СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты: : «Менің құқықтарым мен міндеттерім»

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбие сағаты бала ұүұығына негізделеді.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: : «Менің құқықтарым мен міндеттерім»»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Менің құқықтарым мен міндеттерім»

Мақсаты:- студеттердің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

- Студеттердің ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.

-Студеттердің бойына құқықтық, патриоттық, тәрбиені сіңіру.
-Студеттерді жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

Құқықтық мәртебе – жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қогамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны – сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы. Мәртебе латын тілінен аударғанда «положение – жағдай» – деген ұғымды көрсетеді.

Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері:

1)Жалпылама құқықтық мәртебе – бұл азаматтық мәртебесі, қоғамның мүшесі, Конституциялық мәртебе.

2). Арнаулы құқықтық мәртебе – студенттер, зейнеткерлер, шахтерлер т.б. мәртебелер.

3)Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі – бір адамның өмірбаянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай саласында қызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.

4) Жеке тұлға және заңды тұлғалар мәртебесі.

5)Шет елдердің азаматының мәртебесі.

6)Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының мәртебесі.

7)Жүйелік мәртебелер: азаматтық, әкімшілік.

8)Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар мәртебесі.

9)Мәртебе – қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірісте.

«Біз неге құқылымыз?»
 Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
 Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
 әркімнің өмір сүруге құқығы бар
 Тегін ауруханада емделуге
 Балабақшаға келуге
 Тегін білім алуға
 Демалуға
 Еркін ойнауға
 Еркін өз ойын толық жеткізуге
 Өз тілінде сөйлеуге

Азаматтық құқық – адамның табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетті.

Экономикалық құқық – табиғи бостандық пен құқықтың экономикалық талаптары – жеке меншік құқығы кооперацияға мүше болу, акционерлік ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т.б.

Саяси құқық – қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару, қоғамдық ұйымдар, партия қүру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу, сайлауға қатысу, сайлану т.б.

Әлеуметтік құқық – қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты жақсарту т.б.

Мәдени құқықтар – білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен шұғылдану; тіл, дін құқықтары т.б.

Экологиялық құқық – адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол туралы мәліметтер алу, зиянға ұшыраса төлету т.б.

Ақпараттық құқық – ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару, мақалалар жазу т.б. құқықтар.

Халықаралық құқықтар – жоғарыда көрсетілген құқықтардың көпшілігі адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына, жүріп-тұруына шектеу қойылмайды.

Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Міндет-адамдар бұлжатпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.  

  Не  істеуге  міндеттіміз?

-Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

-Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

-Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

-Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

-Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

-Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

-Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

-Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

-Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

-Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

Сұрақтар:

1.Құқықтардық қандай түрлерін білесін?

2.Экономикалық құқыққа не жатады?

3.Мәдени құқық дегеніміз не?

4. Студеттердің ойынша құқытрадың дам өмірінде қандай пайдасы бар?

5.Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері қандай?

6. Жеке тұлғаның қандай құқықтары бар?

7. Адам құқығы заңмен қорғалады ма?

8. Қорғалса қандай жағдайда адамдар толықтай заңға жүігіне алады?

9. Міндет деген сөзді қалай түсінесіздер?

10. Мемлекет алдыңдағы міндет деген ой дұрыс па?

11. Ададамдар неге міндетті?

12. Қайлай ойлайсыздар міндетті болу, жеке тұлғаны толық –қанды өмір сүру мүмкіндігінен айырады ма?

13.Жеке тұлға көп нәрсеге міндетті ме?

14. Міндетті орындамауға құқығымз бар ма?

Қорытынды:

-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымыздыда,өзгенің құқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып, еліміз үшін міндет етейік.