айгерім Қанатқызы және Облыстық балалар ауруханасының аға мейірбикесі Айгүл Тұрлыбайқызы сендерге COVID-2019 немесе Каронавирус атымен белгілі вирус туралы білгілерің келген ақпаратты сұрақ қоя отырып алуларыңа болады.
Балалар сұрақ қоймас бұрын келесі бейнероликке назар аударайық.
Бейнеролик: COVID-2019 тақырыбында бейнеролик көрсету.
Жаңа корона вирус қаншалықты қауіпті?, және бұл вирус қалай тарайды?
Жаңа корона вирус респираторлы вирус болып табылады. Ол инфицирленген адаммен қарым-қатынаста болғанда, оның тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылары, мысалы жөтелгенде, түшкіргенде, сілекей тамшылары немесе мұрын бөлінділері арқылы тарайды. Респираторлы гигиена ережелерін сақтау барлығына маңызды болып табылады. Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын мен ауызды шынтақтың бүгілген жерімен немесе майлықпен жабу қажет. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастау керек. Сонымен қатар қолды үнемі сабынмен жуу немесе спирті бар заттармен өңдеу де өте маңызды.
Карона вирустан сақтану үшін не істеу керек?
Адам өзін қалай қорғай алады?
Қоғамдық орындарға шықпай үйде болған жөн. Ал егер көпшілік орынға барған жағдайда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр ара-қашықтықты сақтану керек. Қолымызбен көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстамауымыз қажет. Себебі біз көптеген заттардың бетін қолдарымызбен ұстаймыз, онда вирус болуы әбден мүмкін. Содан кейін көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстағанда қолымыздағы вирусты ағзамызға таратуымыз ықтимал.
Өзімді қорғау үшін маска тағуым керек пе?
Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі жұқпаға кепілді бөгет бола алмайды. Масканы киюді басқа да алдын алу шараларымен үйлестіру қажет. Яғни қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасы, өзара және басқа да адамдармен 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтай отырып, тығыз қарым-қатынастан алшақ болу керек.
Сергіту сәті: Балалар тыныс алу жаттығулары өкпеміз бен тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартатындықтан, орнымыздан тұрып, спорт нұсқаушысы Ербол ағайымызбен бірге салауатты өмір салтын ұстанып тыныс алу жаттығуларын жасайық.
Тәрбиеші: Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру!
Постер қорғау: «Бәрін өзімізден бастайық».
Денсаулық сақтау ережелері. (Кластер құру)
- Таңертең ерте тұру, жаттығу жасау
- Жеке бас гигиенасын ұстану, қолды жиі жуу т.б
- Жақсы тамақтану
- Күн тәртібін сақтау
- Спортпен шұғылдану
- Таза ауада демалу (табиғатқа саяхат)
- Электотехникалық құралдарды ұялы телефон,планшет, ноутбук, компьютерде көп отырмау.
- Теледидарды жақын көрмеу, уақытпен көру
- Ұйқыға ерте жату
Бекіту: - Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
Балалар, денсаулық ережесін шығардыңдар, бір-біріңе айтқан кеңестеріңді орындап жүрсеңдер, денсаулықтарың мықты болады.
Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ».
«Қымбатты қонақтар, ұстаздар! Көңіл қойып, тәрбие сағатымызды тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар!