СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты тақырыбы:Ас- адамның арқауы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты тақырыбы:Ас- адамның арқауы

Оқушыларға асқорыту мүшелерінің,ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалы әсерін,әр түрлі аурулардан сақтану жолдары туралы айту

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты тақырыбы:Ас- адамның арқауы»



Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Ас-адамның арқауы»

Сабақтың мақсаты:

1.Танымдық:Оқушыларға асқорыту мүшелерінің,ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалы әсерін,әр түрлі аурулардан сақтану жолдары туралы айту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру,қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру,ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:Тамақтану гигиенасын дұрыс ұстануына және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:валеология,химия,биология,ауыз әдебиеті,халықтық педагогикамен байланыстыру.

Көрнекіліктер:Мақал-мәтел,нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар,буклеттер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме оқушылар мен ұстаздар!

-Армысыздар.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ас-адамның арқауы» атты тақырыбына арналған.Әрбір адам салауатты өмір сүру үшін өз денсаулығына ұқыпты қарайды. «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» дегенді ескерсек,ең бастысы дұрыс тамақтану.Күш қуатты да, энергияны да тамақ арқылы алып отырмыз.Бала денсаулығын нығайту үшін сапалы,құнды тамақтанудың маңызы өте зор.

-Оқушыларға тамақ құрамы,маңызды және азық-түлікті дұрыс сақтауда түсіну өте маңызды.Ендеше біздің дәрігерлер әр түрлі ауруларды алдын алу және тамақтану туралы айтып өтсін.

Стомотолог:Қанжал (парадонтоз), тістегі және периодонтит.Қанжал қызылшектің қабынуы,тіс гигиенасын сақтамағанда,суық тигенде болады.Тіс жиегі әсіресе тістің кіреуке қабатының бүлінуі.Пернодастит-тіс түбірінің қабынуы.Мұндайда ауызда жағымсыз иіс сезіледі,қызылшектің асқынған жағдайда жақ сүйек шіруі мүмкін.Онда қан уланып,адамның өліп кетуі де мүмкін.Бұл аурудан сақтану жолы- тіс гигиенасын сақтау.

Терапевт:Бұл ауруды кір қолдың ауруы деп атайды.Қайнатылмаған су ішкенде,жуылмаған жеміс(жегенде),көкөністен,шала піскен ет,ағзаны уландырады.Белгілері:адам жылдам шаршайды,басы ауырып,жүрегі айнып құсады,қаны азаяды.Алдын алу шаралары:жеке бас гигиенасын сақтау,ас ішерде қолды сабындап жуу,ас бөлмені,төсек орынды,киім-кешекті таза ұстап,үнемі жуу.

Онколог:Асқазанның-іштің ауруы,Асқазанында жарасы бар адамдарға рұқсат етілетін тағамдар:нан,сүт,кеспе,қаймақ,сиыр,тауық еттері,бауыр,тіл.

Эндокринолог:Өт қабынуының жедел және созылмалы 2 түрі кездеседі жедел түрінде кенеттен оң жақ қабырғаның асты шаншып,сыздап.аурудың белгісі асқазан тұсынан,оң иық,оң жауырыннан білінеді.Ал созылмалы түрінде бауырдың тұсы сыздап,тіл құрғап, ауызға қышқыл дәм келіп,әлсіздік білінеді,дене қызады және мұнда тамақтану маңызды.

Нарколог:Темекінің асқорыту жүйелеріне тигізетін зияны: темекі тәбетті қайтарады, асқорытудың жолдарын бұзады, тісті сарғайтады,асқазанда жара пайда болады,ерін,тіл, өңеш рагына жол ашады.Асқазанда қышқыл сұйығын арттырады,қабыну мен жараға себеп болады.Арақтың зияны:ауыз ,өңеш рагы,өңеш қабынуы,асқорытудағы қалыпсыздық.

-Сондықтан біз тамақтану гигиенасын ұстануымыз керек және зиянды дағдылардан аулақ болуымыз керек екендігіне көзіміз жеткен сияқты.

-Ел презитенті Н.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында былай деген: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасқанымызға, дұрыс тамақтануымызға.есірткелерді,темекі мен алкольді тұтынуды қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтануымызға бағытталған»

-Ендеше «Ас тұрған жерде,ауру тұрмайды» дұрыс тамақтанып,салауатты өмір сүрейік! «Денсаулық-зор байлық» дегендей дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі нан байлығы.Жақсы пісірілген бір үзім нан адам ақылының аса ұлы туындысы,өнер табысы.

II Көрінісі: (Гүлайым-автор) Түскі ас ішіліп болған соң,Абылай столдағы нанның қиқымы мен қалдығын сыпырып алып,қоқысқа тастамақшы болады.

