СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты: «Ізгілік өмір нәрі»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атырау энергетика және құрылыс колледжі

Боранғалиева Ұлдай Сағынтайқызы

Атырау қаласы

Тәрбие сағаты

«Ізгілік өмір нәрі»

 

Атырау 2017

 

Тәрбие сағаты:      «Ізгілік өмір нәрі»

 

Мақсаты: Білімділік:  Студенттердің ізгілік,қайырымдылық,қамқорлық,кеңпейілділік,қиянат жасамау сияқты рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Студенттердің бойында бар рухани-адамгершілік құндылықтардың дұрыс дамуына ықпал ету,бағыт беру.

Тәрбиелік: Ізгілікке ,қайырымдылыққа, оймен,сөзбен және іспен ешкімге қиянат жасамауға, жан - жағындағылардың бәріне сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер:  АКТ, оқулық, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

I. Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

       Студенттерді үш топқа бөлініп отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз

 

 II. Сыныпты топқа бөлу.  1-Қайырымдылық”

2- “Мейірімділік”  3-“Жанашырлық”

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: «Ізгілік өмір нәрі»»

Атырау энергетика және құрылыс колледжі

Боранғалиева Ұлдай Сағынтайқызы

Атырау қаласы

Тәрбие сағаты

«Ізгілік өмір нәрі»


Атырау 2017


Тәрбие сағаты: «Ізгілік өмір нәрі»


Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің ізгілік,қайырымдылық,қамқорлық,кеңпейілділік,қиянат жасамау сияқты рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Студенттердің бойында бар рухани-адамгершілік құндылықтардың дұрыс дамуына ықпал ету,бағыт беру.

Тәрбиелік: Ізгілікке ,қайырымдылыққа, оймен,сөзбен және іспен ешкімге қиянат жасамауға, жан - жағындағылардың бәріне сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер:  АКТ, оқулық, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

I. Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

       Студенттерді үш топқа бөлініп отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз


 II. Сыныпты топқа бөлу. 1-Қайырымдылық”

2- “Мейірімділік” 3-“Жанашырлық”

III. Негізгі бөлім.

Тыныштық сәті

Студенттер көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда. Ал енді студенттер осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз. Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.

Келесі кезегімізде:

Мәтінмен жұмыс

1-ші «Қайырымдылық» тобына тапсырма:

«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.

Айдос мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау.

Сұрақтарға жауап беру.

Баланың қайырымдылығы неде ?

Өзің Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу. 2-Тапсырма Сара Алпысқызы туралы, «Ізгілік» және «Мейірімділік» туралы үш тақырыптың біреуін өлең шумағын айту.

2-ші 2- “Мейірімділік” тобына тапсырма :

Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?

2-Тапсырма Сара Алпысқызы туралы, «Ізгілік» және «Мейірімділік» туралы үш тақырыптың біреуін өлең шумағын айту


3-ші “Жанашырлық”тобына тапсырма

Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар. Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді.Ал сен не істер едің?

2-Тапсырма Сара Алпысқызы туралы, «Ізгілік» және «Мейірімділік» туралы үш тақырыптың біреуін өлең шумағын айту

3-тапсырма Студеттер тапсырманы орындап болған соң, назарларын тақтаға аударады. Тақтадан «Ізгілік» сөзжұмбағын шешу.



  1. Үлкенге құрмет, кішіге .....

  2. ҚР қандай мемлекет?

  3. ....... –асыл қасиет.

  4. Ислам, христиан, будда?

  5. Сара апайымыздың қызының аты?

  6. Нұрсұлтанның әкесінің аты?

  7. Сара Назарбаеваның балаларға арналған қорының аты?


4-тапсырма Мақал-мәтелдің жалғасын табу


Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.

Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек.

Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.

Жүректен - жүрекке

Күн

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім,

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға , достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық.





Рухани-адамгершілікті ашатын сұрақтарға жауап:

1.Басқаларға жақсылық жасауға дайын тұратын адамдар өмірде көп кездесе ме? Неге?

2.Өзгелердің бақыты үшін өз өмірін қиюға дайын адамның ісін қалай бағалар едіңдер?

3. Дәйексөз (цитата). «Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді.» Сайф Сараи

Сұрақ: 3-4 оқушыны тыңдау (2-3 мин)

• Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіздер? Ізгілік істеу дегенді қалай түсінесіздер?

• Қандай адамды адамгершілігі мол, ізгі дейді?

• Жақсылық пен ізгіліктің арасындағы ұқсастық неде?













Ой шақыру:

Балалар, осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?

Бұл сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды алып келдік?

Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?







Мұғалім сөзі:

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.