СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты (ТжКББ және ЖОО студенттеріне арналған)

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

ТжКББ және ЖОО студенттеріне арналған тәрбие сағаты. Тәрбие сағатының мазмұны студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін қалыптастыруға негізделген.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты (ТжКББ және ЖОО студенттеріне арналған)»

Қосымша 5. Тәрбие сағаттары мен іс – шаралардың үлгі жоспары


1

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жемқорлық - індет, жою - міндет»

Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Білім алушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікке тәрбиелеу;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру;
3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Тәрбие сағатының барысы:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

1. Көңіл ашар сәті.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2. Дөңгелек үстел.«Жемқорлық - індет, жою - міндет»

(Бір парақ қағазға Отан тақырыбына топтағы әр студент бір сөйлемнен жазады)

Әр топ тақырып бойынша жазған эссені оқып, қорғайды.

3. Үй тапсырмасын сахналау.

1 топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.

Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?

2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

2 - топтың тапсырмасы: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

3 - топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.

Сұрақтар: 1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?

2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?

3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па?


4. Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?

2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?

4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) «Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.

5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?


5. “Жалғастырып көр” ойыны.
а) Сыбайлас жемқорлық әлемдік қауіп. Өйткені...
ә) Мен егер сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағдайдың куәгері болсам. Онда...
б) Пара қандай жағдайларда беріледі...


6. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.

Атақты ұры аштан өледі.

Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.

Сезіктісекіреді.

Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

Жор туылшының басы жолдақалады.

Елін сатып асаған,

Екі күн ғана жасаған.

Ұрыөлеөлгеншеақпындейді.

Ұрысы күштіболса, иесі өлер.

Қолағашы күштіболса,

Киіз қазық жергекірер.

Өтіріктің құйрығы бір-ақтұтам.

Әркім сүйгеніне сәлем береді.

Інгенімді қараймын деп,

Мінгенімнен айырылдым.

Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл.

Ашыққаннан, құныққан жаман.

Дәніккен қарсақ құлағы менін қазар.

Мешкейдің өзі тойса да, көзітоймайды.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

7. Қорытындылау сұрақтар.

  1. Сыбайлас жемқорлық немен тығыз байланысты?

  2. Сыбайлас жемқорлық әр уақытта ұйымдастырушылық сипатта болады ма?

  3. Сыбайлас жемқорлық Мемлекеттік билікпен байланысты ма және мұндай демократиялық құндылықтарға сенім мен төзімділік керек пе?

  4. Сыбайлас жемқорлық бизнес, қаржы салу және экономиканың дамуымен байланысты ма?



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!