-Абылай, сен не істегелі жатырсың? Нанның дастарқанға қаншама еңбекпен келетінің түсінген жоқсын ба? Ендеше нан туралы сыныптас достарымыз не айтар екен,тыңдайық.

1. Нан –ардақты асыл ас,

Аттамас оны кәрі –жас.

Ақ дастарқан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

2.Нандай жоқ қай асыл дәм,

Жер үйренген жасымнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан.

Нұрлан: Дастарқан басынан үзілмес асыл дәм,

Ақ тоқаш,ақ қалам,адамның асы-нан.

Ұқ мұны сен, бөбек,нан деген дәм бөлек.

Жерге тық түйірін,түсірмей жеу керек.

Абылай: Ас біткеннің ардақты атасы-нан.

Нан көрінер әр астын арасынан,

Қоқымын да түсірмей қорға оны.

Артың көріп көзіңнің қарасынан.

-Ардақты нан! Ана мінез асыл нан

Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.

Бір күмиеңді мың есе артық дер едім.

Бар дүниенің інжу,гауһар тасынан.

-«Ас атасы-нан» дегенде астын дастарқанға қалай келетінін,оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін мына көрініс арқылы көрейік.

III. Көрініс: (Автор Лаура) Балалар далада ойнап жүр.Қолында нан бар үйден Бекжан шықты. Ол нанын жеп тауыспай лақтыра сап,балалармен ойнауға жүгірді,оны көріп қалған Роза:

  • Бекжан,нанды лақтыруға болмайды!-деді.

  • Біздің үйде нан көп,қаласам басқасын жимін-деді Бекжан.

  • Сен олай деме, сен өзің нанның дастарқанға қалай келетінін білесін бе?

« Нан дастарқанға қалай келеді?»

1.Желкілдеген желменен,жерді егін тербеген.

Өсіреді диқандар. Тамшылаған терменен.

2.Кең жазира теп-тегіс,тербеледі нұрланып.

Толқындаған көк теңіз,егін жатыр ырғалып.

3.Көзді тартып қиырдан,көңілінді ашады,

Күн нұрына табынған,кере қарыс масағы.

4.Комбайыншы ағайым,орады егіс жайқалған,

Атанып жүр әрдайым,еңбек ері

5.Дала бітпей жандары,құлпырапты,түлепті,

Ақ бидайды айдарлы,жапан түзге кім екті?

6.Дихан бабаң ектіде,Еңбектен еш қашпады.

Алдына кеп төкті де,Ақ нанды үйіп тастады.

Роза: Нан болмаса бағыңның кетері бар,

Нанмен ғана өтері бар.

Жолда жатса егерде бір үзім нан,

Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал.

Бекжан: Енді ырысқа бөлеген,

Ән өмірін,ән-өлең.

Ержеткен соң жер жыртып,

Егін салып,дән егем.

-Нан турасындағы қамқорлықтың адам өмірінің барлық құбылыстарынан да жоғары тұрды жайдан жай емес.

-Біз үшін нан-бұл біздің жеріміздегі нағыз күн,дастарқанда мәңгі жылу шашып тұратын ыстық от.

-О,адамдар айтарым бар, нанды баспандар!

Онда қол жетпейтін аспан бар!

Әлі ешкім жазбаған дастан бар,

Өтініп сұраймын,

Ана бол, дана бол, бала бол.

Нанды баспандар!

  • Нанға үлкен жүрекпен қарандар!

Нанды өмір деп санаңдар.

Нан болмаса,қызығың,бақытын!

Құр әуре далбаса...

О,адамдар,кең пейілділер,

Бір дән жолда жатса,

Ұлылықпен еңкейіндер!

-Сонымен, оқушылар,асөадамның арқауы екендігіне көзіміз жеткен сияқты. Бар асты қастерлеп,соны қанағат тұтайық!

-Гүлге су құймаса құлпырып өспейтіні секілді,адам ағзасы да уақтылы және құнарлы тамақтануды қажет етеді.Тамақты күнде бір мезгілде,бір орында ішкен дұрыс.Дұрыс тамақтанған адам 100-120 жыл өмір сүреді екен.

-Егер бізде дұрыс тамақтанатын болсақ,онда денеміз сауығып,есте сақтау қабілетіміз артып,көңіл-күйіміз артады.Денсаулығымыз дұрыс болған соң,жан-жақты білім алып,рухани дүниемізді байытамыз.Мәденитті,білімді,дені сау адам-ең бақытты адам. Ал оның бірде бір кепілі-ас.

-Осымен тәрбие сағаты аяқталды.






Скачать

© 2017, 3890 12

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!