Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Денсаулыққа қауіп:шылым,ішімдік, есірткі »
.
Дайындаған: 17 VTZ-6 тобының
топ жетекшісі Қайырбекова Г.Қ.
2019-2020 оқу жылы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділігі: «Бірінші байлық- денсаулық». Олай болса, «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.
Тәрбиелігі : Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.
Дамытушылығы : Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.
Міндеттері : салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру;
Зиянды әрекеттер
Ішімдік
Есірткі
Темекі
Темекі
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
Темекі түтіні шамамен 4000 компоненттен тұрады. Оның 40 шақтысы концерогенді…
Оның 9 – (бензол, кадмий, нитрозамин) бірінші топтағы концерогенді заттар. Темекі түтінін құрайтын негізгілері: никотин, СО, шайыр және басқа да ирританттар . Шайыр, иррианттар және СО адамның 14 мүшесінде ауру тудыратын болып келеді. Концерогендер өкпе рагын, басқа органдарда ісік тудырады, ал ирританттар болса өкпедегі ауруларды тез дамытады, СО – кардиоваскулярлы ауруларды шақырады. Никотин өкпе рагын тудырмайды.
Никотин Nicotiana tabacum өсімдігінен алынатын үшіншілік амин. L. Никотин бас миының никотинді холинергиялық рецепторларымен ,вегетативті ганглиялармен, нейробұлшықеттік синапстармен әсерлеседі. Никотинді рецепторлардың активациясының нәтижесінде нейромедиаторлардың, ацетилхолин, норадреналин, дофамин, серотонин, бета эндорфин және глютамат қоса шығарады
Темекінің зияны
Ас қорытуға
Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.
Тыныс алуға
Темекі
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден
Темекімен күресудің халықтық әдістері
- Тыныстық жаттығулар. Мұрын арқылы әлсіз ауаны жұту, ал белсенді түрде дем шығару. Алдымен жай жылдамдықпен, содан кейін жылдамдықты біртіндеп күшейту. Өзіңізді паровоз секілді елестетіп осы жаттығуларды жасау. Цикл ішінде 30 рет дем шығару, дем алу аралығы 1мин. Жаттығуды таңертең және кешке 5 циклға дейін жасауға болады. Карамель - бұл темекіге қарсы гомеопатикалық зат болып табылады.
- Сүтті темекілер. Халық арасындағы ең танымал әдістердің бірі. Темекіні сүтке малып, оны батареяға кептіреді, сосын оны шегеді. Шегу кезінде адам да құсу сезімі темекінің дәмінің өзгеруіне байланысты пайда болады, осының нәтижесінен темекіге деген жиіркеніш пайда болады.
-
Тұндырма және қайнатпалар. Емдік шөптер ретінде змеевика түбірі, тазаланбаған овес немесе эвкалиптің жапырақтары қолданылады. Қолдану тәсілдері бірдей: қайнатып, тұндырып қолдану. Қабылдау тәсілдері: змеевканы шекпес бұрын ауыз қуысын шаю, (4- 8 рет) , овесті тамақтан 2- 3 сағаттан кейін шайдың орнына қабылдау (ұйықтамас бұрын) , ал эвкалиптің жапырақтарын дәрі ретінде күніне 5- 7 рет (50 мл рет) 3- 4 апта бойы қабылдау.
Тырнақ – темекі шегуге деген жиіркенішті тудырады. Қырқылып аланған тырнақтарды фабрикалық шылымдарға ұқыпты түрде араластырып салып, алынған «миксті» шегу керек. Салыстырмалы жиналған мәліметтер бойынша, мұндай темекіні шеккеннен кейін ешқашан темекі шекпейтіндей әсер қалдырады.
Темекіден бас тартқан адамдардың жетістіктері:
- Физикалық белсенділіктің жоғарылауы;
- Потенцияның жоғарылауы немесе қайта қалыптасуы;
- Тағамның дәмін және иісін қабылдау қабілеттілігінің жақсаруы;
Адамның өңінің жақсаруы;
Ұйқы кезеңдерінің жақсаруы;
Уақыттың кеңейілуі (алдында осы уақыт осы уақыт темекі шегумен кететін);
Қаржылық жағдайдың үнемделуі және де т.б. позитивті жағдайлар
Ішімдік – бұл орталық жүйке жүйесіне әсер ететін у!
Маскүнемдік - спирттік ішімдіктерге патологиялық түрде құмартудың арқасында болатын прогредиентті ауру. Алкогольді ішуді қойғаннан кейін абстиненттi ( бас жазу ) синдромтдамиды. Алкогольды ұзақ уақыт ішкеннен соң тұрақты соматоневрологиялық бұзылулар және психикалық кері кету болады, ұзақ уақыт маскүнемдік қалыптасып , өзіне де, қоғамға да әлеуметтік зиян келтіреді. Тәртіпті бұзу маскүнемдіктің әлеуметтік салдарынан болады.
Алкоголь психотропты әсер етіп, адамды мас қылады.
Қарапайым алкогольды мастану .
Мастанудың
- жеңіл ,
- орташа,
- ауыр дәрежелерін ажыратады.
Осы дәрежелер бірін-бірі бір реттік ішу кезінде алмастырып отыру мүмкін.
Маскүнемдіктің шығу тегінде алкогольдің арнайы әсерінен басқа үш түрлі себеп ықпал жасайды .
Олар:
Әлеуметтік,
Психологиялық,
Тұқым қуалаушылық себептер.
Ата анасының біреуі маскүнем болғандықтан отбасындағы шиеленісу, өзара ұрыс керісі, үнемі психологиялық ұнамсыздықты тудырады. Бұл жағдай жасөспірімдер өз бетімен пайда болатын қауымдарға кіріп , алкоголь мен басқа есірткі заттарды қолданады.
Маскүнемдік патогенезі
Ішімдікті жиі және ұдайы қабылдаудан дамитын әлеуметтік және физиологиялық бейімделу үрдістерінің бұзылыстары.Жүйке жүйесінің бұзылыстарынан:энцефалопатия,психоздар дамуы, көңіл күйінің толқулары,маскүнемдік елірме, әртүрлі елестер мен сандырақтар,өзіне қол жұмсауға талпыну,озбырлыққа бейімділік,соңғы өткен оқиғаларға жадының әлсіреуі, шеткері жүйкелердің бұзылыстары дамиды. Және миға қан құйылу,қояншық ауруына ұқсас ұстамалар,дірілдеу қалтырау,қимыл қозғалыстың бұзылыстары, есту және көру жүйелерінің семуі байқалады;
Нашақорлық – ғасыр індеті
Нашақорлық -наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?
Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0,1 грамм кететін болса, кейін 0,2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.
Нашақорлыққа жоқ де !
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қорыта келгенде шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық адам денсаулығына көп зиянын тигізеді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі жастар осы жаман әдеттерге өте жақын келеді. Олар осы әдеттер денсаулыққа зиян екенін біле тұрсада, шылым шегіп, ішімдік ішеді, тіпті нашақорлыққа да барады. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұл мәселеге бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!