СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ТӘРБИЕ САҒАТЫ: Сыр ман сымбат

Нажмите, чтобы узнать подробности

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.

Просмотр содержимого документа
«ТӘРБИЕ САҒАТЫ: Сыр ман сымбат»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Сағат саны:

Мерзiм:




5




Оқушы саны:




Мектеп: №152 гимназия

Тақырып: Сыр ман сымбат

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік, мейірімділік

Мұғалiм: Сынып: 7

Сабақтың мақсаты:

Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан – дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру

Міндеттері:

Білімділігі:

– оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету;

Тәрбиелілігі:

– оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге, сыр мен сымбатты бағалай білуге тәрбиелеу;


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Ресурстар: (құралдар,

мәліметтер

6 мин.)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы тексеру

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.

                                                                                  Г.Құрманбай


7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?

  • « Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

  • Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?


10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

Адамның сұлулығы оның жақсылығында екендігінде назар аударылады. «Жан әлемің жарық болса жарады, -» деген өлең жолдарын өз сөздерімен түсіндіру тапсырылады. Ойларыңды дәптерге түсіріңдер.

Жан әлемің сұлу ма?!

Қ.Әбілдәқызы

Айна сенің көрсетеді сыртыңды,

Киіміңді, сымбатынды, сұрқынды.

Сырт байқағыш жан әлемің сұлу ма?

Сол бұзбай ма, шырайлылау шырқынды.

Жан әлемің жарық болса жарады,

Жан – жағына қарар едің саналы.

Өзін – өзі танымаған адамды

Өзгелердің тануы да шамалы.



4 мин.

6.Топпен ән айту.

Қыз сыны

Сөзі: Қ.Қазыбеков Әні: М.Омаровтікі

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Иықтан шашың төгіліп жерге, Күмісті шашбау жарасып белге. Қиылып қасың,қарақат көзің, Жүректі баурап оятар сезім. Тал бойың нәзік, қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы шуақты күндей. Жанарып қайта жаңғырып көнем, Ләззат алар көрген жан сенен Көркіңнен сенің айналдым еркем, Халқыңның салтын сақтаған көркем.



4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

Сыр мен сымбат туралы ойларыңды дәптерге сурет ретінде түсіріп келу




2 мин.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!


3 мин.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!