СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен кішкентай патриотпын!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен кішкентай патриотпын!

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.  Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.  Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен кішкентай патриотпын!»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен кішкентай патриотпын!

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 
Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. 
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, бейнежазбалар, мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру,

Патриот дегенді қалай түсінесің (берілген әріптерге) «Сөз тіркесін құр» тренинг өткізу.

Топқа бөлу. 1-топ: «Қазақстан»; 2-топ: «Отан»; 3-топ: «Туған жер»; 4-топ: «Астана»

Біз-бақытты баламыз! 
Өсіп,білім аламыз.

Елін, жерін қорғайтын,
Біз патриот боламыз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Бүгінгі өтетін сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мен кішкентай патриотпын!»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;


Топтық жұмыс

1-топ: «Қазақстан» - сөзінің әріптерінен сөздер құрастыру

2-топ: «Отан» - мақал-мәтел жазу

3-топ: «Туған жер» - Петропавл қаласына коллаж құрастыру

4-топ: «Астана» - 4 жолды өлең құрастыру

Биыл Астана қаласының 20 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Астана -Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Ал балалар, кіші Отан дегенді қалай түсінесіңдер? Ия, ол біздің қаламыз, Петропавл қаласы.

Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған

-Иә, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. 
Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?



Викториналық сұрақтар (түймедақ арқылы)

1.Қ.Р. тәуелсіздігін қай жылы алды? ( 1991 жылы 16 желтоқсан)

2. Биылғы жылы қандай жерлес атақты ақын жазушыларымыздың мерейтойлары атап өтілді?

3. Конституция қашан қабылданды? ( 1995 ж 30 тамыз)

4. Әнұранның авторлары кім? ( Н.Назарбаев, Ж. Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов)

5. Қ.Р. туының авторы кім? (Ш. Ниязбеков)

6. Қ.Р. елтаңбасының авторы кім? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)

7. Тудың көк түсі нені білдіреді? ( бейбітшіліктің, тыныштықтың)

8. Алғашқы қазақ ғарышкер кім? ( Тоқтар Әубәкіров)

9. Біздің қаламызда қандай үлкен іс-шара өткізу жоспарлануда?

10. Петропавл қаласының әкімінің аты-жөні кім?

11. Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің аты-жөні кім?

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

Ән: «Мәңгілік ел»


























«Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ













Сынып сағаты:

«Мен кішкентай патриотпын!»

3 - сыныптар



Дайындағандар:

Акышова Б.Т.

Кайсенова А.С.

Жумагулова Г.А.

Майсатаева Л.К.

Жамантикова А.М.

Ахметова А.А.








Петропавл қаласы,

2018-2019 оқу жылы