СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбиешінің өзін-өзі таныстыруы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сахналау арқылы тәрбиеші өзін-өзі таныстырады. Сахнаны мазмұнына қарай декорациялық көркемдейді.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбиешінің өзін-өзі таныстыруы»

Сахналау арқылы тәрбиешінің өзін-өзі таныстыруы.

Әжей: Сәлеметсіз көрші. Менің балам сіздерге келмеді ме.

Гульбахрам: Амансыз ба әжей. Қандай бала? Жаңа баламмен ілесіп бір сары бала келген, сол шығар сірә. Сіз кім боласыз?

Әжей: Мен мына көрші үйге көшіп келген көршің болам, қарағым. Есімім Күләйша

Гульбахрам: Ойбу жұмыс жұмыс деп, жаңа көрші кеп жатқанын байқамапыз ғой.

Кіріңіз үйге, төрлетіңіз, шай қояйын.

Әжей: Ой рахмет қарағым. Өзіңнің атың кім? Қайда жұмыс істейсің?

Гульбахрам: Есімім Гульбахрам. Осы ауылдың балабақшасында тәрбиешімін. Ыстық шайдан ала отырыңыз.

Әжей: Еее, көсегең көгергір. Бізде осы «Күншуақ» балабақшасы үшін қаладан көшіп келдік. Ана немерем қалада шүлдірлеп орысша сөйлей бастады. Соған балам ентернеттен жақсы балабақша іздеп, осы балабақшаны тауып алыпты. Крәтипті етіп баланы тәрбиелейді дей ме?

Гульбахрам: Жақсы болған екен, біздің балабақша ауыз толтыра айтарлықтай. Екі рет аудандық балабақшалар арасында ең үздігі болып оза шыққан.

Әжей: Өзің қанша болды бұл балабақшада істегеніңе?

Гульбахрам: 8 жыл.

Балалар дорожный сумканы сүйреп ойнап жүреді.

Гүлбахрам: Обу балам онымен ойнама, ол менің жол сөмкем. Ертең оқуға барсам керек деп шығарып қойғам.

Әжей: Сендерде оқисыңдар ма?

Гүлбахрам: Ия. Заманға қарай баланы тәрбиелеуге оқытады біздерді. Соңғы рет осы наурыз айында ғана барып едік.

Немересі: Әже қарашы мен дос тауып алдым.

Әжесі: Жақсы болған екен. Атың кім?

Гүлбахрамның баласы: Аймұрат

Гүлбахрам: Оған қоса өз іс-тәжірибемізді үнемі мынау сияқты газет-журналдарға шығарып отырамыз.

Әжесі: Еее, бір орында отырмаймыз, үнемі дамып отырамыз десеңші. Оларың жақсы екен. Онда біз адаспай дұрыс келіппіз ғой. Жақсы болды немерем сапалы білім мен тәрбие алатын болды.

Қол жайып Әй маладестер, сөйтіп көгеріп өне беріңдер. Балабақшаларыңның беделі өркендей берсін. Жарайды қарағым шаруаңа кедергі болмай қайтайын.

Гүлбахрам:. Қуыс үйге кірсең құр қол шықпа деген бар. Мына орамал өзіңізге. Мына құрттан алыңыз, үйдегілер ауыз тисін

Әжесі: Өзің жасадың ба?

Гүлбахрам: Ия ауылдың берекесі осы төрт түлігіміз ғой. Ақтық үшін, ет үшін ұстаймыз. Ал сау болыңыз.